Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» «Humanizing energy — адамдардың энергиясынан шабыт алып» тақырыбында 2022 жылға арналған тұрақты даму туралы есебін жариялады

03.07.2023

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі — ҚМГ) жылда Тұрақты даму туралы есебін жариялайды. Бұл компанияның Біріккен Ұлттар Ұйымының жаһандық шарты мен тұрақты даму саласындағы жаһандық мақсаттарға қол жеткізудегі жетістіктерінен хабар береді. 

ҚМГ Директорлар кеңесі биыл маусым айында компанияның 2022 жылға арналған верификациядан өткен Тұрақты даму туралы есебін бекітті. Есеп GRI Standards 2021 тұрақты даму саласындағы есептілік жөніндегі жаңартылған халықаралық стандарттарға сәйкес дайындалды және аудиторлық компаниялардың тәуелсіз тексерісінен өтіп, расталды, сондай-ақ Content Index — Essentials Service with Sector Standard Add-on — GRI Services қызметі (Жаһандық есептілік бастамасы) ақпаратты дұрыс жария ету бойынша    тексерістен өткізді.

2022 жылға арналған Тұрақты даму туралы есепте 2020-2022 жылдар аралығындағы экономикалық, экологиялық және әлеуметтік бағытта атқарылған жұмыстың негізгі көрсеткіштері жарияланған. Оның ішінде, тұрақты дамудағы маңызды аспектілер бойынша, яғни әлеуметтік тұрақтылық, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау, персоналды дамыту, сондай-ақ жергілікті қауымдастықтармен өзара іс-қимыл саласындағы бастамалар туралы ақпарат қамтылған. Есепке арқау болған «Humanizing energy — адамдардың энергиясынан шабыт алып» тақырыбы компанияның басты қозғаушы күші — адами ресурсқа басымдық берілгенін айғақтайды. Есепте компания қызметкерлеріне, адам құқықтарының сақталуына және қызметімізді жүргізетін аймақтардың дамуына, ал әр бөлімде компанияның еншілес мекемелеріндегі үздік қызметкерлерге баса назар аударылған.

Қызығушылық танытқан тараптардың пікірін ескерудің маңызын түсінгендіктен, жыл сайын аталған Есепке қатысты кері байланыс мүмкндігін ұсынуға тырысамыз. Бұл бізге Есептің мән-мазмұнын жақсартуға, қызметкерлер мен өзге де қызығушылық білдірген тараптардың компанияның тұрақты даму мәселелерінен хабардар болуына көмектеседі.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>