Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін
Біз мүдделі тараптармен белсенді диалог жүргізу қағидатын басшылыққа ала отырып, өз қызметіміздің ашықтығы мен айқындығының жоғары деңгейін қамтамасыз етуге күш саламыз.

ҚМГ көмірсутектерді барлау мен өндіруден, оларды тасымалдау мен өңдеуден бастап, Қазақстан ішінде де, шетелде де мұнай мен мұнай өнімдерін өткізгенге дейін толық өндірістік циклді жүзеге асырады және мұнай-газ секторында мемлекеттің мүддесін білдіреді. Бізде біздің қызметіміз оларға ықпал ететін және өз кезегінде олар біздің табысымызға ықпал етуі мүмкін мүдделі тараптардың кең ауқымы бар. Біз мүдделі тараптың жеке тұлға немесе ірі ұйым болып табылатындығына қарамастан олардың хабардар болуын қолдауға тырысамыз.

ҚМГ мүдделі тараптармен диалогты және ұзақ мерзімді ынтымақтастықты жолға қою және қарым-қатынасты басқару бойынша шараларды тұрақты негізде қабылдайды.


ҚМГ мүдделі тараптарды айқындау және олармен өзара іс-қимыл кезінде AA1000SES Stakeholder Engagement Standard сияқты халықаралық стандарттарды қоса алғанда, мүдделі тараптармен өзара іс-қимылдың озық тәжірибесін қолданады.

ҚМГ-де тәуелділікті (тікелей немесе жанама), міндеттемелерді, жағдайды (жоғары тәуекел аймақтарына ерекше назар аудара отырып), әсерді, әртүрлі (алуан түрлі) перспективаларды ескере отырып, тәуекелдер мен саралауды есепке ала отырып жасалған Мүдделі тараптардың картасы бекітілді. Біздің мүдделі тараптарымыздың әр түрлі сипатын ескере отырып, кездесулер, семинарлар, форумдар, тікелей пікірталастар, бірлескен кәсіпорындар мен фокус-топтар өткізу арқылы олардың әрқайсысымен тұрақты өзара іс-қимылдың бірқатар тетіктері бар.

Тұрақты даму саласындағы іс-шаралар мен бастамалар, сондай-ақ олар бойынша өзара әрекеттестік мәселелері бойынша пікірлер мен түсініктерді келесі мекенжайға жіберуге болады: sustainability@kmg.kz