Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ-да мұнай-газ саласындағы жұмыспен қамту мәселелері талқыланды

23.09.2026

Бүгін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ға келіп, мұнай-газ саласындағы жұмыспен қамту мәселелерін талқылады. Іс-шараға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев және ҚМГ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов қатысты.

Кездесуде жұмысқа орналастыру саласындағы, соның ішінде бұл мәселеге қатысты ҚМГ өз қызметін жүргізетін өңірлердегі қазіргі жағдай қаралды. Ұлттық компания бірқатар ұсынысын жеткізді. Атап айтқанда, еліміздің еңбек заңнамасын жетілдіру, ҚМГ-ның қолдауымен әзірленген жұмыс іздеушілерді рәсімдеу мен есепке алуға арналған «E-Kezek» цифрлық жүйесін Еnbek.kz электрондық еңбек биржасымен интеграциялау, бизнестің қызметкерлерді іздеу мен жұмысқа алу жүйесіне кеңінен қатысуы, сондай-ақ мұнай секторынан тыс жұмыспен қамту бағытын дамыту.

Өз кезегінде министрлік осы саладағы цифрлық шешімдерді, соның ішінде Жұмыспен қамтудың цифрлық қызметін, бос жұмыс орындарын жан-жақты іріктеу және еңбек тәуекелдерін мониторингілеу құралдарын таныстырды.

Жиын соңында тараптар негізгі бағыттар бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға келісті.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>