Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

М.Мырзағалиев мұнай-газ саласының ардагерлерімен кездесті

09.02.2024

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Қазақстанның мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қайраткерлерімен кездесті.

М.Мырзағалиев ардагерлерге компанияның 2023 жылғы өндірістік қорытындылары бойынша ақпарат берді, сонымен бірге ҚМГ қазіргі инвестициялық және әлеуметтік жобалары бойынша жоспарларымен бөлісті. «ҚазМұнайГаз» өткен жылды жақсы көрсеткіштермен аяқтағанын, компания қызметінің негізгі бағыттары бойынша нәтижелері алдыңғы жылғы көрсеткіштерден асып түскендігіне тоқталды.

Кездесуге Қазақстанның мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қайраткерлері мен ардагерлері қатысты. М.Мырзағалиев ардагерлерге компанияны және мұнай-газ саласын дамытудағы стратегиялық көзқарастары мен ой-пікірлерімен бөліскені, сондай-ақ биылғы Қазақстан мұнайының 125 жылдығы аясында атқарылатын іс-шараларды талқылау үшін бас қосқан  ардагерлерге алғыс білдірді.

«Біздің кездесуіміз — «Мұнай-газ кешенінің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің бастамасының арқасында болып отыр. Бүгін біз еліміздің барлық өңірлеріндегі құрметті ардагерлерімізді жинадық. Біз сіздердің кеңестеріңіз бен ұсыныстарыңызды зор ризашылықпен қабылдайтынымызды атап өткім келеді», — деді М.Мырзағалиев кездесу барысында.

Ол өз сөзінде әлемдегі инвестиция үшін бәсекелестіктің артқандығын, заманауи технологияларды енгізудің маңыздылығын, климаттың өзгеруіне байланысты мұнай-газ компанияларына деген қысымның күшейгендігіне де тоқталып өтті.  «Біздің компания, әлемдік энергетикалық компаниялар сияқты тренттерді қадағалап, тек аймақта ғана емес, әлемде де мықты ойыншы болуды көздеп отыр. Осыған байланысты біз саланың барлық қатысушыларының бірлігі қаншалықты маңызды екенін жақсы түсінеміз», — деп ойын түйіндеді.

«Мұнай-газ кешенінің ардагерлері» РҚБ кеңесінің мүшесі Зейнолла Өтежанұлы Алшымбаев мұнай-газ саласы ардагерлерінің қоғамдағы атқарып жүрген рөлінің, соның ішінде ел бірлігін сақтау, жастарға патриоттық тәрбие беру, елін, жерін сүю, отанына адал қызмет ету тақырыбында жас буынмен кездесулер өткізіп, ақыл-кеңес беруі еліміздің тұрақтылығына, халқымыздың бірлігіне қосып жатқан үлесі деп білемін деді өз сөзінде.

 «Қазақ әуелден келелі істі елдің қарияларын жинап, тәжірбиелі ақсақалдармен кездесіп, ортаға ой салып барып бастаған. Сондықтан бұл кездесу біздің кеңестің құрамындағы мыңға жуық ардагерелер үшін маңызды. Сол ардагерлердің телегей теңіз өмірлік және мол кәсіби тәжірбиесін мұнай-газ саласында қызмет жасап жатқан жастарға беру, яғни ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру біздің бірлестіктің басты міндеттерінің бірі», — деп атап өтті ардагерлер кеңесінің мүшесі Зейнолла Өтежанұлы.

«Біз мұнай саласының тәжірибелі ардагерлері ретінде ҚазМұнайГаз компаниясымен бірге тығыз ықпалдастықта жұмыс жасаудамыз. Соның ішінде өндіріске ғылым мен білімді енгізу, мұнай өндірісінің арттыру, геологиялық барлау мен кен орындарын оңалтуға қатысты атқарылатын жұмыстарда өз тәжірибемізбен бөлісуге қуаныштымыз», — деді ардагерлер кеңесінің мүшесі Наушиев Таңбай Есенәліұлы.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>