Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚазМұнайГаз және Yokogawa Electric Corporation МӨЗ-ын декарбонизациялау және автоматтандыру саласында ынтымақтастықты нығайтты

15.01.2024

Астанадағы ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев пен Жапонияның экономика, сауда және өнеркәсіп министрі Кэнь Саитоның кездесуі аясында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен Yokogawa Electric Corporation арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Құжатқа ҚМГ Басқарма төрағасының орынбасары Дмитрий Макеев және «Йокогава Электрик Қазақстан» ЖШС бас директоры Цутому Мурата қол қойды.

Меморандум Yokogawa Electric Corporation және оның еншілес компаниясы KBC Advanced Technologies технологиясын қолдана отырып, Жапония Үкіметінің декарбонизация саласындағы қаржыландыру тетіктерін талдау және іске асыру бойынша тараптардың ынтымақтастығын дамытудағы мүмкіндіктерді айқындайды. Сондай-ақ, компаниялар ҚМГ кәсіпорындарындағы қызметкерлерді оқыту және мұнай өңдеу зауыттарын автоматтандыру бойынша озық шешімдерді қолдану бағыттарында өзара іс-қимыл жасауға уағдаласты.

Жалпы, меморандумға қол қою Қазақстан мен Жапония арасындағы ұзақ мерзімді өзара тиімді әріптестікті нығайтуға бағытталған. Құжат өндіру және өңдеу салаларына, әсіресе операциялық тиімділік және парниктік газдар шығарындыларын азайтуға оң әсер етеді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>