Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ мен Sinopec бірлескен жобаларды іске асыру барысын қарастырды

31.07.2026

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Бейжіңге (ҚХР) жұмыс сапары кезінде Sinopec Group Директорлар кеңесінің төрағасы Хоу Цицзюньмен кездесу өткізді.

 Sinopec – Батыс Қазақстан облысында орналасқан «Березовский» барлау жобасы бойынша ҚМГ-ның стратегиялық серіктесі. Жоба тепе-тең талаптармен (50/50) жүзеге асырылуда, бұл ретте барлау кезеңін Қытай компаниясы қаржыландыруда.

Жұмыс жоспарына сәйкес жыл соңына дейін 900 бойлық шақырым көлемінде 2D сейсмикалық барлау іс-шаралары басталады деп көзделген. Минималды жұмыс бағдарламасы аясында 2D сейсмикалық барлаудан кейін 300 шаршы шақырым көлемінде 3D сейсмикалық барлау жұмыстары жоспарланып отыр. Мақсаты – 7 000 метр болатын күрделі әрі өте терең ұңғыманы бұрғылау алдында жан-жақты зерттеу жүргізу мен жоспарлау.

Сонымен қатар Sinopec компаниясы ҚМГ-ның басқа да геологиялық барлау жобалары бойынша ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екенін білдірді.

Бұдан бөлек, қуаты жылына 1,25 млн тонна полиэтилен өндіретін зауыт құрылысының жобасын іске асыру барысы қаралды. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары екі негізгі технологиялық қондырғы – пиролиз және полимерлеу алаңдарында жүріп жатыр. Жуырда ірі габаритті жабдықтың алғашқы легі жеткізілді. Жобаның жалпы ілгерілеу көрсеткіші 34% асады. Барлық жұмыс кестеге сәйкес жүргізілуде.

Айта кетсек, Қытайдың ірі химиялық Sinopec корпорациясы Қазақстанның өңдеу өнеркәсібіндегі ірі жобалардың бірін іске асыруға өзінің озық тәжірибесін енгізуде. Компанияның дамыған сауда-логистикалық инфрақұрылымы болашақ өнімдердің Оңтүстік-Шығыс Азия мен ҚХР-дың стратегиялық маңызы бар нарықтарына сенімді шығуын қамтамасыз ететін болады.

Тараптар «Қазақойл Ақтөбе» бірлескен өндіруші кәсіпорынның қызметіне де тоқталды. Компанияның мұнай өндіруді ұлғайту жөніндегі стратегиясы аясында 2028 жылға қарай өндіру көлемін 500 мың тоннадан 800 мың тоннаға дейін арттыру міндеті қойылды. Осыған байланысты жаңа вертикалды, еңіс және көлбеу ұңғымаларды бұрғылауды қоса алғанда, заманауи геологиялық-техникалық шешімдерді енгізу жоспарланып отыр.

Көмірқышқыл газын тұту, пайдалану және сақтау технологиялары (CCUS) саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері де талқыланды. ҚМГ Sinopec тәжірибесін пайдалана отырып, тиісті жобаларды іске асыру үшін бірлескен жұмыс тобын құруға мүдделі екенін жеткізді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>