Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін
Халықаралық мұнай және газ өндірушілер қауымдастығы (IOGP)

2018 жылы ҚМГ Халықаралық мұнай және газ өндірушілер қауымдастығының (IOGP) толыққанды мүшесі болды. IOGP әлемнің түкпір-түкпірінен 84 мұнай өндіруші компанияны біріктіреді. Жыл сайын қауымдастық бүкіл әлем бойынша деректерді жинап, келесі бағыттарды жақсартуға ұсыныстар шығарады:

  • Кәсіби қауіпсіздік
  • Экологиялық көрсеткіштер
  • Процесс қауіпсіздігі оқиғалары
  • Денсаулықты басқару
  • Жерүсті көлігінің қауіпсіздігі
  • Авиациялық қауіпсіздік

Инциденттердің алдын алу және оқиғалардың негізгі себептерін талдауға негізделіп, оларды тергеу, компаниялар тобы бойынша оқыту және алынған сабақтар туралы ақпаратты тарату LTIR жарақаттылығының төмендеуіне пайдалы әсер етті. Біз мұнай-газ секторының ұқсас компанияларымен (IOGP) еңбек қорғау мен денсаулық сақтау мәселелерін жақсарту үшін, сондай-ақ жазатайым оқиғалар мен өндірістік инциденттердің көрсеткіштерін төмендету үшін салаларды айқындау мақсатында бенчмаркинг жүргізуді жалғастырамыз.

Vision Zero

2022 жылғы наурызда ҚМГ Vision Zero «Нөлдік жарақаттану» тұжырымдамасын ілгерілету жөніндегі жаһандық бастамаға ресми түрде қосылды. Vision Zero тұжырымдамасын Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығы (ХӘҚҚ) әзірледі және ол еңбек қауіпсіздігі, гигиенасы және қызметкерлердің әл-ауқаты саласындағы басым міндеттерге бейімделуі мүмкін.

Vision Zero-да жеті қағида көзделген:
  • көшбасшы болу – қағидаттарға бейілділік көрсету;
  • қауіптерді анықтау – тәуекелдерді бақылау;
  • мақсаттарды белгілеу – бағдарламаларды әзірлеу;
  • еңбек қауіпсіздігі және гигиенасы жүйесін құру – ұйымның жоғары деңгейіне жету;
  • жұмыс орындарында, станоктармен және жабдықпен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік пен гигиенаны қамтамасыз ету;
  • біліктілікті арттыру – кәсіби дағдыларды дамыту;
  • кадрларға инвестиция салу – қатысу арқылы ынталандыру.