Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ басшысы Өзенмұнайгазда өндіріс мәселелеріне арналған жиын өткізді

24.06.2026

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Маңғыстау облысына жұмыс сапары кезінде «Өзенмұнайгаз» АҚ (ӨМГ) 2026 жылдың бес айында атқарған жұмыс қорытындысымен және мұнай өндірісін ұлғайтуға бағытталған іс-шараларды іске асыру барысымен танысты.

Биылғы қаңтар-мамыр айларында компания 2 млн 78 мың тонна мұнай өндірді.

ӨМГ-нің негізгі басымдықтарының бірі – ресурстық базаны толықтыру болып қала береді. Осыған байланысты төмен орналасқан көкжиектерді бұрғылауға ерекше назар аударылады. Қазіргі уақытта триас шөгінділеріне арналған тереңдігі 3 000 метрден астам бағалау ұңғымасы бұрғылануда.

Сейсмикалық барлау және жобалау нүктелерін жаңарту нәтижесі бойынша ӨМГ арналық шөгінділер аумағында жаңа ұңғымаларды бұрғылап жатыр.

Мұнай өндіру деңгейін сақтап тұру үшін бос тұрған ұңғымаларды пайдалануға беру бойынша іс-шаралар кешені кеңінен жүзеге асырылуда.

Батыс Теңге кен орнында оң динамика байқалуда, бұл жерде жыл басынан бері тәуліктік мұнай өндіру көлемі 90 тоннадан 200 тоннаға дейін ұлғайды.

Су айдау тәсілінің тиімділігін арттыру үшін кен орынның түрлі учаскелерінде суды қабатқа айдауды жақсартуға бағытталған кешенді жұмыстар қолға алынды.

Өзен және Қарамандыбаста кен орындарды игеру тиімділігін арттыру және геологиялық-техникалық іс-шараларды жоспарлау үшін тұрақты жұмыс істеп тұратын геологиялық-гидродинамикалық модельді жасау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Мұнай өндіру көлемін ұлғайту мақсатында ұңғымалардың жөндеуаралық кезеңін ұзарту жөніндегі шаралар жүзеге асырылуда, соның ішінде жабындысы бар сорғы-компрессорлық құбырларды және коррозияға қарсы штангаларды енгізу.

Жерасты жабдықтарын диагностикалау мен жөндеу цехын қоса алғанда, жерүсті инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары жүргізілуде және альб-сеноман суын айдауға көшу үшін көлемі 10 мың м³ болатын резервуарлар салынып жатыр. Бұл іс-шаралар жабдықты пайдалану сенімділігін арттырады.

Компанияда операциялық тиімділік пен инженерлік шешімдердің сапасын арттыру мақсатында құрылған Сараптама және өндірістік шешімдерді қабылдау орталығы өз жұмысын бастады. Орталық деректерді талдап, негізгі көрсеткіштерді тұрақты бақылап, сарапшылардың бағасын біріктіреді. Нәтижесінде шешім жылдам қабылданып, кен орындарын игеру тиімділігі артады.

Қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, соның ішінде цифрлық технологиялар есебінен ерекше көңіл бөлінеді. Қазіргі уақытта ӨМГ-де «Электрондық наряд-рұқсат» жүйесі енгізілді, ол еңбекті қорғау мен өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына бақылауды арттыруға, сондай-ақ өндірістік тәртіпті күшейтуге мүмкіндік берді.

Бүгінгі таңда жасанды интеллект элементтері бар «Жаңа ұңғымалардың цифрлық рейтингі» модулін жетілдіру жұмыстары жүргізілуде. Ол пайдалану мақсатында бұрғылау үшін жаңа ұңғымаларды таңдау алгоритмін жақсартуға ықпал етеді.

Бұдан бөлек, ұңғымаларды жерасты және күрделі жөндеу бригадаларында TUMAR интеллектуалды жүйесі іске қосылды. Ол онлайн режимінде жұмыскерлердің ереже бұзушылықтарын, қауіпті әрекеттерін автоматты түрде анықтайды және қауіп төнген жағдайда дыбыстық сигнал береді.

Тағы бір цифрлық шешім – «Сапарларды басқару» жобасы аясындағы «Көлікке электрондық өтінімдер» жүйесі. Ол көлікке тапсырыс беру, келісу, орындау процестерін толық цифрландыруға және олардың ашық есебін жүргізуге мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысы жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылында бұл жобалардың маңызы зор.

Жиын соңында ӨМГ басшылығына биыл мұнай өндірудің жоспарлы көрсеткіштеріне қол жеткізу, қауіпсіздік техникасын сақтау және цифрландыру жұмыстарын одан әрі жүргізуге қатысты міндеттер жүктелді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>