Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ басшысы Хьюстонда өткен CERAWeek энергетикалық конференциясына қатысты

12.03.2025

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов CERAWeek конференциясы аясында «Болашақта өсу мен тұрақтылығы жолындағы барлау мен өндіру стратегиялары» тақырыбы бойынша өткен панельдік сессияға қатысып, компанияның басым бағыттары туралы айтты.

А.Хасенов өз сөзінде ҚМГ елдің ресурстық базасын және энергетиканың ұзақ мерзімді қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында геологиялық барлау қызметін белсенді жүргізіп келе жатқанын атап өтті.

— Қазақстанда көмірсутектің үлкен қоры бар және әлеуеті жоғары зерттелмеген учаскелер көп. Біз инвесторларды геологиялық барлау жобаларына қатысуға шақырамыз. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қабылданып, преференцияларды қарастыратын Жақсартылған модельдік келісімшарт тетіктері барлау және күрделі жобалардың тартымдылығын арттырды. ҚМГ 2024 жылы елдің бірнеше аймағында тереңдігі 5 мың метрден асатын ұңғымаларды бұрғылауды бастады. Жұмыс істеп тұрған кен орындарда да қосымша барлау іс-шаралары жалғасуда. Оның үстіне ынтымақтастығымыз нығая түскен ірі халықаралық компаниялар тарапынан үлкен қызығушылықтың бар екенін көріп отырмыз, — деді ҚМГ басшысы.

 Сонымен қатар А.Хасенов 2060 жылға дейінгі төмен көміртекті даму бағдарламасы туралы айтып берді. Сондай-ақ мұнай өндіру процестерін цифрландыруды тездетіп, өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік ашқан жасанды интеллект негізіндегі жасалған ҚазМұнайГаздың жеке жобаларын таныстырды.

— Қазақстан мұнай-газ саласында халықаралық инвесторларға көп мүмкіндіктер ұсынады. Бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдай жасалған, сондай-ақ мемлекет тұрақты энергетиканы дамыту, геологиялық барлау және озық технологияларды енгізу бағытындағы бастамаларды қолдайды. ҚазМұнайГаз түрлі бағыт бойынша серіктестікке әрқашан ашық және ұзақ мерзімді өсуді қамтамасыз ететін перспективті жобалар бойынша бірлесіп жұмыс істеуге дайын, — деп толықтырды А.Хасенов.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>