Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ МӨЗ кеңейтілген жөндеуаралық кезеңге қашан ауысады

28.03.2024

ҚазМұнайГаздың үш отандық мұнай өңдеу зауыты жыл сайын емес, үш жылда бір рет жоспарлы алдын алу жұмыстарына (ЖАЖ) тоқтаған кезде кеңейтілген жөндеуаралық кезеңге ауысуға дайындалуда. ҚМГ-нің басқа өңдеу кәсіпорындарында кеңейтілген жөндеуаралық кезең дейін созылуы мүмкін.

Әлемдік тәжірибе мен жобаның басталуы

Соңғы онжылдықтарда кеңейтілген жөндеуаралық кезеңге бүкіл әлемдік мұнай өңдеу саласы біртіндеп көшіп жатыр, өйткені өндіріске жабдықтың тозу дәрежесін бақылауға және профилактикалық диагностика режимінде проблемалық учаскелерді көрсетуге мүмкіндік беретін жаңа технологиялар келуде. Дегенмен, тәулік бойы жұмыс істеп тұрған жабдықты жөндеуді жай ғана кейінге қалдыра салуға немесе жоя салуға болмайтынын ескерген жөн. Аталған кезеңде (кем дегенде үш жылда) барлық қондырғылар тұрақты жұмыс істеп тұратындай жағдай жасау керек.

Бұған қоса МӨЗ-дің үш-төрт жыл бойы тоқтаусыз жұмыс істей алатындығын дәлелдейтін техникалық аудит жүргізілуі керек. Мысалы, бір ресейлік МӨЗ жөндеуаралық кезеңді ұлғайту үшін 200-ге дейін іс-шара өткізуі керек болды. Олардың ішінде – жабдықты, құбырларды, арматураларды ауыстыру, сақтандыру клапандарын орнату. Сол сорғылар мен компрессорларды динамикалық жабдықтың күйін бақылауды жүзеге асыратын арнайы бақылау жүйелерімен жаңарту қажет болды. Сонымен қатар кәсіпорынның стандарттарын, нұсқаулықтары мен бизнес-процестерін өзектендіру де қажет болды.

ҚМГ зауыттарының кеңейтілген жөндеуаралық кезеңіне көшу жобасы 2016 жылы Атырау мұнай өңдеу («АМӨЗ» ЖШС) және Павлодар мұнай-химия («ПМХЗ» ЖШС) зауыттарында басталды, кейінірек өтпелі жобаға Шымкент МӨЗ («ПКОП» ЖШС) де қосылды. Қазақстандық мұнай өңдеушілер алдын ала Honeywell, Shell, ExxonMobile, PetroChin, Dupon, Reliance сияқты әлемдік компаниялардың мұнай өңдеу зауыттарының осындай табысты тәжірибесін зерделеді.

Жүйелерді жаңғырту және бақылауды автоматтандыру

Жабдықты кейіннен есепке алуды ретке келтіру үшін алдымен олар жабдықтың нормативтік базасы мен номенклатурасын сәйкестендірді. Сонымен қатар, әрбір МӨЗ-де ескірген технологиялық жабдықты жаңғыртуға бағытталған жеке бағдарлама қолданыла бастады. Келесі кезеңде (автоматтандыру алдында) жаңа бизнес-процестер мен ұйымдастырушылық құрылымдар әзірленіп, бекітілді. Кейіннен екі зауытта ауқымды қайта құрылымдау жүргізіліп, жаңа екі департамент – Жабдыққа техникалық қызмет көрсету және жөндеу департаменті (ЖТҚЖ) мен Сенімділік пен механикалық тұтастықты қамтамасыз ету департаменті (СМТҚ) құрылды.

Автоматтандыру барысында ЖТҚЖ-ның барлық жүйелері (IBM Maximo, Meridium, Asset Sentinel) тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтардан өтіп, пайдалануға берілді. Жаңа бағдарламалық өнімдерде жұмыс істеу үшін персонал оқытылды. Зауыт қызметкерлері 2019 жылдан бері қызметтерге берілетін өтінімдерді, жөндеуге жасалатын тапсырыстарды осы бағдарламалық өнімдер арқылы ресімдеп, техникалық карталарды толтырып жүр. Атырау МӨЗ-де ЖТҚЖ-ны енгізу жабдыққа техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді қысқа мерзімде жүргізуге және жоспарлауға, сондай-ақ жөндеу мерзімдерін оңтайландыруға, авариялық және үстеме жұмыстарға шығындарды азайтуға мүмкіндік берді, бұл, сайып келгенде, зауыттың жалпы өнімділігін арттыруға жағдай жасады. ЖТҚЖ жүйелерін біріктіру, ҚМГ-нің Астанадағы бас кеңсесінде орналасқан Диспетчерлік-талдау орталығында (ДТО) деректерді жіберу мен оларды өңдеуді қамтамасыз ету жобалау командасы үшін тағы бір маңызды міндет болды және компания мамандары оны сәтті жүзеге асыра алды.

ҚМГ ДТО бірыңғай цифрлық жүйесі мұнай және мұнай өнімдерін өндіру, тасымалдау, өңдеу, бизнес-процестерін, маркетингті толық циклдық бірыңғай цифрлық платформада орталықтандыруға мүмкіндік берді. Жүйе мұнай және мұнай өнімдерін өндіру, тасымалдау, өңдеу, маркетинг бойынша ақпаратты автоматтандыруды және визуализациялауды, сондай-ақ бас кеңседен ҚМГ барлық активтерінің өндірістік қызметін нақты уақыт режимінде мониторингілеуді жүзеге асырады. Бұған қоса, жүйе штаттан тыс өндірістік жағдайларды жедел бақылауға және оларға ден қоюға мүмкіндік береді, мұнай және мұнай өнімдері нарығын предиктивті (болжамды) талдау, ақпараттың сенімді болуы есебінен болжамдардың сапасын арттыру үшін қажетті деректерді ұсынады. Сонымен қатар, жөндеу және сақтау шығындарын азайтуға мүмкіндік туды.

Жабдықтың тот басуын азайту бойынша жұмыс

Сондай-ақ, отандық МӨЗ алдына жабдықтың тот басу жылдамдығын төмендету міндеті қойылды. Кәсіпорындарда арнайы құрылымдық бөлімшелер — сенімділік және механикалық тұтастық департаменттері/бөлімдері құрылды және коррозияға қарсы күрес олардың міндеттерінің бірі болды. Мәселені шешу үшін ғылыми тәсілді енгізу қажет екенін түсінген ҚМГ арнайы орталық құру туралы шешім қабылдады. Ол үшін коррозияны зерттеуде көп жылдық тәжірибесі бар отандық институт — «Д.В. Сокольский атындағы Отын, катализ және электрохимия институты» АҚ таңдап алынып, оның жанынан 2019 жылы коррозия мәселелері жөніндегі Құзыреттер орталығы құрылды.

ҚМГ, Құзыреттер орталығы және МӨЗ бірлескен жұмысының арқасында қысқа уақыт ішінде айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді. Соңғы бірнеше жылда ҚазМұнайГаз мұнай өңдеу зауыттарында коррозиялық процестер саласындағы 100-ден астам жас және өршіл сарапшылардан құралған командалар жасақталды. Бұл мамандар металды коррозиядан қорғаудың озық технологиялары мен әдістерін игеріп қана қоймай, оларды нақты өндіріске енгізе білді.

Жалпы, өткен кезеңде жасалған қадамдар ҚМГ-ге мұнай өңдеу зауытындағы коррозиялық процестердің қарқындылығын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік берді. Коррозия құрылғылары мен купондарын орнату, лак-бояу материалдарын жағу және қажет болған жағдайда жабдықты немесе оның элементтерін ауыстыру бойынша іс-шаралар жүргізілді. Жедел ден қою және интерпретацияны жеңілдету үшін зауыттарда коррозияны бақылаудағы маңызды көрсеткіштерді көрсететін бақылау тақталарын пайдалану тәжірибесі енгізілді. Мұның бәрі, атап айтқанда, мұнай өңдеу зауыттарының жылу алмасу жабдықтарының коррозиядан істен шығуының негізгі көзі болып табылатын айналымдағы судың коррозиялық белсенділігін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік берді.

2019 жылдан бері АМӨЗ-де механикалық тұтастықтың бұзылуымен байланысты істен шығу жиілігінің төмендеуі байқалады. ПМХЗ-да 2018 жылдан бастап айналымды сумен жабдықтау блогы жүйелерінде тот басу жылдамдығын төмендету бойынша жалпы динамика байқалады. ПКОП-та 2023 жылдың басынан бері барлық дерлік қондырғыларда коррозия жылдамдығы нормадан аспайды.

Қазіргі уақытта ПМХЗ-да техникалық коррозиялық аудит бойынша жұмыстар аяқталуда, ал 2025 жылға қарай басқа екі отандық МӨЗ-де технологиялық қондырғыларды тексеруді аяқтау жоспарлануда.

«Цифрлық қосарларға» апарар жолда

Атқарылған орасан зор жұмыстарға қарамастан, қазақстандық зауыттар үшін өздерінің «цифрлық қосарларын» барынша толық күйінде құру бойынша міндет әлі де өзекті болып отыр.

Сондықтан, кеңейтілген жөндеуаралық кезеңге көшуге дайындық аясында ҚМГ МӨЗ тиісті бағдарламаларды іске асыруды жалғастыруда.

Мәселен, Атырау МӨЗ осы жылдары операциялық тиімділікті арттыруға ұмтылуды (мерзімі 2027 жылға дейін), бұл шикізатты өңдеу көлемін 5,5 млн тоннадан 6,7 млн тоннаға дейін және жеңіл мұнай өнімдерін 65%-дан 77%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Әзірге АМӨЗ-дің 40-жылдардан бері жұмыс істеп келе жатқан жабдығы модернизациядан өтпеген ескі бөлігі проблемалар туғызуда. Кәсіпорынның осы бөлігінің негізгі жабдықтарын ауыстыру жоспарда бар. Сондай-ақ, электрмен жабдықтауды күшейту және атмосфераға тасталатын авариялық жағу шығарындыларын азайту үшін газ турбиналық электр станциясын салу жоспарлануда. Оған қоса зауыттың төрт технологиялық қондырғысында автоматтандырылған экологиялық мониторинг жүйесі (АМЖ) орнатылатын болады.

Павлодар МХЗ-да үш жылдық жөндеуаралық кезеңге көшу бастамасы шеңберінде 2023 жылы технологиялық қондырғыларды қосымша сақтандыру клапандарымен толық жарақтандырудың бірінші кезеңі орындалды. Ал 2024 жылдың басында битум өндіретін қондырғыда жаңа пеш іске қосылды, бұл оны өндіру әлеуетін жылына 430 мың тоннадан 500 мың тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Зауыт сонымен қатар сутегі қондырғысының құрылыс жобасын және дизельді депарафиндеу қондырғысы құрылысын салу жобасын жүзеге асырады. Осы жобалардың нәтижесінде зауыт авиаотын шығаруды жылына 190 мыңнан 240 мыңға дейін арттыра алады, сондай-ақ шамамен 155 мың тонна көлемінде қысқы дизель отынын өндіріп бастайтын болады. Ауысуға байланысты басқа да жобалар жүзеге асырылуда.

2026 жылға қарай үш жылдық жөндеуаралық кезеңге ауысатын Шымкент МӨЗ ауысуға әбден дайын. Сондай-ақ, ҚМГ-нің басқа екі зауыты 2028 жылға қарай ауысады деп болжануда.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ