Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

AIX биржасында ҚМГ еурооблигацияларының сауда-саттығы басталды

31.10.2025

31 қазанда «Астана» халықаралық қаржы орталығының (Astana International Exchange, AIX) биржасында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның (ҚМГ) юаньмен номинацияланған еурооблигацияларының сауда-саттығы басталды.

Сауда-саттықтың ресми ашылу салтанатына ҚМГ Басқарма төрағасының орынбасары Диана Арысова, AIX Басқарма төрайымы Әсел Мұқажанова және жаһандық үйлестірушілер мен букраннерлердің өкілдері қатысты.

«Бұл — ҚазМұнайГаздың қытай юані нарығындағы дебюттік шығарылымы. ҚМГ-ның Dim Sum облигациялары енді Гонконг қор биржасында және Astana International Exchange-де айналымға шықты. Бұл ҚазМұнайГаздың әлемнің жетекші қаржы алаңдарында танылғанын көрсетеді. Осы шығарылым жай ғана қаржы операциясы емес, сонымен қатар қаржыландыру көздерін әртараптандыруға, инвесторлар ортасын кеңейтуге және Азияның капитал нарықтарына белсенді шығуға бағытталған стратегиялық қадам. Біздің бастамамыз Қазақстанның басқа компанияларына үлгі болып, олар да халықаралық нарықтарға белсене шыға бастайды деп үміттенемін», - деп атап өтті ҚМГ Басқарма төрағасының орынбасары Диана Арысова.

«ҚМГ Dim Sum облигациялар нарығында сәтті дебют жасап, тартымды кірістілікке қол жеткізіп, әртүрлі инвесторларды қамтыды. Бұл шығарылым басқа компанияларға бағдар болды. HKEX (Гонконг қор биржасы) пен AIX арасындағы кеңейіп келе жатқан ынтымақтастық екі тараптың да бизнесі үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, трансшекаралық қаржыландыруға серпін береді», - деді AIX Басқарма төрайымы Әсел Мұқажанова.

Айта кетейік, ҚМГ биыл 23 қазанда 1,25 млрд юань көлемінде және айналым мерзімі 5 жыл болатын Dim Sum облигацияларының алғашқы шығарылымына өтінім қабылдау кітабын сәтті жапты. Купондық мөлшерлемесі 2,95%, кірістілігі 3,15% құрады, ал өтінімдер көлемі шамамен 3,8 млрд юаньға жетті. Бұл инвесторлардың ҚМГ-ға деген жоғары қызығушылығын растап отыр.

Осы шығарылым кіріс пен купондық мөлшерлеме бойынша халықаралық қаржы талдаушылар тарапынан оң бағаға ие болды. Dim Sum облигацияларын сәтті орналастыру – ҚМГ-ның кредиттік профиліне, сондай-ақ Қазақстанның макроэкономикалық тұрақтылығына деген жоғары сенімнің тағы бір көрінісі.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>