Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

М.Мырзағалиев DeGolyer and MacNaughton басшылығымен келіссөз жүргізді

22.09.2023

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев DeGolyer and MacNaughton бас директоры Джон Уоллеспен және бас директордың техникалық мәселелер жөніндегі орынбасары Энди Хааспен кездесті.

Тараптар жыл сайын ҚМГ-нің көмірсутек қорына SPE-PRMS халықаралық стандартына сай жүргізілетін тәуелсіз аудит бойынша ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Соңғы жылдардағы бағалау нәтижелері қор көлемінің ұлғайғанын және ҚМГ кен орындарында мұнай мен конденсат өндіру көлемі бір деңгейде сақталғанын көрсетеді.

Одан бөлек, DeGolyer and MacNaughton және ҚМГ компанияның сарқылған кен орындарындағы қорларды ұлғайту мүмкіндігін талдау мен анықтау саласында бірлесе жұмыс істейді.

Компания басшылары 2024 жылға арналған ортақ жоспарларға да тоқталып өтті. «ҚМГ мен D&M арасындағы ынтымақтастық – оң тәжірибе көрінісі. Алдағы жылдары біз қорларды толықтыру және ҚМГ кен орындарында өндіру тиімділігін арттыру жолында бірлесе жұмыс істейміз», - деп атап өтті М.Мырзағалиев.

Анықтама:

DeGolyer and MacNaughton – мұнай-газ саласында қызмет көрсететін жетекші тәуелсіз консалтингтік фирма. Ұсынатын қызметтері қатарына ресурстарды бағалау, қорлар бойынша кеңес беру, дамуды модельдеу, геологиялық және петрофизикалық деректерді талдау, дамуды жоспарлау, қаржылық есепті дайындауға көмектесу және жаңа көмірсутек кеніштерінің табылуы бойынша қаржылық болжамдар кіреді. Компанияның бүкіл әлем бойынша кеңселері бар, онда 180-нен астам мұнай мамандары, соның ішінде, инженерлер, геологтар, геофизиктер және 30-дан астам тілде сөйлейтін экономистер жұмыс істейді.

SPE-PRMS (Petroleum Resources Management System) – көмірсутек қорларын бағалаудың халықаралық жүйесі. Жүйе мұнай мен газды анықтау мүмкіндігін, оған қоса игерудің экономикалық тиімділігін есептейді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>