Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ мен CNPC өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуда

23.06.2025

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясының (CNPC) вице-президенті Чжан Даовэймен кездесті.

Тараптар бірқатар ортақ стратегиялық жобаларды, атап айтқанда, Ақтөбе облысындағы Өріктау кен орнынан Жаңажол газ өңдеу зауытына газ жеткізудің талаптарын талқылады. Аталмыш зауыттың операторы — «CNPC-Ақтөбемұнайгаз» АҚ.

Шикі газды беру 2026 жылдың 4-тоқсанынан басталып, 2027 жылға дейін 200 млн текше метрге дейін, 2027 жылдың желтоқсанынан бастап жылына шамамен 1 млрд текше метр газ жеткізіледі деп жоспарлануда.

Бұған қоса Өріктау кен орнын жайластыруға қатысты жобалық құжаттаманы әзірлеу, газдың құрамын егжей-тегжейлі талдау және өңдеудің неғұрлым тиімді әдістерін анықтау үшін газ ұңғымаларын сынақтан өткізу жұмыстары қатар жүргізілуде. Кездесуде бірлескен кәсіпорындардың, атап айтқанда «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ кен орындарының қазіргі қызметі талқыланды.

 Мұнай алу коэффициентін арттыру технологияларын (полимерлі суландыру, торланған полимерлі құрамды қолдану, технология жағынан күрделі ұңғымаларды бұрғылау) қолдана отырып, ескі кен орындарды және өндірілуі қиын қорларды тиімді игеру мәселелері жеке қаралды.

Кездесу қорытындысы бойынша Асхат Хасенов пен Чжан Даовэй өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту үшін барлық стратегиялық жобалар бойынша белсенді жұмысты жалғастыруға дайын екенін жеткізді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>