Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін
ҚМГ кемсітушіліктің болмауына кепілдік береді. Барлық қызметкерлер нәсіліне, дініне, жынысына, этникалық тегіне, жыныстық бағдарына және мүгедектіктің болуына қарамастан бірдей қарастырылады.
ҚМГ өз қызметінен адам құқықтарына әлеуетті және іс жүзінде тиетін әсерді үнемі бағалайды және бақылайды. Осы бағалау негізінде оңтайлы стратегиялар әзірленіп, шешімдер қабылданады.
Біздің активтерімізді пайдаланудың тікелей әсеріне ұшыраған адамдар мен құқық иелері (қызметкерлер, өнім жеткізушілер, мердігерлер, жергілікті қоғамдастықтар және кез келген сырт тұлғалар) ҚМГ-ге адам құқықтарына нұқсан келтіре алатын жағдайлар туралы хабарлау мүмкіндігіне ие. Бұл ретте сотқа жүгіну немесе шағымдарды соттан тыс тәртіппен қараудың басқа да тәсілдерін, сондай-ақ адам құқықтарын қорғаушылардың заңды және бейбіт іс-әрекеттерін қолдану мүмкіндігі ешбір жағдайда жоққа шығарылмайды.
ҚМГ бізбен ынтымақтасатын сырт компаниялардың өз қызметкерлеріне, оның ішінде еңбек шартына тиісті бапты енгізу арқылы адам құқықтарына жоғарыда көрсетілген кепілдіктер беруге келісуіне ұмтылады.
Біз балалар еңбегін пайдаланбаймыз.
Біз мәжбүрлі еңбекті мақұлдамаймыз немесе қолданбаймыз.
Біз әрбір қызметкердің қауымдастық бостандығына және ұжымдық шартқа қол қою құқығын мойындаймыз.
Біз өз қызметімізді жүзеге асыратын өңірлерде жергілікті қоғамдастықтардың құқықтары мен қажеттіліктерін құрметтейміз. Біз жергілікті қауымдастықтармен кездесу және шағымдарды қараудың басқа тетіктері арқылы диалог және кез келген мәселелерді шешу үшін әрқашан ашықпыз.
Біз ынтымақтастық процесінде өнім жеткізушілер мен бизнес-серіктестер осы саясаттың рухын ұстанып, ҚМГ-нің барлық халықаралық танылған адам құқықтарын құрметтеуге деген адалдығымен бөліседі деп сенеміз. Олар өз қызметінің нәтижесінде әсер ету қаупі жоғары адам құқықтарына, сондай-ақ ең осал санаттардың, соның ішінде әйелдердің, балалардың және мигранттардың құқықтарына ерекше назар аударады деп үміттенеміз.