Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ-нің сатып алу және тендер өткізу ережелері мен қағидалары туралы

25.04.2023

ҚМГ мен оның еншілес және тәуелді ұйымдарының (ЕТҰ) тауар мен қызмет сатып алу рәсімі «Самұрық-Қазына» АҚ (Қор) сатып алуды жүзеге асыру тәртібімен реттеледі. Құжат ҚР 2021 жылдың 8 маусымында №47-VII «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы» Заңына сәйкес қабылданған.

Сатып алу қаражатты тиімді жұмсау, сатып алу процесінің ашықтығы мен әділ бәсекелестік, сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу қағидаларына негізделген. Контрагенттерді таңдауда компания келесі факторларды басшылыққа алады: ең тиімді баға, сапа мен шарт, контрагенттің іскерлік беделі. Контрагенттерге заңнаманы сақтау, қызметкерлерге әділ қарау, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау бойынша талаптар қойылады. Бұл шарттар ҚМГ-нің контрагенттермен жасасатын келісімшарттарының талаптарына енгізілген.

Еншілес және тәуелді ұйымдар сатып алуды орталықтан тыс, «Электронды сатып алу ақпараттық жүйесінде» (ЭСАЖ) өз бетінше өткізеді. Сатып алу туралы ақпаратқа кез келген мүдделі тарап еркін қол жеткізе алады. Жүйенің операторы — «Самұрық-Қазына Келісімшарт» ЖШС. ЭСАЖ сатып алу циклінің процедураларын автоматтандырып, стандарттады, процесті ашық етті, адам факторын төмендетті. Жүйеде сатып алу нәтижелеріне шағымдануды қоса алғанда, тиімді ішкі бақылау бар.

Мәселен, болашақ қызмет көрсетушілер Қордың (сатып алуды бақылау жөніндегі уәкілетті органның) атына ҚМГ ұйымдарының сатып алу рәсімдеріне қарсылық білдіріп, 1597 өтініш жолдады, оның 1509-ы бойынша дәлелдер расталмады (95%). Шағымды қарау кезінде тапсырыс берушілердің сатып алу рәсімдері бұғатталатынын және заң бұзушылық расталған жағдайда сатып алу нәтижелері жойылып, қайта қаралатынын ескерген жөн. Мұндай алгоритм ҚМГ ұйымдарының жасасқан барлық келісімшарты Қордың сатып алу тәртібіне толық сәйкес болуына кепілдік береді. Ал заң бұзушылықтар анықталған жағдайда жауапты тұлғалар (басшыларға дейін) тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Бұл ретте Қордың барлық портфельдік компанияларының ішінде ҚМГ-нің расталған заң бұзушылықтар үлесі ең төмен екенін атап өткен жөн, бұл өткізілетін сатып алу рәсімдерінің жоғары сапасын көрсетеді.

Қолданылатын бұл тәсілдер ЮНСИТРАЛ (Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық сауда құқығы жөніндегі комиссиясы) әзірлеген және ұсынған «Жария сатып алу туралы» үлгілік заңға (2011) негізделген. ҚМГ жүйесінде іске асырылған бұл қағидаттар электронды сатып алу арқылы сатып алу жүйесінің ашықтығын, барлығына тең мүмкіндіктерді, оның ішінде тендер нәтижесіне қарсылық білдіру арқылы, сондай-ақ елдегі шағын және орта бизнес үшін қолайлы мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді. Осылайша, озық халықаралық стандарттар мен тәжірибелер негізінде жүйеде ашықтық пен тиімділік сақталады.

Статистикаға жүгінсек, 2022 жылы ҚМГ компаниялар тобы бойынша сатып алудың жалпы көлемі 1 трлн теңгеден асты (ұзақ мерзімді келісімшарттарды есепке алмағанда).

ҚМГ сатып алу қызметінің маңызды аспектілерінің бірі — бір көзден сатып алуды азайтып, сатып алу кезінде бәсекелестікті арттыру. Соңғы үш жыл ішінде бәсекелес сатып алу үлесі өсіп, бұл көрсеткіш 2022 жылы 49%-ға жетті (2021 жылғы 42%-бен салыстырғанда). Бұл ҚМГ-нің әділ бәсеке орнатып, тұрақты даму мақсаттарын орындауға деген ұмтылысын көрсетеді.

Сатып алу қызметін жетілдіру — ҚМГ үшін басым міндеттердің бірі. Бұған қол жеткізуге мүмкіндік беретін құралдардың бірі — сауалнама және аудит арқылы болашақ қызмет көрсетушілерге біліктілігі бойынша алдын ала іріктеу (БАІ) жүргізу механизмін қолдану. Бұл іріктеудің негізгі қағидаттары — ашықтық, тең бәсеке және іріктеуден тегін өту. Қордың біліктілік бойынша алдын ала іріктеу мәселелері жөніндегі комиссиясы ҚМГ-нің еншілес және тәуелді ұйымдары үшін ашық тендер тәсілімен іріктеуден өткен болашақ қызмет көрсетушілер арасында сатып алу рәсімін өткізу үшін тауарлар мен қызметтердің 24 санатын бекітті. Сатып алуды санат бойынша басқару (ССБ) — шығындарды төмендетудің кешенді тәсілін әзірлеу процесі.

Жоғарыда аталған сатып алу стандарттары, ережелері, тәжірибесі мен технологиялары халықаралық тәжірибеге сәйкес, ұзақ мерзімді перспективада табысты барынша арттыруды көздей отырып, ҚМГ компаниялар тобында тендерді ашық және тиімді өткізуге мүмкіндік береді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>