ҚМГ-де мұнайдың төгілуінің негізгі себебі коррозиялық процестердің әсерінен кәсіпшілік мұнай құбырларының жарылуы болып табылады. Компания құбырлардың тұтастығы мен сенімділігін арттыруға бағытталған диагностикалау, қайта жаңарту, ауыстыру, тежеу және тазарту жөніндегі іс-шараларды уақтылы және сапалы орындау жолымен кәсіпшілік мұнай құбырларының істен шығуы мен үзілуі санын азайту жөніндегі жұмысты жалғастыруда.
«ҚазТрансОйл» АҚ құқық қорғау органдарымен өзара тығыз іс-қимыл жасай отырып, компанияның құбырларына қылмыстық заңсыз кірулер енгізу жағдайын өзгертті. Соңғы 2,5 жылда магистральдық құбырларға криминалдық ойып кесу фактілері нөлдік көрсеткішке дейін азайтылды (2019 жылы 2 ойып салу анықталды, залал 3,7 млн. теңгені құрады; 2020 және 2021 жылдары криминалдық ойып кесу фактілері тіркелген жоқ).
Бұл көрсеткіштерге негізінен келесі іс-шараларды орындау арқасында қол жеткізілді:
• мобильді топтардың GPS-жүйелері бойынша жұмыс мониторингін бақылауды күшейту және мобильді топтардың мұнай құбырларын аралау мен тексеруді уақытылы жүзеге асыруы;
• «Optosense» мониторинг жүйесі арқылы мұнай құбырларын қорғау.
Мұнайдың авариялық төгілуін жоюға (МАТЖ) ұдайы дайындық біз үшін сөзсіз басымдық болып табылады.
Мұнайдың авариялық төгілуін жоюға (МАТЖ) ұдайы әзірлік сөзсіз басымдық болып табылады. Теңіз мұнай операцияларын жүргізу кезінде экологиялық қауіпсіздікке жоғары талаптар қойылады: жұмыстардың кез келген түрлері басталғанға дейін фондық экологиялық зерттеулер жүргізіледі және біздің әлеуетті әлеуметтік және экологиялық әсеріміз бағаланады, сондай-ақ операциялар жүргізу кезінде және одан кейін әсер ету мониторингі, эмиссиялар мониторингі және авариялық жағдайлар мониторингі жүзеге асырылады. Жұмыстар аяқталғаннан кейін жойылған ұңғымаларға үздіксіз экологиялық мониторинг жүргізіледі, оған атмосфералық ауаның сапасын, теңіз суының ластануын және су түбі шөгінділерін, биоалуантүрліліктің жай-күйін бақылау, сондай-ақ зертханалық-талдау жұмыстары, жойылған ұңғымалардың сағаларын фото және бейнетүсірілім кіреді.
- Жобалық шешімдерді қатаң сақтау;
- «Нөлдік төгінді» қағидаты - барлық қалдықтар мен ағынды сулар жағаға шығарылады;
- Барлық жүзу құралдарын балық қорғау құрылғыларымен және лас сулардың болмауымен қамтамасыз ету;
- Уылдырық шашу кезеңінде - 1 сәуірден бастап 15 шілдеге дейін өндірістік операцияларды жүргізуге тыйым салу;
- Өндірістік кемелерден балық аулауға тыйым салу;
- Түнгі уақытта ұңғымаларды сынауға және көмірсутек шикізатын жағуға тыйым салу;
- Арнайы пайдалану режимін сақтау.