Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының 2023 жылдың тоғыз айындағы өндірістік нәтижелері

27.10.2023

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ (ҚМГ, Компания) — Қазақстанның ұлттық мұнай-газ компаниясы — 2023 жылдың тоғыз айыдағы өндірістік нәтижелерді жариялайды.

2022 жылдың тоғыз айымен салыстырғанда 2023 жылдың тоғыз айындағы басты өндірістік көрсеткіштер:

  • Мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 9,0%-ға өсіп, 17 508 мың тоннаға жетті;
  • Мұнай тасымалдау көлемі 7,8%-ға артып, 59 371 мың тонна болды;
  • Қазақстандық және румын мұнай өңдеу зауыттарында көмірсутек шикізатын (КСШ) өңдеу көлемі 14 896 мың тоннамен салыстырғанда 14 901 мың тоннаны құрады.
  9А 2023 (ҚМГ үлесіне) 9А 2022 (ҚМГ үлесіне) %
Мұнай өндіру, мың тонна 17 508 16 061 +9,0%
Газ өндіру, млн м³ 7 008 5 942 +17,9%
Мұнай тасымалдау, мың тонна 59 371 55 085 +7,8%
Мұнай өңдеу, мың тонна 14 901 14 896 +0,03%

Өндірістік көрсеткіштер егер өзгеше көрсетілмесе, бірлескен және қауымдасқан компаниялардағы ҚМГ-нің иелену үлесіне сәйкес шоғырландырылған еншілес ұйымдар үшін көрсеткіштердің 100%-ы көрсетілген.

Көмірсутек шикізатын өндіру

2023 жылдың тоғыз айында ҚМГ-нің мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі 9,0%-ға ұлғайып, 17 508 мың тонна мұнайға (тәулігіне 483 мың баррель) жетті. Ілеспе және табиғи газ өндіру көлемі (кері айдау көлеміне дейін) 17,9%-ға 7 008 млн м³ дейін ұлғайды.

Мұнай мен конденсат өндіру, мың тонна 9А 2023  (ҚМГ үлесіне) 9А 2022  (ҚМГ үлесіне) %
Өзенмұнайгаз 3 625 3 805 -4,7%
Маңғыстаумұнайгаз 2 295 2 258 +1,7%
Ембімұнайгаз 2 011 1 921 +4,7%
Теңіз 4 339 4 302 +0,9%
Қашаған1 2 301 734 +213,4%
Қарашығанақ 805 768 +4,8%
Өзгелері 2 132 2 273 -6,2%
Жиыны 17 508 16 061 +9,0%

1 Жобадағы ҚМГ үлесі 2022 жылғы 15 қыркүйектен кейін 16,88% жетті. 

Теңіз кен орнында ҚМГ үлесіне тиесілі мұнай өндіру былтырғы ұқсас кезеңіндегі өндіру көлемімен салыстырғанда 0,9%-ға ұлғайып, 4 339 мың тонна (тәулігіне 127 мың баррель) болды. Көрсеткіштің өсуіне екінші буын зауыты мен технологиялық желілер кешенінің үздіксіз жұмысы әсер етті . Ілеспе газ өндіру 0,2%-ға артып, 2 399 млн м3 жетті.

Қашағанда ҚМГ үлесіне тиесілі мұнай және газ өндіру 213,4% және тиісінше 222,0%-ға артып, 2 301 мың тонна (тәулігіне 67 мың баррель) және тиісінше 1 452 млн м³ болды. Қашағандағы өндірістің өсуіне былтыр қыркүйекте «Самұрық-Қазына» АҚ-тан «ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК 50% үлесін кері сатып алу жөніндегі мәміленің аяқталуы нәтижесінде жобада ҚМГ үлесінің 8,44%-дан 16,88%-ға дейін ұлғаюы, сондай-ақ 2022 жылғы маусымда теңіз және жерүсті кешендеріне жоспарлы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ былтыр тамыз бен қыркүйек айларында шикі газды айдайтын жаңартылған 2 компрессорының іске қосылуы себеп болды.

Қарашығанақта ҚМГ үлесіне тиесілі мұнай мен конденсат өндіру көрсеткіші 4,8%-ға ұлғайып, 805 мың тоннаға (тәулігіне 23 мың баррель) жетті. Газ өндіру көлемі 10,8%-ға артып, 1 638 млн м³ құрады. Өндіру көлемінің өсуіне Орынбор газ өңдеу зауыты тарапынан шикі газды қабылдау мүмкіндігінің артуы оң әсер етті.

Операциялық активтерде мұнай мен конденсат өндіру көлемі 1,9%-ға, 10 063 мың тоннаға (тәулігіне 267 мың баррель) азайды. Өндіру көлемінің негізгі төмендеуі биылғы шілде-қыркүйек аралығында Маңғыстау атом энергия комбинаты (МАЭК) тарапынан электр энергиясын апаттық жағдайда өшіру және электр қуатының шектелуі салдарынан Өзенмұнайгазға тиесілі. Сонымен қатар, өндірудің табиғи төмендеуі нәтижесінде ескі кен орындарында өндірудің төмендеуі байқалып отыр. Бұл ретте Ембімұнайгазда мұнай өндіру  ескі кен орындарында табысты жүргізілген геологиялық-технологиялық іс-шаралардың нәтижесінде және С. Нұржанов пен Уаз Солтүстік кен орнының Шығыс қанатында игеру жұмыстарын бастау себебінен ұлғайды. Сондай-ақ, Маңғыстаумұнайгазда өндіру көлемі қабаттардың мұнай өндірісін арттыруға бағытталған әдістерін уақытынан бұрын енгізу есебінен өсіп отыр. Операциялық активтерде газ өндіру көлемі 6,2%-ға 1 518 млн м³ дейін азайды. Оған Қазақтүрікмұнайда ұңғымалар мен газ қабылдау тораптары арасындағы желінің өткізу қабілетінің төмендеуі, сондай-ақ Қазақойл Ақтөбеде қабылдаушы тарап компрессорларының тоқтауы себеп.

Мұнай тасымалдау

Магистральды құбырлар мен теңіз жолдары арқылы мұнай тасымалдаудың жалпы көлемі 7,8%-ға, яғни 59 371 мың тоннаға ұлғайды.

Мұнай тасымалдау1, мың тонна  9А 2023 (100%) 9А 2023  (ҚМГ үлесіне) 9А 2022  (ҚМГ үлесіне) %
ҚазТрансОйл 32 416 32 416 30 003 +8,0%
Қазақстан-Қытай құбыры  13 913 6 957 7 129 -2,4%
МұнайТас2 3 987 2 033 2 067 -1,6%
Каспий құбыр консорциумы 48 021 9 964 8 995 +10,8%
Қазақтеңізкөлікфлоты 8 000 8 000 6 892 +16,1%
Жиыны - 59 371 55 085 +7,8%
Мұнай көлемдерінің бөлігі екі немесе үш құбыр компаниялары арқылы тасымалдануы мүмкін және тиісінше бұл көлем мұнайды тасымалдаудың шоғырландырылған көлемінде бір реттен артық ескеріледі. 
2 МұнайТас — үлес әдісімен шоғырландырылатын бірлескен кәсіпорын, осыған байланысты тасымалдау көлемі иелік ететін 51% үлеске сәйкес көрсетілген.

Мұнайды магистральды құбырлар арқылы тасымалдау көлемі 6,6%-ға ұлғайып, 51 371 мың тоннаға жетті. Негізгі өсім Қашаған мұнайын ҚазТрансОйл жүйесі бойынша Самара бағытында және КҚК жүйесіне тасымалдау, сондай-ақ Ақтау порты бағытына қарай мұнай жеткізу көлемінің ұлғаюымен байланысты болды.

Мұнайды теңіз арқылы тасымалдаудың жалпы көлемі 16,1%-ға 8 000 мың тоннаға дейін ұлғайды. Бұл көрсеткіштің өсуі негізінен қазақстандық мұнайды экспорттаудың баламалы бағыты ретінде Баку-Тбилиси-Джейхан мұнай құбырын пайдалана отырып, Жерорта теңізінде тасымал көлемінің ұлғаюына, сондай-ақ Новороссийск портындағы (РФ) КҚК теңіз терминалынан Мидия портына (Румыния) қарай Қара теңіз акваториясы арқылы тасымалданатын мұнай көлемінің ұлғаюына байланысты болды.

Транскаспий бағытын дамыту аясында әрқайсының дедвейті 8 000 тонна «Taraz» және  «Liwa» жаңа мұнай құю танкерлері сатып алынды, олар Каспий теңізі арқылы қазақстандық мұнайды тасымалдайды. Жаңа танкерлердің иесі — «Caspian Integrated Maritime Solutions Ltd» бірлескен кәсіпорны, оның акционерлері — «Қазақтеңізкөлікфлоты» ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы (ҚМГ-нің 100% еншілес компаниясы) және International Maritime Investments Ltd. («Abu Dhabi Ports Group» (БАӘ) 100% еншілес компаниясы).

Көмірсутек шикізатын сату

ҚМГ өндірген мұнай мен газ конденсатын өткізу көлемі 8,5%-ға ұлғайып, 17 703 мың тоннаға жетті, оның 64,5%-ы экспортқа жөнелтілді.

Ішкі нарықтың қажеттіліктерін өтеу үшін Компания өндірген 6 278 мың тонна мұнай мен газ конденсаты ішкі нарыққа жеткізілді, оның ішінде операциялық активтердің (Өзенмұнайгаз, Ембімұнайгаз, Қазақтүрікмұнай және Өріктау Оперейтинг) 3 731 мың тонна шикі мұнайы өңдеу және өңделген мұнай өнімдерін әрі қарай сату үшін Атырау мұнай өңдеу зауытына (АМӨЗ), Шымкент мұнай өңдеу зауытына (ПҚОП) және Павлодар мұнай-химия зауытына (ПМХЗ) жіберілді.

Көмірсутек шикізатын өңдеу

Көмірсутек шикізатын өңдеу, мың тонна 9А 2023 (ҚМГ үлесіне) 9А 2022 (ҚМГ үлесіне) %
АМӨЗ  4 367 4 167 +4,8%
ПМХЗ 3 973 3 970 +0,1%
ПҚОП1 2 082 2 315 -10,1%
Caspi Bitum1 352 361 -2,6%
Петромидия 3 840 3 817 +0,6%
Вега 287 268 +7,2%
Жиыны 14 901 14 896 +0,03%
  1 ПҚОП және Caspi Bitum зауыттарындағы өңдеу көлемі 50% үлесіне сай көрсетілген.  

2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда КСШ өңдеудің жалпы көлемі айтарлықтай өзгермей, 14 901 мың тоннаны құрады:

  • Қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарында КСШ өңдеу көлемі 0,4%-ға азайып, 10 774 мың тонна болды. Өңдеу көлемі ПҚОП зауытында биылғы шілде айында каталитикалық риформинг қондырғысында жылу алмастырғышты жөндеу үшін кәсіпорынның тоқтауы салдарынан төмендеді. Бұл ретте биыл Атырау мұнай өңдеу зауытында каталитикалық крекинг қондырғысының неғұрлым үздіксіз жұмысы есебінен өңдеу көлемі ұлғайды. Бұның нәтижесінде ПҚОП-тағы өңдеу деңгейінің азаюы ішінара өтелді.
  • Румыниядағы KMG International (Петромидия, Вега) зауыттарындағы өңдеу көлемі 1,0%-ға артып, 4 127 мың тоннаға жетті. 21 маусымда болған жағдайдан кейін Петромидия зауытында қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр, аталған жұмыстар биылғы қараша айының соңында аяқталады деп жоспарланып отыр.

Қазақстандық және румын зауыттарында мұнай өнімдерін өндіру көлемі 0,9%-ға төмендеп, 13 673 мың тонна болды:

  • Қазақстандық мұнай өңдеу зауыттары 9 672 мың тонна мұнай өнімдерін өндірді, бұл бұл 2022 жылдың ұқсас кезеңінің көрсеткіштерінен 1,3%-ға аз, оған ПҚОП зауытының жоспарлы-алдын алу жөндеу жұмыстарына тоқтауы себеп;
  • KMG International (Петромидия, Вега) зауыттары 4 001 мың тонна мұнай өнімдерін өндірді, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңіндегі көрсеткіштермен бірдей. 

Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы оқи аласыз: http://www.kmg.kz/

Байланыс:   

ir@kmg.kz, тел: +7 7172 78 64 34

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ туралы:

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ (ҚМГ) — Қазақстанның вертикалды интеграцияланған жетекші мұнай-газ компаниясы. ҚМГ көмірсутектерді барлау мен өндіруден бастап тасымалдауға, өңдеуге және мамандандырылған қызметтер көрсетуге дейінгі бүкіл өндірістік цикл бойынша активтерді басқарады. 2002 жылы құрылған Компания еліміздің мұнай-газ саласында Қазақстанның мүддесін қорғайды.

ҚМГ негізгі активтері:

  • Барлау және өндіру: Өзенмұнайгаз (ӨМГ) — 100%, Ембімұнайгаз (ЕМГ) — 100%, Қазақтүрікмұнай (ҚТМ) — 100%, ҚазМұнайТеңіз — 100%, Өріктау (ӨО) — 100%, Маңғыстаумұнайгаз (ММГ) — 50%, Қазгермұнай (ҚГМ) — 50%, Қаражанбасмұнай (ҚБМ) — 50%, Қазақойл Ақтөбе (ҚОА) — 50%, ПетроҚазақстан Инк (ПҚИ) — 33%, Теңізшевройл (Теңіз) — 20%, Қарашығанақ — 10%, Қашаған — 16,88%.
  • Тасымалдау: ҚазТрансОйл — 90%, Қазақстан-Қытай Құбыры (ҚҚҚ) — 50%, МұнайТас — 51%, Batumi Oil Terminal — 100%, Каспий Құбыр Консорциумы (КҚК) — 20,75%, Қазақтеңізкөлікфлоты — 100%.
  • Өңдеу және басқалары: ПМХЗ — 100%, АМӨЗ — 99,53%, ПҚОП — 49,72%, KMG International — 100%, Caspi Bitum — 50%, Петромидия — 54,63%, Вега — 54,63%, ҚазРосГаз — 50%, Қазақстан Петрокемикал Индастриз Инк. — 49,5%.
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>