Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ басшысы ҚазТрансОйл компаниясының Ақтаудағы оқу орталығының жұмысымен танысты

23.07.2026

Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов «ҚазТрансОйл» АҚ-ның мұнай тасымалдау саласы қызметкерлерін даярлау және олардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз ететін оқу орталығының қызметімен танысты.

Оқу орталығында жыл сайын 80-ге жуық білім беру бағдарламасы бойынша 15 мыңнан астам оқыту өткізіледі. 2024 жылдан бастап осы уақытқа дейін бұл жерде 58 мың маман оқудан өтті. Қызметкерлерді өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, азаматтық қорғау және төтенше жағдайлардың алдын алу бағыттары бойынша даярлауға ерекше көңіл бөлінеді.

ҚМГ басшысына білім беру үдерісін цифрландыру нәтижелері таныстырылды. Орталықта LMS платформасы мен QR-коды бар электрондық куәліктер енгізіліп, жасанды интеллект технологиялары, VR/AR кешендері және роботтандырылған оқу жүйелері енгізіліп келеді. Сонымен қатар саланың технологиялық дамуына сәйкес сұранысқа ие жаңа мамандықтар бойынша білікті мамандар даярлау, олардың кәсіби дағдыларын жетілдіру жүйесі қалыптастырылуда.

Сондай-ақ оқу-материалдық базаны одан әрі дамыту, жетекші жоғары оқу орындарымен, колледждермен және салалық сарапшылармен ынтымақтастықты кеңейту, IOSH халықаралық аккредиттеуінен өтуге дайындық жоспарлары қаралды. Бұл бастамаларды іске асыру оқу бағдарламаларының сапасын арттыруға және олардың еңбекті қорғау мен қауіпсіздік саласындағы заманауи халықаралық талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

ҚМГ басшысы оқу базасын жаңғырту жұмыстарын жалғастыруды, оқыту үдерісіне заманауи цифрлық құралдарды жан-жақты енгізуді және саланың өзекті сын-қатерлері мен міндеттеріне жауап беретін мамандар даярлау бағдарламаларын дамытуды тапсырды. Анықтама: Оқу орталығының тарихы 1988 жылы Маңғышлақ аудандық мұнай құбыры басқармасы жанынан оқу-курстық пункттің құрылуынан бастау алады. 38 жылдан астам уақыт ішінде ол «ҚазТрансОйл» АҚ-ның дербес құрылымдық бөлімшесіне айналды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>