Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ Басқарма төрағасы Хьюстонда шетелдің бірқатар мұнай-газ компаниясының басшыларымен кездесу өткізді

20.03.2024

«Эни» компаниясының табиғи ресурстар бөлімінің өндіріс жөніндегі бас директоры Гвидо Брускомен кездесу барысында бірлескен жобалардың қазіргі жағдайы қаралды. Атап айтқанда, кездесуде биыл қаңтар айында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ҚМГ мен «Эни» компаниялары қол қойған Жаңаөзенде гибридті электр станциясын салу жобасын іске асыру туралы бірлескен шешім аясындағы іс-шаралар туралы сөз қозғалды.

Бұл жоба ҚазМұнайГаздың өңірдегі өндірістік нысандарын электр қуатымен тұрақты қамтамасыз ету үшін жел, күн және газ электр станциясын салуды көздейді. Дәл мұндай гибридті жоба Қазақстан Республикасының көміртегі бейтараптығына қол жеткізуінің 2060 жылға дейінгі стратегиясының мақсаттарына сай елімізде алғаш рет іске асырылатын болады. Бұдан бөлек, «Абай» жобасы аясында алғашқы барлау ұңғымасын бұрғылауға дайындық жұмысының жайы айтылды.

Abu Dhabi National Oil Company (ADNOC, БАӘ) атқарушы директоры Мұссаббех Әл-Қаабимен кездесуде көмірсутек өндіру, тасымалдау және өңдеу жобалары бойынша ынтымақтастық перспективалары талқыланды.

Сонымен қатар «ҚазМұнайГаз» Басқарма төрағасы «SLB Asia» («Шлюмберже») президенті Эми Чуамен кездесті. Тараптар геологиялық зерттеу саласындағы өзара іс-қимыл және «ҚазМұнайГаздың» перспективті геологиялық барлау жобалары бойынша ауқымды роуд-шоу ұйымдастыру мәселелерін талқылады.

Қазіргі уақытта тараптар ҚМГ-ның өндіруші кәсіпорындарына бағдарламалық қамтамасыз ету және технологиялық жабдықтарды жеткізу, сондай-ақ ұңғымаларды геофизикалық зерттеу, жер қабатын сынау бойынша сервистік қызметтер көрсету және басқа да бағыттарда ынтымақтастық орнатқаны атап айтылды. М.Мырзағалиев ҚМГ-ның «Шлюмберже» компаниясымен табысты серіктестігі жалғасын табатынына сенім білдірді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>