Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Қазақстан қор биржасы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясын үздік корпоративтік есептері үшін марапаттады

23.02.2023

«Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE) 2022 жылды қорытындылап, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ты (бұдан әрі – ҚМГ; Компания) ашықтық, корпоративтік есептілікті дайындау саласындағы бірқатар елеулі жетістіктері үшін, сондай-ақ жергілікті IPO-ны өткізгені үшін марапаттады. Салтанатты марапаттау рәсімі 2023 жылдың 17 ақпанында өтті.

ҚМГ қаржылық емес сектордағы «2021 жылдың үздік жылдық есебі» номинациясында және «2021 жылдың тұрақты даму туралы үздік есебі» номинациясында жеңіске жетті. Компания корпоративтік есептіліктің озық халықаралық тәжірибелеріне сай болуға ұмтыла отырып, өз қызметі жайлы жан-жақты әрі сапалы ақпараттың дайындалуына ерекше назар аударады. Бұл мүдделі тараптардың Компанияның қызметін жете түсініп, өзіне нақты және пайдалы ақпарат алуы үшін қажет.

Сонымен бірге Компания реттеуші талаптарға сәйкес ақпаратты тиісті түрде жария еткені және өз қызметін толық әрі мазмұнды жариялауға ынтасы үшін «Ашықтыққа ұмтылысы үшін» дипломымен марапатталды.

ҚМГ-нің KASE және AIX биржаларында IPO-ға шығып, жария компания мәртебесін алуы – 2022 жылдың маңызды корпоративтік оқиғасы болды, осыған байланысты Компания «Жергілікті IPO-ны табысты өткізгені үшін» номинациясында да атап өтілді.

«Бізді жоғары наградалармен марапаттағаны үшін KASE-ге алғыс білдіреміз. Сонымен бірге жария компания мәртебесіне ие болғаннан кейін ҚМГ қызметі туралы ақпаратты объективті және дер кезінде жариялау міндеті арта түскенін білеміз. Жоғары ашықтықты қамтамасыз ету және үздік корпоративтік стандарттарды сақтау жолындағы қызметімізді жалғастыра береміз», - деді ҚМГ Қаржы департаментінің директоры Марат Диқанбаев.

Тұрақты даму мақсаттарына жету қазіргі заманғы компаниялар үшін жаһандық тренд қана емес, әрбір қызметкердің күнделікті өміріндегі нақты қажеттілігіне айналуда.

«Біздің Компания осы жаһандық трендті ұстанып қана қоймай, «Тұрақты даму және өндірістің көміртегі сыйымдылығын жүйелі төмендетуді» өзінің негізгі стратегиялық мақсаттарының бірі ретінде айқындады. Сонымен қатар Қазақстанда осы бағыттағы жоғары стандарттарды ҚМГ көп жағдайда өзі белгілейді. Мысалы, ҚМГ өзінің төменкөміртекті дамыту бағдарламасын әзірлеген Қазақстандағы алғашқы компания болды. Бұл ретте тұрақты даму идеяларының жан-жақты қамтылуы оны ілгерілетудің маңызды факторы болып отыр, сондықтан да біз тұрақты даму туралы есебімізде ESG бастамалары мен тиісті нәтижелері жөнінде егжей-тегжейлі баяндаймыз. KASE біздің тұрақты даму туралы есебімізді жоғары бағалағанына қуаныштымыз», - деп атап өтті стратегия және инвестициялар портфелін басқару департаментінің директоры Айша Төребаева.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>