«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының дауыс беру нәтижелері
02.06.2026
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «ҚазМұнайГаз», «ҚМГ» немесе «Компания») 2026 жылғы 29 мамырда дауыс беру арқылы өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысының (бұдан әрі – АЖЖЖ) қорытындысын жариялайды.
АЖЖЖ өткізу күні ҚМГ-ның орналастырылған акцияларының жалпы саны 610 119 493 дананы құрады, оның ішінде дауыс беретін акциялар саны – 610 044 712. Тіркеу журналына сәйкес 2026 жылғы 29 мамырда сағат 15:00 жағдай бойынша (Астана уақытымен) АЖЖЖ-ға қатысу үшін «Самұрық-Қазына» АҚ, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің уәкілетті өкілдері тіркелді. Бұл ұйымдар тұтастай алғанда ҚМГ-ның 595 018 728 дауыс беретін акцияларына иелік етеді, бұл Компанияның дауыс беретін акцияларының жалпы санының 97,54% құрайды.
АЖЖЖ өтетіні туралы хабарлама 2026 жылғы 29 сәуірде жарияланған болатын. АЖЖЖ-ның күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар акционерлердің танысуы үшін АЖЖЖ өткізілетін күнге дейін кемінде 10 (он) күнтізбелік күн бұрын ұсынылды. Белгіленген мерзімде акционерлерден АЖЖЖ материалдарына қатысты сұрақтар келіп түскен жоқ.
АЖЖЖ-ның күн тәртібіне енгізілген мәселелер бойынша акционерлер арасында дауыс беруі өткізілді және тиісті шешімдер қабылданды.
| Шешімдер | Қолдаймын | % | Қарсымын | % | Қалыс қалдым | % |
|---|---|---|---|---|---|---|
| 1. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 2025 жылғы аудиттелген жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы | 595 018 728 | 100% | 0 | 0,00% | 0 | 0,00% |
| 2. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның 2025 жылға арналған таза кірісін бөлу тәртібі және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бір жай акциясына есептегендегі дивиденд мөлшері туралы | 595 018 728 | 100% | 0 | 0,00% | 0 | 0,00% |
| 3. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ акционерлерінің 2025 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның және оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне қатысты келіп түскен өтініштер және оларды қарау қорытындылары туралы | 595 018 728 | 100% | 0 | 0,00% | 0 | 0,00% |
| 4. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесінің құрамы туралы | 595 018 728 | 100% | 0 | 0,00% | 0 | 0,00% |
2025 жылдың қорытындысы бойынша дивиденд төлеу туралы
Акционерлер Компанияның дивиденд саясатын басшылыққа ала отырып және 2025 жылғы аудиттелген қаржылық көрсеткіштер негізінде ҚазМұнайГаздың бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшерін 573 (бес жүз жетпіс үш) теңге 66 (алпыс алты) тиын көлемінде бекітті. Дивиденд ҚМГ-ның 2025 жылғы пайдасынан төленеді. Осылайша, дивидендтердің жалпы сомасы 350 001 148 354 (үш жүз елу миллиард бір миллион жүз қырық сегіз мың үш жүз елу төрт) теңге және 38 (отыз сегіз) тиынды құрайды.
2025 жылдың қорытындысы бойынша дивидендтер 2026 жылғы 30 мамырдағы жергілікті уақыт бойынша сағат 00:00-дегі жағдай бойынша (GMT +5) акционерлер тізілімінде тіркелген тұлғаларға 2026 жылғы 5 маусымнан төлене бастайды.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесінің құрамы туралы
АЖЖЖ дауыс беру қорытындысы бойынша «Самұрық-Қазына» АҚ мүдделерінің өкілі, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Қарабалин Ұзақбай Сүлейменұлының өкілеттігі 2026 жылғы 29 мамырдан бастап мерзімінен бұрын тоқтатылды. Оның орнына «Самұрық-Қазына» АҚ мүдделерінің өкілі ретінде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесінің жаңа мүшесі болып Таубаев Бахытжан Рыспекұлы сайланды. Осылайша, қазіргі уақытта ҚМГ Директорлар кеңесі 9 (тоғыз) мүшеден тұрады.
Таубаев Бахытжан Рыспекұлының мұнай-газ саласында және мемлекеттік басқару жүйесінде мол тәжірибесі бар. Әр жылдары мұнай-газ секторындағы компаниялардың өндірістік және стратегиялық бөлімшелерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында басшылық лауазымдарды атқарды.
Соңғы бес жылдағы заңды тұлғалардың басқару органдарына қатысуы туралы мәліметтер:
- 2025 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – «QazaqGaz» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі;
- 2026 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Эйр Астана» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі;
- 2026 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.
Сонымен қатар Таубаев Б.Р. AIX ақпаратты жариялау қағидаларының 1-кестесінің 2.6-тармағының d), e), f) және g) тармақшаларында және AIX ресми тізіміне енгізілген компаниялардың тұрақты міндеттемелері жөніндегі нұсқаулықтың 1.6-тармағының d), e), f) және g) тармақшаларында көрсетілген ақпараттың жоқ екенін растайды.
Жаңадан сайланған Директорлар кеңесі мүшесінің толық өмірбаяны Компанияның www.kmg.kz сайтында жарияланады.
Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы өтіп оқи аласыз: http://www.kmg.kz/
Байланыс телефондары: ir@kmg.kz, тел: +7 7172 78 64 34
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ туралы
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ – Қазақстанның вертикалды интеграцияланған жетекші мұнай-газ компаниясы. ҚМГ көмірсутектерді барлау мен өндіруден бастап тасымалдауға, өңдеуге және мамандандырылған қызметтерді ұсынуға дейінгі бүкіл өндірістік цикл бойынша активтерді басқарады. 2002 жылы негізі қаланған компания еліміздің мұнай-газ саласында Қазақстанның мүддесін қорғайды.
- ҚМГ-ның негізгі активтері: Барлау және өндіру: «Өзенмұнайгаз» АҚ (ӨМГ) – 100%, «Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ) – 100%, «Қазақтүрікмұнай» ЖШС (ҚТМ) – 100%, «Өріктау Оперейтинг» ЖШС (ӨО) – 100%, Доңға[1] – 60%, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ (ММГ) – 50%, «Қазгермұнай» БК ЖШС (ҚГМ) – 50%, PetroKazakhstan Inc. – 33%, «Қаражанбасмұнай» АҚ (КБМ) – 50%, «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС (ҚОА) – 50%, «Урал Ойл энд Газ» ЖШС (ООГ) – 50%, «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) – 20%, Қарашығанақ[2] – 10%, Қашаған[3] – 16,88%.
- Тасымалдау: «ҚазТрансОйл» АҚ – 90%, «Батуми мұнай терминалы» ЖШС – 100%, «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС (ҚҚҚ) – 50%, «МұнайТас» СБҚК ЖШС – 51%, Каспий Құбыр Консорциумы[4] (КҚК) – 20,75%, «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК ЖШС (ҚТКФ) – 100%.
- Өңдеу және маркетинг: «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС (ПМХЗ) – 100%, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС (АМӨЗ) – 99,53%, KMG International N.V. – 100%, Петромидия – 54,62%, Вега – 54,62%, «KMG PetroChem» ЖШС – 100%, «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» (ПҚОП)[5] – 49,72%, «Caspi Bitum» БК ЖШС (Caspi Bitum) – 50%, «KC Energy Group» ЖШС – 49%, «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС (KPI) – 49,5%, «Силлено» ЖШС[6] – 40%.
- Басқалары: «KMG Drilling & Services» ЖШС – 100%, «Oil Services Company» ЖШС – 100%, «Oil Construction Company» ЖШС – 100%, «Кен-Құрылыс-Сервис» ЖШС – 100%, «KMG Systems & Services» ЖШС – 100%, «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС (ҚазГӨЗ) – 100%, «ҚазРосГаз» ЖШС (ҚРГ) – 50%.
[1] Dunga Operating GmbH – 100% шоғырландырылған еншілес кәсіпорын, ол Доңға жобасы бойынша өнімді бөлу туралы шарттағы үлестің 60%-ын иеленеді. [2] «ҚМГ Қарашығанақ» ЖШС – 100% шоғырландырылған еншілес кәсіпорын, ол Қарашығанақ жобасы бойынша өнімді бөлу туралы түпкілікті келісімнің 10% үлесін иеленеді. [3] «ҚМГ Қашаған» ЖШЖК – 100% шоғырландырылған еншілес кәсіпорын, ол Солтүстік Каспий жобасы бойынша өнімді бөлу туралы келісімнің 16,88% үлесін иеленеді. [4] Үлестің 19%-ы ҚМГ-ге тікелей тиесілі, 1,75%-ы Қазақстан Пайплайн Венчурс ҚБ бірлескен кәсіпорны арқылы тиесілі. [5] 49,72% - Valsera Holdings B.V. 50% иелену арқылы сатылатын жанама қатысу үлесі, ол өз кезегінде «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС (ПҚОП) 99,43%-ына иелік етеді. ПКОП-қа қатысты Шымкент мұнай өңдеу зауытының өндірістік нәтижелерін бағалау кезінде өндіріске 50% қатысу үлесі ескеріледі. [6] Үлестің 29,9%-ы ҚМГ-ға тікелей, 10,1%-ы «KMG PetroChem» ЖШС еншілес кәсіпорны арқылы тиесілі.