ҚазМұнайГаз тобында тәуекелдерді басқару жүйесі жетілдірілуде: әдіснама мен цифрландыру
17.08.2026
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау қызметі жаңартылған әдіснамалық тәсілдерді енгізу бағытында еншілес және тәуелді ұйым (ЕТҰ) қызметкерлері үшін 4 іс-шара өткізді. Оған ҚМГ өз қызметін жүргізетін өңірлердегі, сондай-ақ шетелдік KMG International N.V. активіндегі 34 компаниядан келген 62 менеджер қатысты.
Кезекті семинар Маңғыстау және Атырау облыстарында орналасқан ЕТҰ қызметкерлері үшін Ақтауда ұйымдастырылды. Жиында Тәуекелдерді басқару жүйесі жөніндегі саясаттың жаңа редакцияларындағы негізгі өзгерістер, сондай-ақ ҚМГ тобы бойынша тәуекелдерді басқару процесін ұйымдастыруға арналған нұсқаулық таныстырылды. Бұл құжаттар ҚМГ-ның компаниялар тобында тәуекелдерді басқарудың бірыңғай әрі стандартталған тәсілін қалыптастыруға бағытталған.
Реактивті тәуекелдерді басқару моделінен проактивті модельге көшуге, тәуекелге бейімділік деңгейін басқарудың негізгі құралы ретінде енгізуге, тәуекелдерді бағалау және тіркеу әдіснамасын біріздендіруге, есептілікті оңтайландыруға және негізгі көрсеткіштері бойынша жиынтық панельдерге көшуге ерекше назар аударылды. Сондай-ақ кредиттік тәуекелдерді басқару тәсілдеріндегі өзгерістер қарастырылды.
Іс-шара кезінде тәуекелдерді басқару процестерін цифрландыр мәселесі жеке талқылау тақырыбына айналды. Қатысушыларға корпоративтік жүйелермен интеграциялау негізінде қаржылық және операциялық тәуекелдерді автоматты мониторингтеу мүмкіндіктері таныстырылды. Сонымен қатар сценарийлерді болжау және басқарушылық шешімдердің сапасын арттыру үшін талдамалық модельдер мен жасанды интеллект (ЖИ) құралдарын қолдану перспективалары сөз болды. Бұдан бөлек, қатысушылар COSO-ның генеративті жасанды интеллектіге ішкі бақылау жүргізу жөніндегі 2026 жылғы нұсқаулығының негізгі ережелерімен танысты.
Тәуекел-менеджерлер үшін бизнес-процестерде, оның ішінде сатып алу саласында анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі ұсынымдарды талқылауға арналған дөңгелек үстел отырысы өткізілді. Өз кезігінде қатысушылар мұндай іс-шаралардың тәжірибе алмасу және өзекті мәселелерді бірлесіп шешу бағыттарында практикалық маңызға ие екенін атап өтті.