Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚазМұнайГаз бен CNPC ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылады

15.04.2024

15 сәуірде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев CNPC компаниясының Орталық Азия және Ресей президенті Биан Дыжы мырзамен кездесті.

Кездесу барысында тараптар серіктестіктің басым бағыттарын талқылады. Атап айтқанда, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ кен орындарында бұрғылау және геологиялық барлау жұмыстарына қатысты жоспарлар, мұнай игеруді ұлғайту әдістері талқыланды.

Тараптар сондай-ақ жаңа геологиялық барлау жобаларын игеруге қатысты ынтымақтастық мәселесіне тоқталды. Геологиялық барлау саласындағы ынтымақтастық аясында ҚМГ және CNPC мамандары қарастыру үшін бірнеше жобаны таңдап алды. Қазіргі уақытта CNPC тарапынан ҚМГ өз күшімен жүзеге асырып жатқан басқа да геологиялық жобаларға талдау жұмыстары жүргізілуде.

«Серіктестігіміздің басым бағыттарын талқылау арқылы мұнай-газ саласын одан әрі тиімді дамытуға ұмтыламыз. Энергия көздеріне сұранысты өтеу және саланың тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін мұнай өндірісін ұлғайтуға және өңдеу қуаттарын кеңейтуге ықпал ететін жобаларды жүзеге асыруға ден қоямыз», — деді М.Мырзағалиев.

Бұдан бөлек, кездесуде Шымкент мұнай өңдеу зауытының («ПҚОП» ЖШС) өңдеу қуатын жылына 12 млн тоннаға дейін кеңейту жобасының алдын ала техникалық-экономикалық негіздемесі туралы айтылды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>