Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» компаниялар тобының қызметкерлері сенбілікке шықты

29.04.2023

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) компаниялар тобының еншілес және тәуелді кәсіпорындарының (ЕТҰ) қызметкерлері 2023 жылы 29 сәуірде экологиялық сенбіліктерге шықты.

Астанада ҚМГ бас кеңсесінің 100-ден астам қызметкері Қосшы қаласына баратын жол бойындағы учаскелерді тазалады. Ал «ҚазТрансОйл» АҚ (ҚТО) орталық құрылымдарының 200-ден астам қызметкері 31-ші көшені Мәңгілік ел даңғылынан Сауран көшесіне дейін тазалаумен айналысты.

Маңғыстау, Қызылорда, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Павлодар облыстары және Шымкент қаласындағы кәсіпорындардың қызметкерлері де бұл науқаннан шет қалмай, өз өңірлерінде сенбілікке шығып, қала тазалығына үлес қосты.

Мәселен, «ПҚОП» ЖШС (Шымкент мұнай өңдеу зауыты) қызметкерлері Қошқар ата өзенінің сағасын, сондай-ақ зауыттың санитарлық-қорғау аймағын тазартты.

«ПМХЗ» ЖШС (Павлодар мұнай өңдеу зауыты) қызметкерлері сенбіліктерді 7 және 28 сәуірде өткізді. Зауыт және аутсорсинг компаниялардың мамандары Солтүстік өнеркәсіптік аймақтың 90 гектар аумағын қоқыстан тазартты. Сеніп тапсырылған аумақты абаттандыруға барлығы 214 адам қатысты.

Қызылорда облысындағы «Қазгермұнай» БК» ЖШС ұжымы Қызылорда қаласының әуежайына апаратын басты тас жолға іргелес жатқан аумақты қоқыстан тазартты. Акцияға компанияның бас басқармасының 60 қызметкері қатысты.

Ал «Өзенмұнайгаз» АҚ (ӨМГ) қызметкерлері өткен апта бойы Жаңаөзен қаласы, Өзен, Қарамандыбас кен орындары және «Бекет-Ата», «Шопан-Ата», «Қызылсу», «Теңге» тарихи ескерткіш орындарында сенбілік өткізіп, аумақта тазалық жұмыстарын жүргізді.

8-29 сәуір аралығында ӨМГ ұжымы Жаңаөзен қаласына іргелес жатқан Қызылсай, Теңге, Кендірлі, Рахат ауылдарында сенбіліктер өткізді, кәсіпорын сондай-ақ басқа ұйымдардың ұжымдарына тазалық жұмыстарына көмекке арнайы техника берді. ӨМГ іс-шараларына 150 адам және 20-ға жуық техника жұмылдырылды.

ҚМГ компаниялар тобы бойынша сенбілікке барлығы 4,5 мыңға жуық қызметкер шықты.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>