Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚазМұнайГаз биыл жарты жылдағы комплаенс қызметін қорытындылады

23.07.2026

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) комплаенс қызметі компаниялар тобында корпоративтік комплаенс жүйесін одан әрі дамытуға және жетілдіруге, сондай-ақ еншілес және тәуелді ұйымдар арасында практикалық тәжірибе алмасуға бағытталған стратегиялық сессия өткізді.

Комплаенс қызметтері заңнаманың, халықаралық стандарттардың, әдеп нормаларының сақталуын және сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуды қамтамасыз етеді.

Іс-шара аясында «ҚазТрансОйл» АҚ, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Ембімұнайгаз» АҚ, «Өзенмұнайгаз» АҚ, «CASPI BITUM» және «KPI Inc.» ЖШС комплаенс жүйелердің жұмыс істеуі, қол жеткізілген нәтижелер мен жұмыстың басым бағыттары туралы есептер ұсынды. 

Кездесуге қатысушыларға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға шолу жасалды. Сарапшылар «Самұрық-Қазына» АҚ тобының комплаенс функциясының корпоративтік стандартын өзектендіру шеңберінде әзірленген есептіліктің жаңа нысанына ерекше назар аударды. Жаңартылған стандартты енгізу бизнес-процестердің ашықтығын көтеруге және тәуекелдерді бағалау тәсілдерін біріздендіруге арналған.

Стратегиялық сессияны өткізу есепті кезеңдегі жұмыс нәтижелерін жүйелеуге, озық тәжірибелермен алмасуға және ҚМГ-ның барлық құрылымдық бөлімшесінде бірыңғай комплаенс жүйесін одан әрі нығайтудың негізгі қадамдарын айқындауға мүмкіндік берді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>