Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ 2025 жылғы Тұрақты даму есебін жариялады

29.05.2026

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) жыл сайын Тұрақты даму есебін жариялайды, ол Компанияның Біріккен Ұлттар Ұйымының Жаһандық келісімі қағидаттарын жүзеге асырудағы және жаһандық Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі ілгерілеуі туралы барлық мүдделі тараптарға арналған хабарламасы болып табылады.

Ағымдағы жылдың мамырында ҚМГ Директорлар кеңесі 2025 жылғы Тұрақты даму есебін бекітті. Есеп экономикаға, қоршаған ортаға және қоғамға Компанияның әсері туралы ақпаратты ашуға қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз ететін GRI Standards 2021 тұрақты даму есептілігі саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкес дайындалды. Қосымша Есепке SASB стандарты бойынша салалық көрсеткіштерді ашу, сондай-ақ IFRS S2 талаптарына сәйкес климаттық есептілік енгізілген. Мүдделі тараптар тарапынан есептілікке деген сенімді арттыру мақсатында Есеп аудиторлық компанияның тәуелсіз тексеруінен өтті.

Есептің «Ортақ сынақтар. Бірлескен шешімдер» тұжырымдамасы жаһандық өзгерістер жағдайында мұнай-газ саласы, экономика мен қоғам тап болатын жалпы міндеттерді Компанияның түсінуін көрсетеді. Климаттық күн тәртібі, энергетиканың трансформациясы және әлеуметтік күтулердің өсуі барлық мүдделі тараптардың қатысуымен жүзеге асырылатын келісілген және салмақты шешімдерді талап етеді. Қазақ өрнегінің элементтерінен шабыт алған есептің визуалды тұжырымдамасы Компанияның ұлттық бірегейлікпен байланысын және оның елдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы стратегиялық рөлін атап көрсетеді, тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған ресурстардың, құзыреттіліктердің және күш-жігердің бірігуін символдайды.

Есепте 2023-2025 жылдар кезеңіндегі экономикалық, экологиялық және әлеуметтік нәтижелілік бойынша негізгі көрсеткіштер ашылып, атмосфералық ауа мен су ресурстарын қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау, персоналды дамыту, сондай-ақ жергілікті қауымдастықтармен өзара іс-қимыл сияқты тұрақты дамудың маңызды аспектілері бойынша қызмет туралы ақпарат берілген. IFRS S2 талаптарына сәйкес климаттық тәуекелдерді және мүмкіндіктерді басқаруға, оның ішінде сценарийлік талдауға және парниктік газдар шығарындыларын азайту бойынша мақсатты көрсеткіштерге арналған жеке бөлім бар.

Тұрақты даму есебімен және Жылдық есеппен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.kmg.kz/ru/investors/reporting/

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>