Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін
Көшбасшылық
ҚМГ-де еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтау бойынша ҚМГ компаниялар тобы қызметкерлерінің көшбасшылық және бейілділік кодексі қолданылады

Кодекстің мақсаты - еңбек қауіпсіздігі мәдениетін, әрбір қызметкердің оқиғаларға жол бермеуге және еңбек қорғауды, өнеркәсіптік қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметке белсенді қатысуға жеке қызығушылығын арттыру

ҚМГ-дегі барлық деңгейдегі басшылар:

1) менеджмент жүйесінің жұмыс істеуі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау саласында (ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ) нәтижелілікке қол жеткізу үшін барлық қажетті ресурстармен қамтамасыз ете отырып;

2) ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ саласындағы заңнамалық талаптарды, ішкі құжаттарды орындаудың және белгіленген мақсаттарға қол жеткізудің маңыздылығына ұдайы назар аудара отырып;

3) қауіпсіз мінез-құлықты жеке үлгімен көрсетіп, сондай-ақ басқа да қызметкерлерді ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ талаптарын сақтауға тартып және ынталандыра отырып;

4) ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ саласындағы бағдарламалар мен бастамаларды қолдау және көтермелеу жолымен мақсаттарға қол жеткізуде көшбасшылықты көрсетуде қызметкерлерге қолдау көрсете отырып;

5) менеджмент жүйесін үнемі жақсартуға және жетілдіруге жәрдемдесе отырып, көшбасшылық пен адалдықты көрсетеді.


Толығырақ ҚМГ Басқарма төрағасының жеке бейілділігімен сілтеме бойынша танысуға болады