Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Силлено құрылыс алаңына жобадағы ең ірі бағана жеткізілді

29.07.2026

«Силлено» ЖШС («Силлено», «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес кәсіпорны) жобасы — полиэтилен өндіруге арналған елдегі тұңғыш интеграцияланған газ-химия кешенін құруға бағытталған ҚР мұнай-газ химиясы саласындағы ауқымды бастама.

Болашақ полиэтилен зауытының құрылыс алаңына жобадағы ең ірі вертикальды жабдық – фракциялау бағанасы жеткізілді. Бұл – кешеннің монтаж алаңына жеткізілген алғашқы ірі габаритті техника. Бағана «АтырауНефтеМаш» зауытында жасалды.

Бағананың техникалық сипаттамалары:

  • биіктігі – 101,8 метр (30 қабатты тұрғын үйден де биік);
  • диаметрі – 7,5 метр;
  • салмағы – шамамен 1 500 тонна.

Бұл жабдық – пиролиз қондырғысының негізгі элементі. Дәл осы жабдықта полиэтилен өндіруге қажетті негізгі шикізат – этиленді бөлу процесі жүреді.

Жүк Атырау қаласындағы өндіруші кәсіпорыннан «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағында орналасқан құрылыс алаңына дейін жол жүрді. Тасымалдау үшін өздігінен жүретін модульдік транспортер пайдаланылды. Ол жүктемені біркелкі бөліп, бір өске түсетін салмақтың 10 тоннадан аспауын қамтамасыз етеді. Бұл жол жабынының бүлінуіне жол бермейді. Тасымалдау қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында күндізгі уақытта сағатына шамамен 2-4 шақырым жылдамдықпен жүзеге асырылды.

Ірі габаритті жабдықты жеткізу – бұл тек логистикалық кезең ғана емес, сонымен қатар белсенді монтаж жұмыстарының басталуына қажетті техникалық базаны қалыптастырудағы маңызды қадам.

Жалпы, осындай ауқымды әрі техникалық тұрғыдан күрделі жабдықтың қазақстандық кәсіпорында дайындалуы – жергілікті қамтуды дамытудағы маңызды қадам. Бұл жоба отандық өндірушілердің инженерлік және өндірістік әлеуетінің артып келе жатқанын көрсетіп, өнеркәсіптің дамуына жаңа мүмкіндіктер ашып, еліміздің мұнай-газ химиясы саласындағы ірі жобаларды іске асыруға қазақстандық компаниялардың қатысу үлесін арттырады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>