Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

KAZENERGY-де экология мен мұнай-газ өнеркәсібінде ең озық қолжетімді техникаларын енгізу мәселелерін талқылады

26.07.2023

2023 жылғы 14 шілдеде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Серікқали Брекешевтің төрағалық етуімен KAZENERGY қауымдастығының Экология және төмен көміртекті даму мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің (бұдан әрі – Үйлестіру кеңесі) кезекті, жетінші отырысы өтті.

Кеңестің қатысушылары 2 мәселені қарады:

  1. «Мұнай және газ өндіру» ЕҚТ (Ең озық қолжетімді техникалар) бойынша анықтамалықтың жобасына мұнай-газ саласындағы кәсіпорындардың ескертулері мен ұсыныстарын талдау;
  2. І санаттағы объектілер эмиссияларының негізгі стационарлық көздерінде қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін (бұдан әрі – АБЖ) ұйымдастыруды реттейтін ЕҚТ бойынша анықтамалықтың қажеттілігі.

«Мұнай және газ өндіру» анықтамалығын әзірлеу бойынша жұмыс барысында бизнес өкілдердің бірқатар техникалық ұсыныстары ескерілді және Анықтамалықта өз көрінісін тапты.

Сонымен бірге, Үйлестіру кеңесінің төрағасы Серікқали Брекешев атап өткендей, жобалау құжаттарын әзірлеу үшін аз уақыт қалды: экологиялық тиімділікті арттыру бағдарламасы және 2024 жылдың соңына дейін кешенді экологиялық рұқсат алу үшін технологиялық нормативтерді негіздеу жобасы.

Осыған орай, Анықтамалық бойынша бар ашық мәселелерді қысқа мерзімде жасап шығу қажеттілігі атап өтілді:

  1. метанды технологиялық нормативтерді белгілей отырып, маркерлік заттар тізбесінен алып тастау;
  2. міндетті конструкциялармен (жабық түрдегі) шырақты қондырғыларды реттеу;
  3. су жылытатын қазандықтардағы, дизель-генераторлардағы ластағыш заттардың жоғары концентрациялары.

Баяндамашылардың сөйлеген сөздерінің қорытындылары бойынша Үйлестіру кеңесі «Мұнай және газ өндіру» ЕҚТ бойынша анықтамалықтың жобасына және ЕО мен АҚШ елдеріндегі ЕҚТ анықтамалықтарын әзірлеу және енгізу жөнінде тәжірибе алмасу бойынша ақпаратқа мұнай-газ саласы кәсіпорындарының ескертулері мен ұсыныстарын талдау бойынша ақпаратты назарға алды және KAZENERGY  қауымдастығына «Мұнай және газ өндіру» ЕҚТ жөніндегі анықтамалықты әзірлеу және бекіту бойынша  «ХЖТИЖО» КеАҚ-пен жұмысты жалғастыру, сондай-ақ АБЖ ұйымдастыруды реттейтін ЕҚТ бойынша анықтамалықты әзірлеу қажеттілігі мәселесі бойынша саланың позициясын пысықтау тапсырылды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>