Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚазМұнайГаз және Lummus Technology Атырауда цифрлық құзырет орталығын ашады

22.09.2025

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) және америкалық Lummus Technology компаниясы Атырау қаласында цифрлық құзырет орталығын құру туралы алдын ала келісім жасасты. Құжатқа ҚМГ Басқарма төрағасы Асхат Хасеновтің Нью-Йоркте Lummus Technology президенті және бас атқарушы директоры Леон де Брюйнмен кездесуі барысында қол қойылды.

 Жаңа орталық Қазақстанға технологиялар трансферін қамтамасыз етуге және жаңа мұнай-газ химиясы өндірістерінде жұмыс істейтін кадрларды даярлауға мүмкіндік береді. Мұнда мамандар заманауи технологиялардың қыр-сырын үйреніп, біліктілігін арттырады. Сондай-ақ өнеркәсіптегі қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аудару жоспарда.

Орталықтың операторы ҚМГ еншілес компаниясы — «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС болады.

Келісімге қол қою екі компания арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне жол ашады. Lummus Technology қазірдің өзінде ҚМГ-ның бірқатар ірі жобалары үшін негізгі технологиялардың лицензиары. Олардың қатарында пропанды дегидрлеу және пропиленді полимерлеу технологиялары қолданылатын «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС (KPI) зауыты бар, сондай-ақ Lummus «Полиэтилен» жобасында (операторы — «Силлено» ЖШС) пиролиз қондырғысының лицензиары.

Тараптар құзырет орталығын құру өндірістерді тиімді пайдалануға ғана емес, сонымен қатар мұнай-газ химиясы саласының болашақ жобалары үшін кадрлық резервті қалыптастыруға ықпалын тигізетініне сенім білдірді.

Анықтама:

Lummus Technology LLC — америкалық компания және мұнай өңдеу мен мұнай химиясына арналған технологияларды лицензиялау саласындағы әлемдік көшбасшы кәсіпорын. Ол «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ға KPI мен полиэтилен өндіретін зауыттарын қоса алғанда, стратегиялық жобалар үшін негізгі технологияларды ұсынуда. Сонымен қатар Атырауда цифрлық құзырет орталығын құрудағы ҚМГ-ның серіктесі.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>