Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» басшысы Шымкент мұнай өңдеу зауытындағы жоспарлы-алдын алу жұмысымен танысты

06.04.2024

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев бүгін Шымкент мұнай өңдеу зауытында («ПҚОП» ЖШС) болып, кәсіпорындағы жоспарлы-алдын алу жұмыстарының барысымен танысты.

Зауытта жоспарлы-алдын алу жұмыстары 25 наурызда ҚР Энергетика министрлігі бекіткен жоспар-кестеге сәйкес басталды. Бұл жұмыс өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама нормаларына сәйкес кәсіпорынның технологиялық қондырғыларын одан әрі қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында өткізіледі.

«ПҚОП» ЖШС президенті Ерболат Қожабаев кәсіпорын аумағын аралау барысында жоспарлы-алдын алу жұмыстары мұнайды бастапқы және терең өңдеу кешендерінде жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Атап айтқанда, 75 тонна каталитикалық риформинг катализаторы мен пештердің газ жолдарын ауыстыру, автоматтандырылған басқару жүйелерін жаңарту, генераторларды жөндеу, бу турбинасын күрделі жөндеу, утилизация қазандығын, енгізу коллекторларын және басқа да технологиялық қондырғыларды жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ 227 түтікше, 54 құбыр және 12 технологиялық пештің өнеркәсіптік қауіпсіздігіне сараптама жасалып жатыр. Жұмысқа 30 мердігер ұйым мен 2100-ден астам адам тартылды. 

«Уақтылы жүргізілген жоспарлы-алдын алу жұмыстары, операциялық тиімділікті арттыру жобалары, персоналды тұрақты оқыту және басқа да шаралар былтыр «ҚазМұнайГаз» мұнай өңдеу зауыттарына ішкі нарықты жанар-жағармаймен тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Зауыт жоспарлы тоқтаған кезде кәсіпорындар мұнай өнімдерінің жеткілікті қорын жинақтайды. Мысалы, биыл наурыз айына қарай бензин мен дизель отынының рекордтық қоры, шамамен 1,2 млн тонна жинақталды, бұл елдегі бір жарым айлық тұтыну көлеміне тең. Сондай-ақ, біз 2028 жылға қарай барлық зауытымыз жоспарлы-алдын алу жұмыстарына жыл сайын емес, үш жылда бір рет тоқтайтын бағдарламаны іске асырып жатырмыз», — деп атап өтті М.Мырзағалиев.

Сапар қорытындысы бойынша ҚМГ басшысы жоспарлы-алдын алу жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтауды, қауіпсіздік техникасының сақталуын, зауыттың тұрақты және апатсыз жұмысын, өндірістік бағдарламаның орындалуын, сондай-ақ ПҚОП өңдеу қуатын арттыру жобасының сапалы іске асуын қамтамасыз етуді тапсырды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>