Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Жаңаөзен мен іргелес жатқан ауылдардағы ауызсу мәселесі Кендірлі зауыты іске қосылғаннан кейін толықтай шешімін тапты

17.08.2026

Жаңаөзен мен оған жақын орналасқан елді мекендерді ауызсумен үздіксіз қамту – бұл ұзақ жылдар бойы шешімін күткен түйткілді мәселелердің бірі болды. Бұдан бұрын өңір тұрғындары суды белгілі бір кестемен ғана тұтынатын. Сұраныс көлемі күрт артқан кезде тіршілік нәрі кейбір ауылдарға тәулігіне небәрі 3 сағатқа, ал Жаңаөзенде кідіріспен 9 сағатқа ғана берілетін.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша салынған Кендірлі теңіз суын тұщыту зауыты іске қосылғалы бері бұл мәселе өз шешімін тауып, жергілікті халық сапалы ауызсумен толық қамтамасыз етілді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы жүзеге асырған Кендірлі жобасы тәулігіне 50 мың текше метр ауызсу өндіруге қауқарлы. Зауыт Жаңаөзен қаласы мен оған көршілес ауылдардағы160 мыңға жуық адамды сумен қамтамасыз ету үшін арнайы салынған.

Сумен қамту жүйесіндегі оң өзгерістерді Маңғыстау облысының тұрғындары да өз ойларын бөлісті. Олардың пікірлері жобаның әлеуметтік маңызы зор екенін және ірі инфрақұрылымдық нысандардың халықтың тыныс-тіршілігіне ерекше әсер ететінін айқын көрсетуде.

Бүгінде тұтынушыларға жетіп жатқан тіршілік нәрінің әр тамшысы – тәулік бойы тоқтаусыз жүретін күрделі өндірістік процестің нәтижесі. Теңіз суы ішуге жарамды болғанша бірнеше сатылы тазарту мен өңдеу кезеңдерінен өтеді.

Су зауытқа тікелей Каспий теңізінен келіп түседі. Оны алу үшін теңіз бетінен 10-11 метр тереңдікте әрқайсының ұзындығы шамамен 730 метр болатын екі арнайы құбыр төселген.

Бірінші кезеңде теңіз суының құрамы органикалық заттардан, қалқыған бөлшектерден және басқа да қоспалардан тазартылады. Сол себепті су алдымен флотациялық жабдық, өзін-өзі тазартатын сүзгілер мен ультрафильтрация жүйесі арқылы өтеді.

Содан кейін басты технология – кері осмос жүйесі іске қосылады. Алдын ала дайындықтан өткен теңіз суы жоғары қысыммен арнайы мембраналарға түседі. Олар су молекулаларын өткізеді, бірақ еріген тұз бен басқа қоспаларды ұстап қалады. Нәтижесінде екі ағын түзіледі — бірі таза су, екінші концентрацияланған тұз ерітіндісі. Тұз ерітіндісін теңізге қайтару үшін диаметрі 800 мм, ұзындығы 817 м болатын бөлек екі құбыр көзделген.

Кері осмос жүйесі өнімділігі тәулігіне 12,5 мың текше метр болатын төрт қондырғыдан тұрады. Энергия шығынын азайту үшін ағын энергиясының бір бөлігін жүйеге қайтаруға мүмкіндік беретін арнайы рекуператорлар қолданылатынын атап өткен жөн.

Мембраналардан өткен су тұздардан толық тазартылады, сондықтан оның құрамын ауызсу параметрлеріне жеткізу үшін ол минералдармен байытылады. Кәсіпорында суды тазарту мен дайындаудың түрлі кезеңінде қолданылатын химиялық реагенттердің 12 түрі пайдаланылады.

Сонымен қатар зауыт жанындағы сынақ зертханасының мамандары әр төрт сағат сайын су сынамасын алып, толық талдауын жасайды.

Әбден тазартылған, тұщытылған әрі минералға толтырылған дайын ауызсу тұтынушыларға жіберіледі. Оны тасымалдау үшін жалпы ұзындығы 201,4 шақырым магистралды су құбыры салынды – әрқайсының ұзындығы 100,7 шақырым болатын екі желі.

Суды тазарту процесінде пайда болатын қалдықтар жиналады және оны шығару, кәдеге жарату мен қайта өңдеу үшін арнайы компанияға беріледі.

Зауыттың негізгі технологиялық жабдықтары Германия, Австрия, Жапония, Ресей және Қытайда жасалған. Жарты жылда бір рет мембраналардың химиялық тазартуы жүргізіледі (жуылады), сондай-ақ сүзгі картридждері ауыстырылады.

Қыста кәсіпорынның жұмысына ерекше назар аударылады. Зауыттағы барлық өндірістік аймақты дәстүрлі жылытудың орнына жекелеген орындарға ғана жылу беру принципі қолданылады. Бұл мақсатта газбен жұмыс істейтін 26 инфрақызыл жылытқыш орнатылған. Олар барлық ғимаратты жылытуға энергия көзін жұмсамай, қызметкерлер мен жабдықтар орналасқан аймақтарды ғана жылумен қамтамасыз етеді. Технологиялық ыдыстар үшін де жылыту жүйесі қарастырылған, бұл төмен температурада олардың ішіндегі заттардың қатуына жол бермейді.

Кендірлі зауытының тағы бір ерекшелігі – мұнда электр көлігі пайдаланылады. Кәсіпорын аумағында, соның ішінде технологиялық нысандарды аралау және оларға қызмет көрсету үшін электр тиегіштер мен жинау машиналары жүреді. Электр көлігін пайдалану жанармайды үнемдеп, ауаға зиянды заттарыдың шығарылуын азайтуға мүмкіндік береді.

Зауытта сондай-ақ өзінің өрт сөндіру депосы жұмыс істейді және тәулік бойы бақылау ұйымдастырылған. Өрттен қорғау жүйесі әрқайсысында 300 текше метр су бар екі резервуар мен 27 өрт гидрантынан тұрады. Өртке қарсы оқу-жаттығу айына бір рет өткізіледі.

Барлық технологиялық цикл 2025 жылғы шілде айында іске қосылды. Алғашқы су Жаңаөзен су тарату торабына тамызда берілді, ал 2025 жылдың қазан айында зауытты пайдалануға беру актісіне қол қойылды.

Бүгінде кәсіпорында 126 адам еңбек етеді. Атап айтқанда, зауыттың өз персоналының 88 адамы және асхана, өрт сөндіру, медициналық көмек пен қауіпсіздік қызметтерін көрсететін мердігер ұйымдардың 38 маманы бар.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>