Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Мағзұм Мырзағалиев АҚШ-тың саясаткерлерімен, іскер топ өкілдерімен және сарапшыларымен кездесті

20.03.2024

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев жыл сайын Хьюстон қаласында өтетін CERAWeek энергетикалық конференциясына қатысу аясында Америка әкімшілігінің, АҚШ-тың бизнес өкілдерімен және танымал сарапшыларымен кездесті.

АҚШ мемлекеттік хатшысының энергетика ресурстары жөніндегі көмекшісі Джеффри Пайеттпен кездесу барысында ҚМГ-ның америкалық мұнай-газ компанияларымен орнаған ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

«Шелл» компаниясының барлау және өндіру жөніндегі директоры Зои Юновичпен және концерннің барлау, стратегия және жобалар портфелі жөніндегі атқарушы директоры Эуген Окперемен әңгіме барысында Қазақстанның ішкі нарығында артып келе жатқан сұранысты өтеу үшін тауарлық газ өндірісін ұлғайту қажеттілігін ескере отырып, Қашаған кен орнын одан әрі игеру мәселесі қаралды.

Сонымен қатар Қарашығанақ кен орнын игерудің перспективасы, Қазақстан мұнайының жаңа экспорт бағыттарын дамыту және бірлесіп геологиялық зерттеу мәселелері қозғалды.

«Былтыр «Шелл» компаниясымен қабылданған өзара түсіністік туралы меморандум аясында геологиялық барлау саласында өзара іс-қимыл жөніндегі жол картасын іске асыруға кірістік. Бұл бағытта бірнеше жоба, соның ішінде Каспий теңізін терең зерттеу жобасы қарастырылуда», — деді Мырзағалиев.

Каспий Құбыр желісі консорциумының жұмысы Chevron International Exploration and Production президенті Клей Неффпен кездесуде қаралды.

«Каспий Құбыр желісі консорциумының мұнай құбыры республикамыздың мұнай өнеркәсібі үшін ерекше маңызға ие. Ол Қазақстан мұнайының басты экспорттық бағыты және еліміздің жүк жөнелтушілері үшін экономикалық тұрғыдан тиімді бағыт болып саналады. Бүгінде ҚМГ Шевронмен бірлесіп мұнай құбырының пайдалануын қолдау үшін жабдық жеткізу және қызмет көрсету мүмкіндігін қамтамасыз ету бойынша жоспарлы жұмыс жүргізуде», — деп атап өтті М.Мырзағалиев.

Теңіз және Қашаған жобалары, Қазақстанда мұнай химиясын дамытудағы ынтымақтастық мәселелері «ЭксонМобил» компаниясының аға вице-президенті Джон Уиланмен кездесу барысында қарастырылды.

«Жалпы, америкалық серіктестерімізбен барлық стратегиялық салада өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға ұмтыламыз. Сондай-ақ бірлескен мегажобаларды жүзеге асыруда ортақ тәсілдерді ұстанамыз. Өзара іс-қимылдың жаңа перспективті бағыттардың қатарында «ҚазМұнайГаздың» мұнай-химия жобалары бар. Бұл жобаларды іске асыруға серіктестеріміз қолдау көрсететініне сенімдіміз», — деп түйіндеді М.Мырзағалиев.

«ҚазМұнайГаз» басшысы S&P Global төрағасының орынбасары Дэниэл Эргинмен де кездесті. Тараптар әлемдік энергетика нарығындағы қазіргі хал-ахуал мен оның болашағына, сондай-ақ энергетикалық дағдарыс пен геосаяси жағдайдың энергетикалық ауысуына әсер етуіне қатысты пікір алмасты. Мағзұм Мырзағалиев кездесуде ҚМГ S&P Global компаниясымен орнаған ынтымақтастықты жоғары бағалайтынын атап өтті.

DeGolyer and MacNaughton бас директоры Джон Уоллеспен әңгіме барысында ҚМГ басшысы екі компанияның геологиялық қор аудиті саласындағы өзара байланысына жоғары баға берді. «ҚазМұнайГаз» кен орындарының өнімді қабаттары бойынша деректерді талдау қорытындысына сай бастапқы геологиялық қордың 239 млн тоннаға дейін өсу әлеуеті анықталған болатын. Нәтижесінде 2021-2023 жылдары аралығында атқарылған ортақ жұмыстар жыл сайынғы техникалық игеру қорын 98% өндіру деңгейіне жеткізуге мүмкіндік берді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>