Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» бен SOCAR компаниясы мұнай транзитіне қатысты меморандумға қол қойды

22.06.2023

2023 жылы 22 маусымда Баку қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) және Әзербайжан Республикасының мемлекеттік мұнай компаниясы (SOCAR) Қазақстан мұнайын Әзербайжан аумағы арқылы тасымалдауға қатысты стратегиялық ынтымақтастық орнату туралы меморандумға қол қойды.

Құжатта өзара тиімді ұзақ мерзімді ынтымақтастық негізінде Әзербайжан аумағы арқылы тасымалданатын Қазақстан мұнайының көлемін арттыру мәселесі қамтылды.

Меморандумға ҚМГ Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев және SOCAR компаниясының Президенті Ровшан Наджаф қол қойды.

Меморандум Баку – Тбилиси – Джейхан (БТД) құбыры арқылы Қазақстан мұнайын тасымалдау қуатын арттыруға бағытталған өзара тиімді ынтымақтастықтың ортақ талаптары мен қағидаттарын айқындайды.

«ҚазМұнайГаз бен SOCAR компаниялары арасында бірлесе жұмыс істеген соңғы жылдары берік әрі сенімді байланыс орнады. Қос тарап бірігіп, Қазақстан үшін маңызды мұнай-газ жобаларын іске асыруда. Бүгін қол қойған меморандум екі қомпания арасындағы серіктестіктің нығаюының тағы бір айғағы бола алады. Бұл қадам Қазақстан мұнайын әлем нарығына шығару бағытында ынтымақтастықты ілгерілетуді көздейді», — деп атап өтті ҚМГ басшысы Мағзұм Мырзағалиев.

Еске сала кетсек, 2022 жылы ҚМГ мен SOCAR Ақтау – Баку – Джейхан бағыты бойынша жылына 1,5 млн тонна мұнай транзиті туралы бесжылдық келісімге қол қойған болатын.

Анықтама:

Әзербайжан Мемлекеттік мұнай компаниясы (State Oil Company of Azerbaijan Republic — SOCAR) өз жұмысын 1992 жылы бастаған Әзербайжанның вертикалды интеграцияланған мұнай-газ корпорациясы. Компания мемлекет капиталы негізінде құрылған. Орталық кеңсесі Баку қаласында орналасқан.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ (ҚМГ) – Қазақстанның вертикалды интеграцияланған жетекші мұнай-газ компаниясы. ҚМГ көмірсутектерді барлау мен өндіруден бастап тасымалдауға, өңдеуге және мамандандырылған қызметтер көрсетуге дейінгі бүкіл өндірістік цикл бойынша активтерді басқарады. 2002 жылы құрылған Компания еліміздің мұнай-газ саласында Қазақстанның мүддесін қорғайды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>