Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚазМұнайГаз компаниялар тобы су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық және техникалық көмек беруді жалғастыруда

11.04.2024

«ҚазТрансОйл» АҚ Атырау мұнай құбыры басқармасы Атырау қаласындағы Жайық өзенінің бойында су жинау бекетін (ұзындығы 4 км) салуға атсалысып жатыр. Бүгінгі таңда 2 шақырымнан астам су жинау бекеті салынды. 5 сәуірден бастап «ҚазТрансОйл» АҚ қызметкерлері 4,55 км жағалауды бекіту жұмыстарын атқарып, 1375 рейспен топырақ тасыды. Сондай-ақ, Атырау мұнай құбыры басқармасының қызметкерлері Жайық өзенінің жағалауын нығайтуға 10 мың қап жіберді.

«ҚазТрансОйл» АҚ Маңғыстау мұнай құбыры басқармасының қызметкерлері Құлсары қаласының 100 тұрғынын қажетті заттармен, азық-түлікпен, киім-кешекпен, шаруашылық және балалар тауарымен қамтамасыз етті. Эвакуацияланған адамдар Маңғыстау облысы Өмірзақ ауылының орта мектебінде, өндірістік аймаққа жақын орналасқан.

«Ембімұнайгаз» АҚ қызметкерлері және компания тарапынан бөлінген техника Атырау қаласындағы Сарыөзек жағалауын тасқын судан қорғау жұмыстарын жалғастыруда. Бұл ауданда тасқын суға қарсы облыстық штаб бөгет төсеу үшін компанияға 4,4 шақырым учаске бөлген болатын. Сонымен бірге ембіліктер Алмалы селосында да дәл осындай жұмысты қатар жүргізді. Қазіргі кезде ембілік мұнайшылардың күшімен 2,5 шақырымға жуық бөгет төселді.

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ЖШС құтқару-іздеу операцияларына көмектесетін 20 дана үрлемелі сал, 12 суға арналған костюм, 4 өрт сөндіру жеңін берді. Бұдан басқа, «Қазақтеңізкөлікфлоты» Баку-Ақтау бағыты бойынша гуманитарлық көмекті тегін жеткізетінін мәлімдеді. Қажет болған жағдайда су тасқыны салдарынан зардап шеккендерге контейнерге салынған жүктер Баку портынан Ақтау портына тегін жеткізілетін болады. Сондай-ақ, компанияның жастар кеңесі қызметкерлер мен экипаж арасында қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Ақшалай қаражат Ақтауға эвакуацияланған адамдарға гуманитарлық көмек көрсету үшін жіберілді.

«Қаражанбасмұнай» АҚ Атырау облысын қолдау мақсатында көмек жұмыстарын жалғастырып жатыр. Компания тиеу, көтеру және қазу жұмыстарына арналған қос техника жіберді. Арнайы техникалар су тасқынынан зардап шеккен және әлі де қауіп төніп тұрған елді мекендерге бөгет салу және нығайту жұмыстарына жұмылдырылады.

«KMG Barlau» ЖШС Ақтөбе облысы Мәртөк ауданындағы қауіпті және су басқан учаскелерден тұрғындарды эвакуациялау үшін автокөлік техникасын берді: 6 автобус, 6 бортты автомобиль, 1 жүк тиегіш. Сондай-ақ, компания су тасқынына қарсы іс-шараларға қажет құралдарды (күрек, құтқару кеудешелері, резеңке етік, қап және т. б.) жеткізді.

«Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС «Павлодар облысының Өрт сөндіру қызметі және АҚЖ» мемлекеттік мекемесін толық жабдықталған арнайы техникамен қамтамасыз етіп, өртке қарсы қызметтің жеке құрамынан қызметкерлер бөлді. Ортақ жұмыстың нәтижесінде Успен ауданының Успенка және Вознесенка ауылдарында, Тереңкөл ауданының Тереңкөл ауылында еріген қар суы елді мекендерден ойпатты дала аймақтарына қарай шығарылып жатыр.

Ақтау битум зауыты да («CASPI BITUM» БК» ЖШС) шет қалмай, Атырау облысына оралған битумға арналған 300 қап жіберді, бұл қаптарға барлығы 360 тоннаға құм сыяды. Кәсіпорын қызметкерлері бір күндік жалақысын республикалық қоғамдық қорға аударуда, кәсіподақ комитетінің мүшелері Маңғыстау облысына эвакуацияланған отбасыларына беру үшін азық-түлік, киім-кешек және басқа да қажетті тауарларды жинап жатыр.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>