Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Қазақстанда көмірсутектерді өндіруге арналған алғашқы жақсартылған модельдік келісімшартқа қол қойылды

06.02.2023

«ҚазМұнайГаз» «Қаламқас теңіз, Хазар, Әуезов» жер қойнауы учаскелеріне жер қойнауын пайдалану құқығын алды

Бәсекеге қабілеттілікті арттыру және күрделі жобаларды игеруге қосымша инвестициялар тарту үшін жағдайлар жасау мақсатында 2023 жылғы 10 қаңтарда жаңа тетік – жақсартылған модельдік келісімшартты (ЖМК) енгізуді көздейтін заң қолданысқа енгізілді.

Бұған дейін атап өтілгендей, ЖМК бойынша жұмысқа Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін ірі әлемдік мұнай-газ компанияларының, «Қазақстандық Шетелдік инвесторлар кеңесі» қауымдастығының және «KAZENERGY» мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қазақстандық қауымдастығының өкілдері тартылды.

Бизнес пен мемлекеттің бірлескен диалогы мемлекет пен инвестордың мүдделері арасындағы теңгерімді тәсілді әзірлеуге, күрделі жобалардың нақты критерийлерін, сондай-ақ реттеуші және фискалдық преференциялардың уақытша пакетін айқындауға мүмкіндік берді.

Жоғарыда көрсетілген заң шығару қызметінің практикалық нәтижесі 2023 жылғы 24 қаңтарда ҚР Энергетика министрлігі мен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ арасында Каспий теңізінің қазақстандық секторында орналасқан «Қаламқас теңіз, Хазар, Әуезов» жер қойнауы учаскелеріне жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша тікелей келіссөз жүргізу болды (күрделі теңіз жобасы).

Көмірсутек саласындағы ұлттық компанияның стратегиялық әріптесі ретінде әлемдегі ең ірі вертикалды интеграцияланған жария мұнай-газ компанияларының бірі – «Лукойл» компаниясы таңдалды.

2023 жылғы 6 ақпанда күрделі жобалар бойынша көмірсутектерді өндіруге арналған Үлгілік келісімшарт талаптарында жасалатын көмірсутек шикізатын өндіруге арналған алғашқы келісімшартқа қол қойылды*.

*Ескерту: күрделі жобалар бойынша көмірсутектерді өндіруге арналған үлгілік келісімшарт Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 2023 жылғы 24 қаңтардағы № 29 бұйрығымен бекітілген және «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде қолжетімді.

Бұл жобаны іске асыру 32 млн АҚШ доллары көлемінде қол қою бонусын төлеуді, 6 млрд АҚШ долларынан астам сомада тікелей инвестициялар тартуды және жобаны әзірлеудің бастапқы кезеңінде шамамен 2,0 мың жаңа жұмыс орнын ашуды көздейді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>