Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ компаниялар тобының ізбасарлар пулы: «Мансап» жобасы

13.07.2023

4 шілдеде Астанада «Мансап» жобасы аясында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) компаниялар тобының ізбасарлар пулының «С» пулына арналған оқыту бағдарламалары бойынша іс-шара өтті.

Кездесуге ҚМГ және еншілес ұйымдардың қызметкерлері — «А» пулына (топ-менеджерлер), «В» пулына (орта буын басшылары) және «С» пулына (бас және жетекші мамандар) іріктелген жоғары лауазымдарға лайық кандидаттар қатысты.

Жиналғандар алдында ҚМГ аппаратының басшысы Ерхан Омаров сөз сөйледі. «Мансап» жобасы 2020 жылдан бастап компанияның Директорлар кеңесінің Тағайындаулар мен сыйақылар жөніндегі комитетінің тапсырмасы бойынша іске асырылып жатқаны айтылды. Ол кадрлық әлеуетті дамыту стратегиясын орындауға және «ҚазМұнайГаз» тобының басшы құрамының құзыреттілік деңгейін арттыруға, қызметкерлер арасында белсенді және талантты көшбасшыларды ілгерілетуге бағытталған кадрлық резервті қалыптастыруға бағытталған.

Жоба басталған сәттен топ-менеджерлер мен орта буын басшылары жобалық басқару, өзгерістерді басқару және коммуникациялар, көшбасшылық және басқа да бағыттар бойынша білім алды. Бағдарламаның арқасында біразының лауазымы жоғарылады.

Іс-шара барысында «А» және «В» пулдарына арналған көшбасшылық білім беру бағдарламалары бойынша сертификаттар табыс етілді, сондай-ақ, «Тәлімгерлік: іс-әрекеттегі сабақтастық» бағдарламасы басталды. Сондай-ақ, «С» пулына арналған «Көшбасшы school - көшбасшылар мектебі» атты даму бағдарламасы ресми түрде басталып, жобаларды басқару дағдыларын дамыту мақсатында «Жасыл кеңсе» жобасына қатысу мүмкіндігі берілді. 2021 жылы осы деңгейдегі резервке 200 кандидаттың ішінен 65 қызметкер іріктеліп алынды, олар үшін қазіргі кездесуде математикалық, логикалық және коммуникативтік есептерді шешу кезінде командалық жұмыс дағдыларын тексеруге арналған тренинг ұйымдастырылды.

Алдағы уақытта «С» пулының қатысушылары көшбасшылық әлеуетін іске асыру үшін өздерінің кәсіби және жеке қасиеттерін жетілдіруі керек. Ол үшін білек сыбана жұмыс істеу қажет.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>