Каспий теңізінің қазақстандық секторында ҚМГ «Абай», «Исатай», «Жеңіс», «Әл-Фараби» учаскелерінде геологиялық-барлау жұмыстары жүргізілуде. Жер қойнауын пайдалану келісімшарттары мен ынтымақтастық туралы келісімдерге сәйкес ҚМГ-мен тәуекелдерді бөлу мақсатында бұл жұмыстарды серіктестермен (ENI, Лукойл және т.б.) бірлесіп құрылған кәсіпорындар жүргізеді.
2021 жылы «ЛУКОЙЛ» КАҚ-пен бірлесіп «Жеңіс» учаскесінде барлау ұңғымасын бұрғылау үшін дайындық жұмыстары жүргізілді. «Жеңіс» блогы Каспий теңізінің қазақстандық секторында 75-100 м тереңдікте орналасқан, блоктан Ақтау портына дейінгі қашықтық – 180 км, лицензиялық учаскенің ауданы - 6 848 шаршы км. Қол қойылған келісімшартқа сәйкес бір барлау ұңғымасын бұрғылау және 3Д сейсмикалық-барлау жұмыстарын жүргізу негізгі ең төменгі міндеттемелер болып табылады. «Жеңіс Оперейтинг» бірлескен кәсіпорны осы жобаның операторы болып табылады. Каспийдегі жаңа жоба компания үшін айтарлықтай жинақталған құзыреттері бар стратегиялық өңірдегі ресурстық базаны кеңейтудегі маңызды қадам болып табылады. 2022 жылы Жеңіс учаскесінде алғашқы барлау ұңғымасын бұрғылау жоспарланған.
