Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚазМұнайГаз корпоративтік волонтерлер қозғалысын дамытады

03.11.2023

2 қарашада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ кеңсесінде «KMG-Volunteer» волонтерлер қозғалысы Ұлттық волонтерлік желі өкілдерімен кездесіп, Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Келісім KMG-Volunteer қатысушыларына еріктіліктің негізгі дағдылары мен қағидаттарын, коммуникация орнату әдістерін үйретуге көмектеседі. Құжат жобалар мен бұқаралық іс-шараларды бірлесіп әзірлеуді және іске асыруды, елде және шетелде волонтерлік акцияларға қатысуды көздейді. Жалпы, Ұлттық волонтерлік желімен ынтымақтастық ҚМГ-де корпоративтік рухты нығайтуға ықпал етеді.

«ҚазМұнайГаз» еріктілер қозғалысы өз жұмысын Бурабай көлінің жағалау аймақтарын тазарту акциясынан бастады. Бұл экочелленджді ҚМГ-нің «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Қаражанбасмұнай», «Ембімұнайгаз», «Маңғыстаумұнайгаз», «АМӨЗ» ЖШС, «PetroKazahstan Oil Products», «ПМХЗ», «CaspiBitum», «OSC» еншілес ұйымдары жалғастырды. Нәтижесінде өңірлер бойынша барлығы 900 тоннадан астам қоқыс жиналды, бұл 5 қабатты ғимарат көлемімен тең.

Волонтерлер қозғалысының іс-шаралар жоспары мен Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру барысында волонтерлер елордадағы №76 Ә.Бөкейхан атындағы мектеп-лицейінің аумағына ағаш отырғызып, оқу орнына 129 түп ағаш сыйлады.

«ҚазМұнайГаз» еріктілер қозғалысы алдағы уақытта басқа да іс-шараларды жоспарлап отыр.

Осылайша, ұлттық компания жақында өткен халықаралық волонтерлер форумында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткен қоғамда волонтерлер қозғалысын дамыту жөніндегі міндеттерді қолдайды.

ҚМГ мен KMG-Volunteer қозғалысы корпоративтік волонтерлік бойынша әлемдік тәжірибені ескере отырып, 2025 жылға қарай компаниядағы еріктілер санын қызметкерлердің жалпы санының 15%-на дейін жеткізуді көздейді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>