Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

2025 жылғы тоғыз айдағы қаржылық нәтижелер

24.11.2025

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «ҚМГ», «Компания»), Қазақстанның ұлттық мұнай-газ компаниясы тәуелсіз аудитордың аралық қаржылық ақпаратын шолып тексерудің нәтижелері негізінде жасалған есебімен қоса, 2025 жылғы 30 қыркүйекте аяқталған үш және тоғыз айдағы 34 «Аралық қаржылық есептілік» халықаралық қаржы есептіліктің стандарттарына (ХҚЕС) сәйкес дайындалған қысқартылған аралық шоғырландырылған қаржы есебін жариялады. 

2024 жылдың тоғыз айымен салыстырғанда 2025 жылдың тоғыз айындағы негізгі қаржылық көрсеткіштер[1]

  • Түсім 6 349 млрд теңгемен (13 838 млн АҚШ доллары) салыстырғанда 7 058 млрд теңгені (13 565 млн АҚШ доллары) құрады;
  • EBITDA көрсеткіші 1 611 млрд теңгемен (3 510 млн АҚШ доллары) салыстырғанда 1 800 млрд теңгені (3 459 млн АҚШ доллары) құрады; 
  • Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлесін қоса алғанда, Компанияның таза пайдасы 867 млрд теңгемен (1 890 млн АҚШ доллары) салыстырғанда 978 млрд теңгені (1 880 млн АҚШ доллары) құрады;
  • Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлесіне түзетілген таза пайда[2] 1 018 млрд теңгемен (2 220 млн АҚШ доллары) салыстырғанда 1 181 млрд теңгені (2 270 млн АҚШ доллары) құрады;
  • Бос ақша ағымы 1 012 млрд теңгемен (2 207 млн АҚШ доллары) салыстырғанда 1 095 млрд теңгені (2 104 млн АҚШ доллары) құрады;
  • Жалпы қарыз 2024 жылғы 31 желтоқсандағы 3 967 млрд теңге (7 555 млн АҚШ доллары) мөлшеріндегі көрсеткішпен салыстырғанда 2025 жылғы 30 қыркүйекте 4 126 млрд теңгені (7 515 млн АҚШ долларын) құрады;
  • Компанияның таза қарызы 2024 жылғы 31 желтоқсандағы 1 163 млрд теңге (2 214 млн АҚШ доллары) көрсеткішімен салыстырғанда 2025 жылғы 30 қыркүйекте 496 млрд теңгені (904 млн АҚШ долларын) құрады. 
Көрсеткіштің атауы Өлш. бірл. 2025 ж 9А 2024 ж 9А[3] %
Мұнай, Dated Brent [4] $/барр. 70,93 82,79 -14,3%
Мұнай, KEBCO4 $/барр. 72,12 83,21 -13,3%
Орташа бағам теңге/ АҚШ долл. 520,29 458,79 13,4%
Түсім млрд теңге 7 058 6 349 11,2%
Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлес млрд теңге 560 407 37,6%
Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардан алынған дивиденд млрд теңге 763 559 36,6%
Таза пайда млрд теңге 978 867 12,8%
Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлеске түзетілген таза пайда млрд теңге 1 181 1 018 16,0%
EBITDA[5] млрд теңге 1 800 1 611 11,8%
EBITDA түзетілген көрсеткіші[6] млрд теңге 2 003 1 762 13,7%
Күрделі шығындар (есептеу әдісі бойынша) млрд теңге 398 444 -10,4%
Күрделі шығындар (кассалық әдіс бойынша) млрд теңге 448 408 9,8%
Бос ақша ағымы[7] млрд теңге 1 095 1 012 8,1%
Жалпы қарыз[8] млрд теңге 4 126 3 967[9] 4,0%
Таза қарыз[10] млрд теңге 496 1 1639 -57,3%

2024 жылдың тоғыз айымен салыстырғанда 2025 жылдың тоғыз айындағы негізгі өндірістік көрсеткіштер[11]

  • Мұнай және газ конденсатын өндіру 10,0% артып, 19 843 мың тоннаға жетті;
  • Мұнай тасымалдау көлемі 1,1% төмендеп, 62 503 мың тоннаны құрады;
  • Қазақстан және Румыния мұнай өңдеу зауыттарында көмірсутек шикізатын өңдеу көлемі 11,7% ұлғайып, 15 770 мың тоннаны құрады. 
  2025ж. 9 айы (ҚМГ үлесі) 2024ж. 9 айы (ҚМГ үлесі) %
Өндіру:      
Мұнай және конденсат, мың тонна 19 843 18 047 +10,0%
Газ, млн м3 8 652 7 202 +20,1%
Тасымалдау, мың тонна 62 503 63 197 -1,1%
Өңдеу, мың тонна 15 770 14 122 +11,7%

2025 жылдың тоғыз айындағы қаржылық нәтижелерге шолу 

Түсім 

Компанияның 2025 жылғы тоғыз айдағы түсімі 7 058 млрд теңгені (13 565 млн АҚШ доллары) құрады, бұл 2024 жылғы тоғыз айдағы көрсеткіштен 11,2% жоғары. Әлемдік мұнай бағасының төмендеуіне қарамастан, теңгенің АҚШ долларына қатысты әлсіреуі және KMG International мен КМГ Корпоративтік орталығында мұнай өнімдерін өткізуден түсетін кірістердің артуы есебінен Компанияның түсімі өсті. Есепті кезеңде KMG International зауыттарында өңдеу тұрақты операциялық қызметтің арқасында айтарлықтай өсті, 2024 жылдың тоғыз айында өңдеу жоспарлы күрделі жөндеу жүргізумен және өрт салдарын жою үшін жөндеуден кейін жеңіл гидрокрекинг қондырғысын кешірек іске қосумен шектелген еді. Сонымен қатар газ факторының жоғарылауы аясында өндіру көлемінің азаюы салдарынан «ҚМГ Қашаган Б.В.» ЖШЖК түсімінің төмендеуі, сондай-ақ мұнайды өңдеу тарифінің төмендеуіне байланысты «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС деңгейінде мұнай өңдеуден түсетін кірістің азаюы байқалды. 

Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлес 

Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлес 37,6% ұлғайып, 560 млрд теңгені (1 077 млн АҚШ доллары) құрады. Өсім «Теңізшевройл» ЖШС-ның пайдасындағы үлестің ұлғаюымен байланысты – Болашақ кеңейту жобасы шеңберінде үшінші буын зауытында өндірудің басталуы аясында түсімнің өсуі салдарынан (2025 жылғы қаңтар), «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС – 2024 жылғы жоспарлы жөндеумен салыстырғанда, есепті кезеңде зауыттың үздіксіз жұмыс істеуі есебінен көмірсутек шикізатын өңдеу көлемдерінің артуы, Каспий құбыр консорциумы – Теңіз кен орнынан мұнай тасымалы көлемінің ұлғаюына байланысты мұнай тасымалдау көлемінің өсуі аясында, сондай-ақ теңгенің АҚШ долларына бағамының өзгеруімен байланысты. 

EBITDA 

2025 жылдың тоғыз айында EBITDA көрсеткіші 1 800 млрд теңгені (3 459 млн АҚШ долларын) құрап, 11,8% өсті. Өсім Шикі мұнай және мұнай өнімдерін өңдеу және өткізу сегментінде және ҚМГ Корпоративтік орталық деңгейінде түсімнің ұлғаюымен, сондай-ақ барлық сегменттерде бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлестің өсуімен байланысты. 

EBITDA түзетілген көрсеткіші 

Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлестің орнына бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардан алынған дивиденд мөлшерін көрсететін EBITDA түзетілген көрсеткіші 13,7% артып, 2 003 млрд теңгеге (3 849 млн АҚШ долларына) жетті. 

Таза пайда 

Компанияның таза пайдасы 2024 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 12,8% ұлғайып, 978 млрд теңгені (1 880 млн АҚШ долларын) құрады. Таза пайданың өсуі сатып алушылармен жасалған шарттар бойынша кірістің ұлғаюымен, бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлестің өсуімен, оң бағамдық айырманың қалыптасуымен[12], сондай-ақ негізгі құралдардың құнсыздануы бабы бойынша шығыстар мен барлау шығыстарының төмендеуімен байланысты. 

Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлеске түзетілген таза пайда 

Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлесіне түзетілген таза пайда 2024 жылғы тоғыз айдағы 1 018 млрд теңгеден (2 220 млн АҚШ долларынан) 2025 жылғы тоғыз айдағы 1 181 млрд теңгеге (2 270 млн АҚШ долларына) дейін 16,0% ұлғайды. 

Сатып алынған мұнайдың, газдың, мұнай өнімдері мен басқа да материалдардың өзіндік құны 

Сатып алынған мұнайдың, газдың, мұнай өнімдері мен басқа да материалдардың өзіндік құны 16,2% артып, 3 832 млрд теңгеге (7 365 млн АҚШ долларына) жетті. Көрсеткіштің өсуі негізінен KMG International деңгейінде өңдеуге сатып алынатын мұнай құнының ұлғаюымен байланысты. 

Операциялық шығындар 

Өндірістік шығыстар 12,8% өсіп, 1 154 млрд теңгені (2 219 млн АҚШ долларын) құрады. Бұл көрсеткіштің ұлғаюы «KMG Systems & Services» ЖШС жөндеу және қызмет көрсету бойынша қызметтерге арналған шығыстардың өсуімен, негізінен «Өзенмұнайгаз» АҚ және KMG International деңгейінде электр энергиясы шығындарының ұлғаюымен және компанияның кәсіпорындары орналасқан өңірлердегі өндірістік персоналдың еңбекақысына жұмсалатын шығындардың артуымен байланысты. 

Есепті кезеңде тасымалдау және өткізу шығыстары 235 млрд теңгені (452 млн АҚШ долларын) құрады, бұл 2024 жылғы осындай кезеңдегі көрсеткіштен 15,7% жоғары. Өсім негізінен «ҚМГ Қашаган Б.В.» ЖШЖК және KMG International тиеу, тасымалдау және сақтау бойынша шығыстардың ұлғаюымен байланысты. 

Жалпы және әкімшілік шығыстар 15,1% төмендеп, негізінен сенімгерлік басқару шығыстарының азаюына байланысты 159 млрд теңгені (306 млн АҚШ долларын) құрады. 2025 жылғы 30 қыркүйекте аяқталған тоғыз ай ішінде Компания «КазРосГаз» ЖШС бірлескен кәсіпорнындағы 50% қатысу үлесін сенімгерлік басқару қызметі үшін «QazaqGaz» ҰК АҚ-ның («Самұрық-Қазына» АҚ еншілес ұйымы) 19 млрд теңге (37 млн АҚШ доллары) мөлшеріндегі сыйақысын мойындады, ал 2024 жылдың осындай кезеңінде бұл шығыстар 53 млрд теңгені (116 млн АҚШ долларын) құраған болатын. 

Табыс салығын қоспағанда, салықтар 437 млрд теңгені (841 млн АҚШ долларын) құрап, 2025 жылғы есепті кезеңде жеңіл мұнай өнімдерін сату көлемінің өсуіне және мұнай өнімдеріне акциз мөлшерлемесінің ұлғаюына байланысты ҚМГ Корпоративтік орталық деңгейінде акциз бойынша шығыстардың өсуі салдарынан 1,2% ұлғайды. Сонымен бірге шикі мұнай экспортына рента салығы бойынша шығыстардың және «Өзенмұнайгаз» АҚ және «Ембімұнайгаз» АҚ экспорттық кедендік баж салығының төмендегені, сондай-ақ мұнай бағасының өткен кезеңмен салыстырғанда төмен болуына байланысты «ҚМГ Қашаган Б.В.» ЖШЖК деңгейінде шығыстардың азайғаны байқалады. 

Негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің құнсыздануы 

2025 жылдың тоғыз айында негізгі құралдардың құнсыздану сомасы және барлау бойынша шығыстар 27 млрд теңгені (51 млн АҚШ долларын) құрады. Негізгі фактор – Жаңаөзен қаласында теңіз суын тұщыландыру зауытын және жеткізуші инфрақұрылымды салуға жұмсалған шығыстардың 25 млрд теңге (48 млн АҚШ доллары) сомасына құнсыздануын мойындау болды[13]

Күрделі шығындар  

Есептеу әдісі бойынша күрделі шығындар Шикі мұнай және мұнай өнімдерін өңдеу және өткізу сегментінде күрделі шығындардың азаюына байланысты 10,4% төмендеп, 398 млрд теңгені (765 млн АҚШ долларын) құрады, бұл негізінен 2024 жылдың тоғыз айында KMG International зауытында күрделі жөндеу жүргізумен байланысты, сондай-ақ Мұнай және газды барлау және өндіру сегментінде «Өзенмұнайгаз» АҚ, «ҚМГ Қашаған» ЖШЖК, «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС, Dunga Operating GmbH компанияларының инвестициялық жобаларын іске асырудың жекелеген кезеңдерінің аяқталуымен байланысты. 

Ақша ағымдары бөлінісінде күрделі шығындар «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС, «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС, «Өзенмұнайгаз» АҚ және «Ембімұнайгаз» АҚ күрделі шығындарының ұлғаюы салдарынан 9,8% ұлғайып, 448 млрд теңгені (861 млн АҚШ долларын) құрады. 

Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардан алынған дивидендтер 

2025 жылдың тоғыз айында бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардан алынған дивидендтер 36,6% өсіп, 2024 жылдың тоғыз айындағы 559 млрд теңгемен (1 218 млн АҚШ доллары) салыстырғанда 763 млрд теңгені (1 467 млн АҚШ долларын) құрады. Өсудің негізгі драйверлері – «Теңізшевройл» ЖШС-дан алынатын дивидендтердің 323 млрд теңгеден (704 млн АҚШ долларынан) 539 млрд теңгеге дейін (1 037 млн АҚШ долларына), Каспий құбыр консорциумы жобасы бойынша – 82,4%, яғни 93 млрд теңгеге дейін (179 млн АҚШ долларына) ұлғаюы, сондай-ақ «Қазгермұнай» БК» ЖШС, «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС-дан алынатын дивиденд мөлшерінің өсуі. 

Бос ақша ағымы 

Бос ақша ағымы 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,1% ұлғайып, 1 095 млрд теңгені (2 104 млн АҚШ долларын) құрады. Көрсеткіштің өсуі бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардан алынған дивидендтердің өсімін қоса алғанда, операциялық қызметтен алынған таза ақша ағымдарының өсуімен байланысты. 

Қарызды басқару 

Борыштық жүктеме көрсеткіштері

Көрсеткіштің атауы Өлш. бірл. 2025 жылғы 30 қыркүйек 2024 жылғы 31 желтоқсан %
Облигациялар млрд теңге 3 470 3 288 5,5%
Қарыз млрд теңге 657 679 -3,4%
Жалпы қарыз млрд теңге 4 126 3 967 4,0%
Дөңгелектеу салдарынан сандар қосылмауы мүмкін.

ҚМГ-ның жалпы қарызы негізінен АҚШ долларымен (2025 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша 72%) номинацияланған және 4 126 млрд теңгені (7 515 млн АҚШ долларын) құрады. 2024 жылғы 31 желтоқсандағы деңгеймен салыстырғанда көрсеткіш теңгенің АҚШ долларына әлсіреуі салдарынан теңгемен 4,0% ұлғайды, ал доллармен бұрын тартылған қарыздарды өтеу салдарынан 0,5% төмендеді. 

Таза қарыз 

2025 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша таза қарыз 496 млрд теңгені (904 млн АҚШ долларын) құрап, 2024 жылғы 31 желтоқсанға қарағанда теңгемен 57,3% және доллармен 59,2% төмендеді. 

Ақша қаражаты 

Шоғырландырылған ақша қаражаты мен олардың баламалары, сондай-ақ депозит түріндегі ақша қаражаты 

Ақша қаражаты және олардың баламалары млрд теңге 1 639 1 216 34,8%
Ұзақ мерзімді депозиттер млрд теңге 79 74 6,9%
Қысқа мерзімді депозиттер млрд теңге 1 911 1 514 26,3%
Ақша қаражаты мен олардың баламалары, сондай-ақ депозит түріндегі ақша қаражаты млрд теңге 3 630 2 805 29,4%

Шоғырландырылған ақша қаражаты мен олардың баламалары, оның ішінде депозит түріндегі ақша қаражаты 2024 жылғы 31 желтоқсандағы көрсеткішпен салыстырғанда, 2025 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша 29,4% ұлғайып, 3 630 млрд теңгені құрады. Доллардағы көрсеткіш 2024 жылғы 31 желтоқсанмен салыстырғанда 23,8% артып, 6 612 млн АҚШ долларын құрады. 

2025 жылдың басынан бергі басты корпоративтік оқиғалар:

  • 2025 жылғы 8 қаңтарда «Ембімұнайгаз» АҚ-да Атырау облысындағы Тайсойған учаскесінде алғашқы іздеу ұңғымасын бұрғылау басталды.
  • 2025 жылғы 24 қаңтарда «Теңізшевройл» ЖШС Болашақ кеңейту жобасын іске асырудағы маңызды кезеңді аяқтады – Теңіз кен орнындағы жаңа үшінші буын зауытында шикі мұнай өндіру ісі басталды.
  • 2025 жылғы 10 ақпанда ҚМГ-ға 2023 жылға арналған Carbon Disclosure Project халықаралық рейтингінде «В» рейтингі берілді. Бұрын баға «С» деңгейінде болған.
  • 2025 жылғы 7 наурызда ҚМГ Маңғыстау облысында орналасқан «Болашақ» жер қойнауы учаскесіндегі күрделі жоба бойынша Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен ҚМГ арасында көмірсутектерді барлау мен өндіруге арналған келісімшартқа қол қойды.
  • 2025 жылғы 11 наурызда «CASPI BITUM» БК» ЖШС-де мұнай өңдеу қуатын жылына 1,5 млн тоннаға дейін ұлғайта отырып, жаңғырту жобасын іске асырудың соңғы кезеңі басталды. Бұл жоба Т-1102 вакуумдық колоннаны монтаждауды да қамтиды.  
  • 2025 жылғы 17 наурызда Компания мен «СИБУР Холдинг» ЖАҚ «Полимер Продакшн» ЖШС жарғылық капиталына 60% қатысу үлесін сатып алу-сату шартына қол қойды.
  • 2025 жылғы 7 сәуірде «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС, LanzaJet. Inc. және «KazFoodProducts» ЖШС компаниялары Sustainable Aviation Fuel (SAF) экологиялық авиациялық отын өндіретін зауыт салу бойынша техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге қатысты келісімге қол қойды.
  • 2025 жылғы 30 сәуірде ҚМГ мен CNOOC «Жылыой» жер қойнауын пайдалану жобасын бірлесіп іске асыру шарттары мен стратегиялық серіктестікті бекітетін Бірлескен қызмет туралы келісім мен Қаржыландыру туралы келісімге қол қойды.
  • 2025 жылғы 29 мамырда өткен Акционерлердің жылдық жалпы жиналысының (АЖЖЖ) нәтижелері бойынша акционерлер Компанияның дивиденд саясатын, Директорлар кеңесінің ұсынымын басшылыққа ала отырып, 2024 жылғы аудит жүргізілген қаржылық көрсеткіштер негізінде 2024 жылғы пайдадан төленетін бір жай акцияға шаққандағы дивиденд мөлшерін 491,71 теңге көлемінде бекітті.  25 маусымдағы жағдай бойынша ҚМГ 2024 жылға жиынтық сомасы 300 млрд теңгені құрайтын дивиденд төлеуді аяқтады.
  • 2025 жылғы 16 маусымда ҚМГ мен SINOPEC компаниялары «Березовский» барлау жобасы бойынша бірлескен қызмет туралы және қаржыландыру туралы келісімдерге қол қойды.
  • 2025 жылғы 27 маусымда S&P Global Ratings халықаралық рейтинг агенттігі ҚМГ-ның кредит қабілеті мен қаржылық орнықтылығының жақсаруына байланысты ҚМГ кредиттік рейтингін «ВВВ-» деңгейіне көтерді, болжам «тұрақты».
  • 2025 жылғы 3 шілдеде «Петромидия» (Румыния) МӨЗ-дегі қуаты 80 МВт/сағ болатын жаңа жылу электр станциясының технологиялық сынақтары сәтті аяқталды. Нәтижесінде МӨЗ қажеттіліктері толық қамтамасыз етіледі, электр энергиясы шығындары 43% төмендейді.
  • 2025 жылғы 4 тамызда ҚМГ хорват порты Омишаль арқылы Мажарстандағы MOL Group мұнай өңдеу зауытына 85 мың тонна көлемінде Қазақстан мұнайын бірінші рет жеткізді, жүк «Қазақтеңізкөлікфлоты» ұлттық тасымалдаушысының «Alatau» танкерімен жеткізілді. ҚМГ, MOL Group және JANAF өкілдерінің кездесу қорытындысы бойынша болашақ мұнай жеткізу туралы Негіздемелік келісімге қол қойылды.
  • 2025 жылғы 5 тамызда «KMG PetroChem» ЖШС Теңіз кен орнында қуаты жылына 9,1 млрд м3 құрғақ газ болатын газ сепарациялау кешенін салуға Consolidated Contractors International Company (CCIC, Ливан) консорциумымен Tecnimont S.p.A. (Италия) компаниясымен EPC‑келісімшарт жасасты.
  • 2025 жылғы 6 тамызда «Ембімұнайгаз» АҚ Оңтүстік-Батыс Қамысты кен орнында қуаты 4,8 МВт болатын газ поршенді электр станциясын іске қосып, ілеспе мұнай газын кәдеге жарату жобасын іске асырды, бұл электр энергиясы шығындарын 55% қысқартады және өндірістің экологиялық тиімділігін арттырады.
  • 2025 жылғы 13 қыркүйекте ҚМГ Баку – Тбилиси – Жейхан құбыр жүйесі арқылы мұнай экспортын қайта бастады. Ақтау портынан 8,8 мың тонна Қашаған мұнайы жөнелтілді.
  • 2025 жылғы 17 қыркүйекте «KMG Barlau» ЖШС ҚМГ ресурстық базасын ұлғайтуға бағытталған 2025-2027 жылдарға арналған жер қойнауын геологиялық зерттеу бағдарламасы шеңберінде Атырау облысындағы Береке учаскесінде 3D және Ұлытау облысындағы Шу-Сарысу учаскесінде 2D сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізеді.
  • 2025 жылғы 22 қыркүйекте ҚМГ және америкалық LanzaJet компаниясы Қазақстанда тұрақты авиациялық отын (SAF) өндіретін зауыт салу жобасын іске асырудың келесі кезеңіне өту туралы Негіздемелік келісімге қол қойды. Құжат аяқталған техникалық-экономикалық негіздеменің нәтижелерін бекітті және жобалау кезеңіне (FEED) жол ашты.
  • 2025 жылғы 27 қыркүйекте ҚМГ және Eni Жаңаөзенде қуаты 50 МВт болатын күн электр станциясын іске қосты. Бұл ҚМГ Төмен көміртекті даму бағдарламасы шеңберінде іске асырылатын күн, жел және газ электр станцияларын қамтитын қуаты 247 МВт болатын гибридті энергия кешенінің бірінші кезеңі.
  • 2025 жылғы 30 қазанда Қытай юанінде номиналданған, жылдық 2,95% купондық мөлшерлемесі және 3,15% кірістілігі бар облигациялар шығарылды. Аталған облигациялар Гонконг қор биржасында (HKEX) және Астана халықаралық биржасында (AIX) тіркелген жаңа орта мерзімді облигациялар бағдарламасы аясында орналастырылып, жалпы сомасы 1 250 млн қытай юанін құрады және өтеу мерзімі 5 жылды қамтиды. 
Көрсеткіштер мен есептеу нәтижелері жуықтап көрсетілген. Сонымен қатар кезеңдерді салыстыру кезінде жуықталмай, нақты мәндер қолданылды. Компанияның пікірінше, дөңгелектеуге қатысы бар кез келген ықтимал түзетулер қаржылық нәтижелерге материалдық әсер етпеуі керек. 

Толығырақ ақпаратты төмендегі сілтемеге өтіп, оқи аласыздар: https://www.kmg.kz/investors/reporting/ 

Байланыс телефондары: ir@kmg.kz, тел: +7 (7172) 78 64 34 

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ туралы

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ – Қазақстанның вертикалды интеграцияланған жетекші мұнай-газ компаниясы. ҚМГ көмірсутектерді барлау мен өндіруден бастап тасымалдауға, өңдеуге және мамандандырылған қызметтерді ұсынуға дейінгі бүкіл өндірістік цикл бойынша активтерді басқарады. 2002 жылы негізі қаланған компания еліміздің мұнай-газ саласында Қазақстанның мүддесін қорғайды. 

ҚМГ-ның негізгі активтері:

  • Барлау және өндіру: «Өзенмұнайгаз» АҚ (ӨМГ) – 100%, «Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ) – 100%, «Қазақтүрікмұнай» ЖШС (ҚТМ) – 100%, «Өріктау Оперейтинг» ЖШС (ҮО) – 100%, Доңға [14]– 60%, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ (ММГ) – 50%, «Қазгермұнай» БК» ЖШС (ҚГМ) – 50%, PetroKazakhstan Inc. (ПҚИ) – 33%, «Қаражанбасмұнай» АҚ (ҚБМ) – 50%, «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС (ҚОА) – 50%, «Урал Ойл энд Газ» ЖШС (УОГ) – 50%, «Теңізшевройл» ЖШС – 20%, Қарашығанақ [15]– 10%, Қашаған[16] – 16,88%. 
  • Тасымалдау: «ҚазТрансОйл» АҚ – 90%, «Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ – 100%, «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС (ҚҚҚ) – 50%, «МұнайТас» СЗТҚ» ЖШС – 51%, Каспий Құбыр Консорциумы[17] (КҚК) – 20,75%, «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС (ҚТКФ) – 100%. 
  • Өңдеу және маркетинг: «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС (ПМХЗ) – 100%, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС (АМӨЗ) – 99,53%, KMG International N.V. – 100%, Petromidia – 54,62%, Vega – 54,62%, «KMG PetroChem» ЖШС – 100%, «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» (ПҚОП) – 49,72%, «CASPI BITUM» БК» ЖШС – 50%, «KC Energy Group» ЖШС – 49%, «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС (KPI) – 49,5%, «Силлено» ЖШС – 40%. 
  • Басқалары: «KMG Drilling & Services» ЖШС – 100%, «Oil Services Company» ЖШС – 100%, «Oil Construction Company» ЖШС – 100%, «Кен-Құрылыс-Сервис» ЖШС – 100%, «KMG Systems & Services» ЖШС – 100%, «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС (ҚазГӨЗ) – 100%, «ҚазРосГаз» ЖШС (ҚРГ) – 50%, Mangistau Power B.V. – 49%. 

[1] Қолайлы болу үшін сомалар тиісті кезеңдегі орташа айырбас бағамы бойынша АҚШ долларында көрсетілген (2024 және 2025 жылдардың 9 айындағы орташа бағамдар сәйкесінше 520,29 және 458,79 теңге/АҚШ долл. құрайды; кезең соңындағы бағамдар – 2025 жылғы 30 қыркүйекте және 2024 жылғы 31 желтоқсанда сәйкесінше 549,06 және 525,11 теңге/АҚШ долл. құрайды).  
[2] Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлеске түзетілген таза пайда = Таза пайда + бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардан алынған дивидендтер минус бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлес. 
[3] Қаржылық есептілікте ұсыну мақсатында күтілетін кредиттік шығындар жалпы және әкімшілік шығыстар құрамынан шығарылды. 
[4] Дереккөз: S & P Global Platts. 
[5] EBITDA = түсім плюс бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлес, нетто, минус сатып алынған мұнайдың, газдың, мұнай өнімдерінің және басқа материалдардың өзіндік құны минус өндірістік шығыстар минус жалпы және әкімшілік шығыстар минус тасымалдау және сату жөніндегі шығыстар минус табыс салығынан басқа салықтар. 
[6] EBITDA түзетілген көрсеткіші = түсім плюс бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардан алынған дивидендтер минус сатып алынған мұнайдың, газдың, мұнай өнімдерінің және басқа материалдардың өзіндік құны минус өндірістік шығыстар минус жалпы және әкімшілік шығыстар минус тасымалдау және сату жөніндегі шығыстар минус табыс салығынан басқа салықтар. 
[7] Бос ақша ағымы = операциялық қызметтен алынған таза ақша ағымы минус негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді, инвестициялық жылжымайтын мүлікті және барлау және бағалау активтерін сатып алу. Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардан алынған дивидендтер операциялық қызметтен алынған ақша ағымына енгізілген. 
[8] Есепті кезеңнің соңындағы жалпы қарыз = облигациялар плюс қарыздар (қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді). Берілген кепілдіктер есепке енгізілмеген. 
[9] Жалпы қарыз және Таза қарыз 2024 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша көрсетілген. 
[10] Таза қарыз = кезең соңындағы облигациялар плюс қарыздар минус ақша қаражаты және олардың баламалары, минус банктік салымдар (қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді). Берілген кепілдіктер есепке енгізілмеген. 
[11] Өндірістік көрсеткіштер бірлескен және қауымдасқан компаниялардағы ҚМГ-ның иелену үлесіне сәйкес және толығымен шоғырландырылған еншілес ұйымдар үшін 100% көрсеткіш көрсетілген. Толық ақпарат 2025 жылдың тоғыз айындағы өндірістік нәтижелер туралы баспасөз хабарламасында мына сілтеме бойынша жарияланған: https://www.kmg.kz/investors/reporting/ 
[12] 2025 жылдың тоғыз айында Компанияда теңгеге қатысты шетел валюталары бағамының тұрақсыздығына байланысты 79 млрд теңге (152 млн АҚШ доллары) мөлшерінде активтерді қайта бағалау нәтижесінде оң бағамдық айырма қалыптасты.  
[13] Маңғыстау облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары шеңберінде Жаңаөзен қаласының тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 2023 жылы «Өзенмұнайгаз» АҚ еншілес ұйымы «Ak Su KMG» ЖШС Жаңаөзен қаласында теңіз суын тұщыландыру зауытын және жеткізуші инфрақұрылымды салуға кірісті. Топ аталған объектінің өтелетін құны нөлге тең деп есептейді және сәйкесінше 2025 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша 2025 жылғы 30 қыркүйекте аяқталған тоғыз айда жұмсалған құрылысқа арналған шығыстардың құнсыздануын мойындады. 
[14] Dunga Operating GmbH – Доңға жобасында 60% үлесі бар шоғырландырылған еншілес кәсіпорын. 
[15] «ҚМГ Қарашығанақ» ЖШС – Қарашығанақ жобасында 10% үлесі бар шоғырландырылған еншілес кәсіпорын. 
[16] «ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК – Қашаған жобасында 16,88% үлесі бар шоғырландырылған еншілес кәсіпорын. 
[17] 19%-ы ҚМГ-ға тікелей, 1,75%-ы Қазақстан Пайплайн Венчурс ЖШС арқылы тиесілі. 
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>