Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ комплаенстың озық стандарттарын енгізеді

09.12.2023

9 желтоқсанда Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күні аталып өтіледі. Сонымен қатар биылғы жылы БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясының қабылданғанына 20 жылдығы атап өтілді. 

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-та сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыт Комплаенс қызметіне сеніп тапсырылды, ол ұлттық компанияда корпоративтік басқарудың әлемдік практикасының енгізілуін және осы саладағы қажетті саясаттың  іске асырылуын қамтамасыз етеді.

Этиканың стандарттарына сәйкестігі және бизнесті адал жүргізу үшін Қызмет компанияның контрагенттерін тексереді. Бұл сенімсіз серіктестермен шарттар жасасудың жолын кесуге, тауарларды жеткізбеу, жұмыстарды орындамау немесе қызметтерді көрсетпеу тәуекелдерін азайтуға көмектеседі.

ҚМГ-де ұйымдық-өкімдік және әкімшілік-шаруашылық функцияларды орындаумен байланысты бос лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тексеру де жүзеге асырылады. Жұмысқа қабылдау шарттарының бірі сатып алу рәсімдерімен айналысатын ізденушілер үшін психологиялық тексерулер мен полиграфтағы (өтірік детекторындағы) тесттер болды.

Комплаенс мамандары жұмысының тағы бір маңызды бағыты — сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау. Оның нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға ықпал ететін себептер мен жағдайлар, сондай-ақ компанияның бизнес-процестеріндегі кемшіліктер анықталады.

Мүдделер қақтығысын басқарудың тиімді жүйесін құру мақсатында 2020 жылдан бастап «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобының барлық қызметкерлері үшін мүдделер қақтығысын жалпыға бірдей декларациялау жүргізілуде.

Қызметкерлердің құқықтарын сақтаудың мүдделерінде қызметкерлердің тарабынан да, сондай-ақ үшінші тұлғалардың тарабынан құқыққа қарсы әрекеттердің барлық фактілері туралы нақты уақыт режимінде  ақпараттандыру жүйесі құрылды. Әр қызметкер немесе өзге тұлға ҚМГ және  еншілес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайтын басқа қызметкерлердің, контрагенттердің немесе өзге тұлғалардың іс-қимылының заңдылығына күмән туындаған жағдайда бұл туралы компания басшылығына, өзінің тікелей басшысына және Комплаенс қызметіне хабарлай алады. Оның ішінде мұны «ҚазМұнайГаз» корпоративтік сайтында және еншілес компаниялардың сайттарында орналасқан «Жедел желі» арқылы жасауға болады.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және комплаенс қызметтері қызметкерлерінің хабардарлығын арттыру үшін ҚМГ тобының комплаенс-офицерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мәселелері бойынша, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінің қатысуымен тұрақты кеңестер, семинарлар өткізеді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>