Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазТрансОйл» «Өзен – Атырау – Самара» мұнай құбыры арқылы мұнай тасымалдау тиімділігін арттырды

10.09.2026

ҚМГ-ның еншілес ұйымы – «ҚазТрансОйл» АҚ «Өзен – Атырау – Самара» мұнай құбыры арқылы мұнай тасымалдау тиімділігін арттырды.

Бірнеше жыл бойы компания «Жетібай - Өзен - Атырау» учаскесінде келіп түсетін шикізаттың физика-химиялық және реологиялық қасиеттерін ескере отырып, мұнай қабылдау үдерісін оңтайландыру бойынша кешенді жұмыстар жүргізді. Бұл өңдеу және тасымалдау үшін оңтайлы сипаттамалары бар мұнай қоспасын алуға мүмкіндік ашты.

Қазіргі уақытта жаңа тәсіл өз нәтижесін берді. Атырау мұнай өңдеу зауытына жөнелтілетін мұнайдың сапасы айтарлықтай жақсарды: 20°C температурадағы тығыздығы 860-тан 850 кг/м³-ге дейін төмендеді, ал күкірт мөлшері 0,6%-дан 0,2%-ға дейін азайды. Келіп түсетін шикізат сапасының жақсаруы зауыттың технологиялық жабдықтарының тұрақты жұмыс істеуіне және өндірілетін мұнай өнімдерінің тауарлық сипаттамаларының жақсаруына ықпал етті.

«Атырау – Самара» экспорттық бағытында мұнай қоспасының қату температурасын жоғалтуы +20°C-тан −3°C-қа дейін төмендеді. Бұл тасымалдау сенімділігін едәуір нығайтып, мұнай құбырының ықтимал тоқтап қалуы кезіндегі тәуекелдерді жоюға және мұнайды қыздыру қажеттілігін айтарлықтай азайтуға мүмкіндік берді.

Мұнай қоспасының құрамын оңтайландыру мұнайды қыздыру үшін пайдаланылатын табиғи газ шығыны да айтарлықтай қысқарды. 2022–2025 жылдары үнемделген газ көлемі 34,573 млн м³ құрады, ал жалпы қаржылық тиімділік 800 млн теңгеден асты.

Қолға алынған технологиялық шешімдер жеткізілетін шикізаттың сапасын арттыруға, оны тасымалдау жағдайларын оңтайландыруға, экспорттық бағыттың тұрақтылығын нығайтуға және шығындарды азайтуға мүмкіндік берді. «ҚазТрансОйл» тиімді мұнай тасымалдау инфрақұрылымын дамытуға бағытталған технологияларды жетілдіру жұмыстарын жалғастырады.

Айта кетейік, бұған дейін «Өзен – Атырау – Самара» мұнай құбыры арқылы мұнай тасымалдау үнемі жоғары температураны ұстап тұруды талап ететін. Мәселен, Маңғыстау мұнайы құрамындағы күкірт мөлшерінің төмендігімен ерекшеленеді, алайда оның қату температурасын жоғалтуы +30°C-қа дейін жетеді. Ал Бозашы мұнайы тұтқырлығының жоғарылығымен және аққыштығын жоғалту температурасының −21°C дейін төмен болуымен сипатталады. Мұнай құбырының бүкіл бойында қажетті температуралық режимді сақтау сенімді әрі тұрақты тасымалдауды қамтамасыз етудің маңызды талабы болды.

Анықтама:

«Өзен – Атырау – Самара» мұнай құбыры – еліміздің батыс өңіріндегі кен орындарынан өндірілген мұнайды отандық мұнай өңдеу зауыттарына, сондай-ақ одан әрі әлемдік нарықтарға шығатын экспорттық бағыттар бойынша тасымалдауды қамтамасыз ететін Қазақстанның негізгі магистральдық мұнай құбырларының бірі. Ол 1978 жылы пайдалануға берілді. Мұнай құбырының Қазақстан аумағындағы бөлігінің ұзындығы 1238 шақырымды құрайды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>