2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы өндірістік нәтижелер
29.07.2025
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ (бұдан әрі — «ҚМГ», «Компания»), Қазақстанның ұлттық мұнай-газ компаниясы, 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы өндірістік нәтижелерін жариялайды.
2024 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы басты өндірістік көрсеткіштер:
- Мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 8,8% артып, 13 043 мың тоннаны құрады;
- Мұнай тасымалдау 0,3%, 41 616 мың тоннаға дейін төмендеді;
- Қазақстан және румын мұнай өңдеу зауыттарында көмірсутек шикізатын өңдеу көлемі 16,5% ұлғайып, 10 375 мың тоннаға жетті.
| 2025 ж 6 айы (ҚМГ үлесіне) | 2024 ж 6 айы (ҚМГ үлесіне) | % | |
|---|---|---|---|
| Өндіру: | |||
| Мұнай мен конденсат, мың тонна | 13 043 | 11 989 | +8,8% |
| Газ, млн м³ | 5 726 | 4 840 | +18,3% |
| Тасымалдау, мың тонна | 41 616 | 41 733 | -0,3% |
| Өңдеу, мың тонна | 10 375 | 8 902 | +16,5% |
Өндірістік көрсеткіштер егер басқаша көрсетілмесе, бірлескен және қауымдасқан компаниялардағы ҚМГ-ның иелену үлесіне және толық шоғырландырылатын еншілес ұйымдардың 100% көрсеткіштеріне сәйкес берілген. Есеп көрсеткіштері мен нәтижелері дөңгелектеніп көрсетілген. Сонымен қатар кезеңдерді салыстыру кезінде мәндер жуықталмай нақты қолданылды. Компанияның пікірінше, дөңгелектеуге қатысты кез келген ықтимал түзетулер операциялық нәтижелерге материалдық тұрғыдан әсер етпеуі керек.
Көмірсутек шикізатын өндіру
2025 жылдың бірінші жартыжылдығында ҚМГ-ның мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 13 043 мың тоннаны (тәулігіне 549 мың баррель) құрап, 2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы деңгейден 8,8% жоғары болды. Ілеспе және табиғи газды өндіру көлемі (қайта айдау көлеміне дейін) 18,3% өсіп, 5 726 млн м³ жетті.
| Мұнай мен конденсат өндіру, мың тонна | 2025 ж 6 айы (ҚМГ үлесіне) | 2024 ж 6 айы (ҚМГ үлесіне) | % |
|---|---|---|---|
| «Өзенмұнайгаз» АҚ | 2 528 | 2 510 | +0,7% |
| «Ембімұнайгаз» АҚ | 1 376 | 1 371 | +0,3% |
| «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ | 1 521 | 1 530 | -0,6% |
| Өзге операциялық активтер: | 1 636 | 1 620 | +1,0% |
| Операциялық активтер бойынша барлығы | 7 061 | 7 031 | +0,4% |
| Теңіз | 3 892 | 2 872 | +35,5% |
| Қашаған | 1 517 | 1 539 | -1,4% |
| Қарашығанақ | 573 | 547 | +4,6% |
| Мегажобалар бойынша барлығы | 5 982 | 4 958 | +20,7% |
| Жиыны | 13 043 | 11 989 | +8,8% |
Операциялық активтердегі өндіру
2025 жылдың бірінші жарты жылында «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Ембімұнайгаз» АҚ және «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-да мұнай өндіру деңгейі өткен кезеңнің нәтижелеріне ұқсас. Сонымен бірге есепті кезеңнің қорытындысы бойынша «Ембімұнайгаз» АҚ және «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-да газ өндіру көлемі сәйкесінше 7,7% және 2,4% өскен. Жұмыс істеп тұрған активтерде газ өндіру көлемінің артуы газ факторы жоғары ұңғымаларды іске қосумен байланысты болды.
Мегажобалардағы өндіру
Теңіз кен орнында мұнай өндіру 35,5% ұлғайып, 3 892 мың тоннаны (тәулігіне 173 мың баррель) құрады. Ілеспе газ өндіру 39,7% өсіп, 2 217 млн м³ құрады. Өсім Болашақ кеңейту жобасы аясында Үшінші буын зауытында өндіру ісінің басталуымен (2025 жылдың қаңтары) байланысты.
Қашағанда мұнай өндіру көлемі 1 517 мың тоннаны (тәулігіне 67 мың баррель) құрап, 1,4% төмендеді. Бұның себебі – өндірілген мұнайдағы газ факторының жоғары болуы. Кен орнында 994 млн м³ газ өндірілді, бұл өткен кезеңдегі нәтижелерге ұқсас көрсеткіш.
Қарашығанақта мұнай мен конденсат өндіру 4,6% өсіп, 573 мың тоннаны (тәулігіне 25 мың баррель) құрады. Бұл көрсеткіштің өсуі Қарашығанақтың өндірістік нысандарындағы қабатқа қайта айдалатын шикі газ көлемінің артуына байланысты болды. Қабатқа қайта айдауға дейінгі газ өндіру көлемі 12,5% өсіп, 1 320 млн м³ құрады.
Мұнай тасымалдау
Мұнайды магистраль және теңіз арқылы тасымалдаудың жалпы көлемі 0,3%, яғни 41 616 мың тоннаға дейін азайды.
| Мұнай тасымалдау1, мың тонна | 2025 ж 6 айы (100%) | 2025 ж 6 айы (ҚМГ үлесіне) | 2024 ж 6 айы (ҚМГ үлесіне) | % |
|---|---|---|---|---|
| «ҚазТрансОйл» АҚ | 22 268 | 22 268 | 22 265 | +0,0% |
| «Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС | 9 609 | 4 804 | 4 563 | +5,3% |
| «МұнайТас» СБҚК» ЖШС2 | 2 910 | 1 484 | 1 395 | +6,4% |
| Каспий құбыр консорциумы | 36 024 | 7 475 | 6 891 | +8,5% |
| Құбыр желілері бойынша тасымалдау көлемінің жиыны | - | 36 032 | 35 115 | +2,6% |
| Каспий теңізі | 982 | 982 | 1 098 | -10,6% |
| Ашық теңіздер3 | 4 602 | 4 602 | 5 520 | -16,6% |
| Теңіз арқылы тасымалдау көлемінің жиыны | - | 5 584 | 6 618 | -15,6% |
| Жиыны | - | 41 616 | 41 733 | -0,3% |
Магистралды мұнай құбырлары арқылы мұнай тасымалдау көлемі 2,6% артып, 36 032 мың тоннаны құрады. Мұнай тасымалдау көлемінің өсуіне негізінен Теңіз кен орнынан Каспий құбыр консорциумы жүйесіне мұнай тапсыру көлемінің ұлғаюы, сондай-ақ қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарына жеткізу көлемінің артуы себеп болды.
Теңіз арқылы мұнай тасымалдау көлемі 15,6% азайып, 5 584 мың тоннаны құрады. Каспий теңізіндегі тасымал көлемінің төмендеуіне 2025 жылғы ақпан-сәуір аралығында Taraz және Liwa танкерлеріне инертті газ жүйесін кезекпен орнату үшін олардың жоспарлы жаңғыртуға шығарылуы, сондай-ақ үшінші тарап жүк жөнелтушілерінің шикі мұнай көлемін шектеулі жөнелтуі себеп болды.
Ашық теңіздерде тасымалдау көлемінің азаюы 2025 жылғы наурыздан бастап Каспий құбыр консорциумы тарапынан Афрамакс үлгісіндегі танкерлерге партиялар санын бөлу жоспарын қайта қарауымен байланысты болды.
Жүк айналымы
| Жүк айналымы, млн тонна*км | 2025 ж 6 айы (100%) | 2025 ж 6 айы (ҚМГ үлесіне) | 2024 ж 6 айы (ҚМГ үлесіне) | % |
|---|---|---|---|---|
| «ҚазТрансОйл» АҚ | 17 541 | 17 541 | 17 160 | +2,2% |
| «Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС | 8 583 | 4 292 | 4 109 | +4,4% |
| «МұнайТас» СБҚК» ЖШС2 | 1 244 | 635 | 570 | +11,4% |
| Каспий құбыр консорциумы | 49 160 | 10 201 | 8 860 | +15,1% |
| Жиыны | - | 32 668 | 30 700 | +6,4% |
Мұнай жүк айналымы 6,4% өсіп, 32 668 мың тоннаны құрады. Өсімге негізінен Теңіз кен орнынан КҚК жүйесіне мұнай тапсыру көлемінің ұлғаюы ықпал етті.
Көмірсутек шикізатын сату
ҚМГ өзі өндірген мұнай мен газ конденсатын сату көлемі 7,4% ұлғайып,13 021 мың тоннаны құрады, оның 66,2% экспортқа жөнелтілді.
Ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін ҚМГ өндірген мұнай мен газ конденсатын ішкі нарыққа жеткізу 4 404 мың тоннаны құрады, соның ішінде мұнайды өңдеу және мұнай өнімдерін сату үшін Атырау мұнай өңдеу зауытына (АМӨЗ), Павлодар мұнай-химия зауытына (ПМХЗ) және Шымкент мұнай өңдеу зауытына (ПҚОП) 2 742 мың тонна көлемінде операциялық активтердің («Өзенмұнайгаз» АҚ, «Ембімұнайгаз» АҚ, «Қазақтүрікмұнай» ЖШС және «Өріктау Оперейтинг» ЖШС) шикі мұнайы жеткізілген.
Көмірсутек шикізатын өңдеу
| Көмірсутек шикізатын өңдеу, мың тонна1 | 2025 ж 6 айы (ҚМГ үлесіне) | 2024 ж 6 айы (ҚМГ үлесіне) | % |
| АМӨЗ | 2 888 | 2 911 | -0,8% |
| ПМХЗ | 2 876 | 2 722 | +5,7% |
| ПҚОП | 1 533 | 1 256 | +22,0% |
| Caspi Bitum | 108 | 165 | -34,5% |
| Қазақстан мұнай өңдеу зауыттары бойынша барлығы | 7 405 | 7 054 | +5,0% |
| Петромидия | 2 789 | 1 731 | +61,1% |
| Вега | 181 | 117 | +53,8% |
| KMG International мұнай өңдеу зауыттары бойынша барлығы | 2 969 | 1 848 | +60,7% |
| Жиыны | 10 375 | 8 902 | +16,5% |
| 1 ПҚОП және Caspi Bitum өңдеу көлемі 50% үлесінде,қалған зауыттарда – 100% көрсетілген. | |||
Көмірсутек шикізатын өңдеудің жалпы көлемі 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 16,5%-ға өсіп, 10 375 мың тоннаны құрады:
- Қазақстан мұнай өңдеу зауыттарында көмірсутек шикізатын өңдеу көлемі 5,0% артып, 7 405 мың тоннаны құрады. Көрсеткіштің өсуі 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында ПМХЗ-да өңдеу көлемінің ұлғаюына және ПҚОП-тың үздіксіз жұмыс істеуіне байланысты болды, ал 2024 жылдың осындай кезеңінде ПҚОП күрделі жөндеуден өтті. Caspi Bitum-де өңдеу көлемінің төмендеуіне зауыт қуатын жылына 1,5 млн тоннаға дейін кеңейту аясындағы құрылыс-монтаж жұмыстары себеп болды.
- Румыниядағы KMG International (Петромидия, Вега) зауыттарындағы өңдеу көлемі 60,7% өсті және 2 969 мың тоннаны құрады. Көрсеткіштің едәуір өсуіне есепті кезеңде кәсіпорындардың неғұрлым тұрақты операциялық қызметі ықпал етті. 2024 жылдың бірінші жарты жылында жеңіл гидрокрекинг қондырғысының кеш іске қосылуына және МӨЗ-де күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты өңдеу шектеулі болды.
Мұнай өнімдері өндірісі
| Мұнай өнімдері өндірісі, мың тонна | 2025 ж 6 айы (ҚМГ үлесіне) | 2024 ж 6 айы (ҚМГ үлесіне) | % | |
|---|---|---|---|---|
| Қазақстан мұнай өңдеу зауыттары | Бензин | 2 332 | 2 046 | +14,0% |
| Дизель | 2 521 | 2 164 | +16,5% | |
| Өзгесі | 1 932 | 2 255 | -14,3% | |
| Жиыны | 6 785 | 6 465 | +4,9% | |
| KMG International мұнай өңдеу зауыттары | Бензин | 691 | 425 | +62,5% |
| Дизель | 1 170 | 845 | +38,4% | |
| Өзгесі | 1 039 | 547 | +89,9% | |
| Жиыны | 2 900 | 1 818 | +59,5% | |
| Барлығы | Бензин | 3 023 | 2 471 | +22,4% |
| Дизель | 3 690 | 3 010 | +22,6% | |
| Өзгелері | 2 971 | 2 802 | +6,0% | |
| Жиыны | 9 685 | 8 283 | +16,9% | |
Қазақстандық және румындық зауыттарда мұнай өнімдерін өндіру көлемі 16,9% ұлғайып, 9 685 мың тоннаға жетті:
- Қазақстан мұнай өңдеу зауыттары 6 785 мың тонна мұнай өнімдерін өндірді, бұл 2024 жылғы бірінші жартыжылдығының көрсеткіштерімен салыстырғанда 4,9% жоғары. Басқа мұнай өнімдері көлемінің төмендеуіне Атырау мұнай өңдеу зауытының өндіріс қуаттарын мотор отындарын өндіруге көшіруі себеп болды.
- KMG International (Петромидия, Вега) зауыттары 59,5% артық, яғни 2 900 мың мұнай өнімдерін шығарды, бұның себебі – зауыттарда өңдеу көлемдері қалпына келді.
Қазақстанда өндірілген ҚМГ-ның өз мұнай өнімдерін сатуы, мың тонна
| 2025 ж 6 айы | 2024 ж 6 айы | % | |||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| ішкі нарық | экспорт | барлығы | ішкі нарық | экспорт | барлығы | ішкі нарық | экспорт | барлығы | |
| Бензин | 908 | 9 | 917 | 772 | - | 772 | +17,7% | - | +18,9% |
| Дизель | 1 100 | - | 1 100 | 856 | - | 856 | +28,5% | - | +28,5% |
| Өзгесі | 662 | 260 | 922 | 700 | 368 | 1 067 | -5,3% | -29,4% | -13,6% |
| Жиыны | 2 671 | 269 | 2 939 | 2 327 | 368 | 2 695 | +14,8% | -26,9% | +9,1% |
ҚМГ өз мұнай өнімдерін көтерме саудада сату көлемі 9,1% өсіп, 2 939 мың тоннаға жетті. Басқа мұнай өнімдері көлемінің төмендеуіне АМӨЗ-де өндірістік қуаттарды жеңіл мұнай өнімдерін өндіруге көшіруі әсер етті.
Полипропилен: өндіру және сату
| Полипропилен өндіру және сату, мың тонна | 2025 ж 6 айы (ҚМГ үлесіне) | 2024 ж 6 айы (ҚМГ үлесіне) | % |
|---|---|---|---|
| Өндіру | 106,8 | 65,6 | +62,9% |
| Сату | |||
| Ішкі нарық | 9,5 | 4,6 | +107,7% |
| Экспорт | 91,0 | 57,0 | +59,6% |
| Сату жиыны | 100,4 | 61,5 | +63,2% |
КРІ зауытында полипропилен өндіру көлемі 63% артып, 106,8 мың тоннаға жетті. Көрсеткіштің өсуі 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында өндірілген 14 маркадан бастап есепті кезеңдегі 18 маркаға дейін біртіндеп ұлғаюымен және зауыттың өндірістік қуатқа біртіндеп шығуымен байланысты болды.
Полипропиленді сатудың жалпы көлемі 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 63,2% өсіп, 100,4 мың тоннаны құрады:
- Полипропиленді ішкі нарыққа сату көлемі 107,7% ұлғайды және 9,5 мың тоннаны құрады.
- Полипропиленді экспортқа сату көлемі 59,6% артты және 91 мың тоннаны құрады, өнімді жеткізу көлемі негізінен Түркия мен Еуропа елдері бағытында ұлғайды.
Толық ақпаратты https://www.kmg.kz/investors/reporting/ сілтемесіне өтіп, оқи аласыз.
Байланыс ақпараты:
- ir@kmg.kz
- тел: +7 7172 78 64 34
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ туралы:
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ – Қазақстанның вертикалды интеграцияланған жетекші мұнай-газ компаниясы. ҚМГ көмірсутектерді барлау мен өндіруден бастап тасымалдауға, өңдеуге және мамандандырылған қызметтер көрсетуге дейінгі бүкіл өндірістік цикл бойынша активтерді басқарады. 2002 жылы негізі қаланған Компания еліміздің мұнай-газ саласында Қазақстанның мүддесін қорғайды.
ҚМГ негізгі активтері:
- Барлау және өндіру: «Өзенмұнайгаз» АҚ (ӨМГ) – 100%, «Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ) – 100%, «Қазақтүрікмұнай» ЖШС (ҚТМ) – 100%, «Өріктау Оперейтинг» ЖШС – 100%, Дунга[1] – 60%, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ (ММГ) – 50%, «Қазгермұнай»БК ЖШС (ҚГМ) – 50%, ПетроҚазақстан Инк (ПКИ) – 33%, «Қаражанбасмұнай» АҚ (ҚБМ) – 50%, «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС (ҚОА) – 50%, «Урал Ойл энд Газ» ЖШС (УОГ) – 50%, «Теңізшевройл» ЖШС (Теңіз) – 20%, Қарашығанақ[2] – 10%, Қашаған[3] – 16,88%.
- Тасымалдау: «КазТрансОйл» АҚ – 90%, «Батуми Мұнай Терминалы» ЖШҚ – 100%, «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС (ҚҚҚ) – 50%, «МұнайТас» СБҚК» ЖШС – 51%, «Каспий құбыр консорциумы» АҚ[4] (КҚК) – 20,75%, «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС – 100%.
- Қайта өңдеу және маркетинг: «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС (ПМХЗ) – 100%, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС (АМӨЗ) – 99,53%, KMG International N.V. – 100%, Petromidia – 54,62%, Vega – 54,62%, «KMG PetroChem» ЖШС - 100%, «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС (ПҚОП) – 49,72%, «CASPI BITUM» БК» ЖШС – 50%, «KC Energy Group» ЖШС – 49%, «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС – 49,5%, «Силлено» ЖШС – 40%.
- Басқалар: «KMG Drilling & Services» ЖШС - 100%, «Oil Services Company» ЖШС - 100%, «Oil Construction Company» ЖШС - 100%, «Кен-Кұрылыс-Сервис» ЖШС – 100%, «KMG Systems & Services» ЖШС – 100%, «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС (ҚазГӨЗ) – 100%, «ҚазРосГаз» ЖШС (ҚРГ) – 50%, Mangistau Power B.V. – 49%.
[1] Dunga Operating GmbH - Доңға жобасындағы 60% үлеске ие шоғырландырылған еншілес кәсіпорын. [2] KMG Karachaganak LP - Қарашығанақ жобасында 10% үлесі бар шоғырландырылған еншілес кәсіпорын болып табылады. [3] KMG Kashagan B. V. - Қашаған жобасындағы 16,88% үлесі бар шоғырландырылған еншілес кәсіпорын болып табылады. [4] 19% тікелей ҚМГ-ға тиесілі, 1,75% Kazakhstan Pipeline Ventures (KPV) арқылы ҚМГ-ға тиесілі.