Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қаржы нәтижелері

21.08.2025

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ (бұдан әрі – «ҚМГ», «Компания»), Қазақстанның ұлттық мұнай-газ компаниясы тәуелсіз аудитордың аралық қаржылық ақпаратын шолып тексерудің нәтижелері негізінде жасалған есебімен қоса, 2025 жылғы 30 маусымда аяқталған үш және алты айдағы 34 «Аралық қаржылық есептілік» халықаралық қаржы есептіліктің стандарттарына (ХҚЕС) сәйкес дайындалған қысқартылған аралық шоғырландырылған қаржы есебін жариялады. 

2024 жылдың бірінші жарты жылдығымен салыстырғанда 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы негізгі қаржы көрсеткіштер:[1]

  • Түсім 4 239 млрд теңгемен (9 440 млн АҚШ доллары) салыстырғанда 4 500 млрд теңгеге (8 789 млн АҚШ доллары) жетті;
  • EBITDA көрсеткіші 984 млрд теңгемен (2 190 млн АҚШ доллары) салыстырғанда 1 142 млрд теңгені (2 230 млн АҚШ доллары) құрады;
  • Бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың кірісіндегі үлесті қоса алғанда, компанияның таза пайдасы 550 млрд теңгемен (1 224 млн АҚШ долларымен) салыстырғанда 534 млрд теңгені (1 044 млн АҚШ доллары) құрады
  • Бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлесіне түзетілген таза пайда[2] 591 млрд теңгемен (1 316 млн АҚШ долларымен) салыстырғанда 660 млрд теңгені (1 289 млн АҚШ доллары) құрады;
  • Бос ақша ағымы 604 млрд теңгемен (1 345 млн АҚШ долларымен) салыстырғанда, 682 млрд теңгені (1 331 млн АҚШ долларын) құрады;
  • 2025 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша жалпы қарыз 2024 жылғы 31 желтоқсандағы 3 967 млрд теңге (7 555 млн АҚШ доллары) мөлшеріндегі көрсеткішпен салыстырғанда, 3 892 млрд теңгені (7 490 млн АҚШ доллары) құрады;
  • 2025 жылғы 30 маусымдағы Компанияның таза қарызы 2024 жылғы 31 желтоқсандағы 1 163 млрд теңге (2 214 млн АҚШ доллары) деңгейіндегі көрсеткішпен салыстырғанда 803 млрд теңгені (1 546 млн АҚШ доллары) құрады. 
Көрсеткіштің атауы Өлшем бірлігі 6 Ай 2025 6 Ай 2024[3] %
Мұнай, Dated Brent[4] $/барр. 71,87 84,06 -14,5%
Мұнай, KEBCO4 $/барр. 72,83 84,40 -13,7%
Орташа бағам теңге/АҚШ доллары 512,05 449,09 14,0%
Түсім млрд теңге 4 500 4 239 6,2%
Бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлес млрд теңге 349 268 30,0%
Бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардан алынған дивиденд млрд теңге 474 310    53,2%
Таза пайда млрд теңге 534 550 -2,8%
Бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардағы үлеске түзетілген таза пайда млрд теңге 660 591 11,7%
EBITDA[5] млрд теңге 1 142 984 16,1%
EBITDA түзетілген көрсеткіші[6] млрд теңге 1 267 1 025 23,7%
Күрделі шығындар (есептеу әдісі бойынша) млрд теңге 259 282    -8,0%
Күрделі шығындар (кассалық әдіс бойынша) млрд теңге 262 270    -2,7%
Бос ақша ағымы[7] млрд теңге 682 604 12,9%
Жалпы қарыз[8] млрд теңге 3 892 3 967[9] -1,9%
Таза қарыз[10] млрд теңге 803 1 1639 -30,9%

2024 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы негізгі өндірістік көрсеткіштер:[11]

  • Мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 8,8 % артып, 13 043 мың тоннаны құрады;
  • Мұнай тасымалдау көлемі 0,3% төмендеп, 41 616 мың тоннаны құрады;
  • Қазақстан және Румын мұнай өңдеу зауыттарында көмірсутек шикізатын өңдеу көлемі 16,5% ұлғайып, 10 375 мың тоннаны құрады.
  6 Ай 2025 (ҚМГ үлесіне) 6 Ай 2024 (ҚМГ үлесіне) %
Өндіру:      
Мұнай мен конденсат, мың тонна 13 043 11 989 +8,8%
Газ, млн м³ 5 726 4 840 +18,3%
Тасымалдау, мың тонна 41 616 41 733 -0,3%
Өңдеу, мың тонна 10 375 8 902 +16,5%

2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қаржы нәтижелерге шолу 

Түсім 

Компанияның 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы түсімі 4 500 млрд теңгені (8 789 млн АҚШ долларын) құрап, 2024 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 6,2% жоғары болды. Түсімнің өсуі KMG International компаниясындағы және «ҚМГ» Корпоративтік орталығы деңгейіндегі мұнай өнімдерін сатудан түскен түсімнің артуымен байланысты. Есепті кезеңде KMG International зауыттарындағы өңдеу көлемі тұрақты жұмысқа байланысты ұлғайды, ал 2024 жылдың бірінші тоқсанында бұл көрсеткіш жеңіл гидрокрекинг қондырғысының кешігіп іске қосылуына және мұнай өңдеу зауытында жүргізілген күрделі жөндеуге байланысты шектелген болатын. Бұл өсім, сондай-ақ теңгенің АҚШ долларына қатысты жылдық әлсіреуі, мұнайдың әлемдік бағасының төмендеуінің және өндірілген мұнайдағы газ факторының жоғарылауына байланысты «ҚМГ Қашаған Б.В.» бірлескен кәсіпорнында мұнай өндіру көлемінің азаюының теріс әсерін өтеді. 

Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлес 

Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасына қатысу үлесі 30,0% өсіп, 349 млрд теңгені (681 млн АҚШ долларын) құрады. Өсім негізінен «Теңізшевройл» ЖШС-дегі үлестің артуымен байланысты – Болашақ кеңейту жобасы аясында үшінші буын зауытында өндірістің басталуына (2025 жылғы қаңтар) орай түсімнің өсуінен. Сондай-ақ «ПКОП» ЖШС-де – көмірсутек шикізатын қайта өңдеу көлемінің ұлғаюы, есепті кезеңде жөндеу жұмыстарының болмауы және теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамының өзгеруі есебінен. Каспий құбыр консорциумында да – Теңіз кен орнынан мұнай тасымалдау көлемінің артуы және теңге бағамының АҚШ долларына өзгеруі нәтижесінде үлес өсті. 

EBITDA 

EBITDA көрсеткіші 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында 1 142 млрд теңгені (2 230 млн АҚШ долларын) құрап, 16,1% артты. Өсім мұнай мен газды барлау және өндіру, шикі мұнай мен мұнай өнімдерін өңдеу және өткізу сегменттеріндегі, Корпоративтік орталық деңгейіндегі, сондай-ақ «Басқа» сегментіндегі түсімнің ұлғаюымен және барлық сегменттер бойынша бірлескен кәсіпорындар мен қауымдастырылған компаниялардың пайдасындағы үлестің өсуімен байланысты. 

EBITDA түзетілген көрсеткіші 

Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлестің орнына бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардан алынған дивиденд мөлшерін көрсететін EBITDA түзетілген көрсеткіші 23,7% артып, 1 267 млрд теңгеге (2 475 млн АҚШ доллары) жетті.                 

Таза пайда 

Компанияның таза пайдасы 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,8% төмендеп, 534 млрд теңгені (1 044 млн АҚШ долларын) құрады. Таза пайданың төмендеуі мұнайдың әлемдік бағасының төмендеуімен, амортизациялық шығындардың өсуімен, өзге қаржылық кірістің азаюымен, еншілес ұйымды шығарудан түскен кірістің төмендеуімен, сондай-ақ теріс бағамдық айырмамен байланысты[12]. 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында ҚМГ «Татнефть» ЖАҚ-пен «Karaton Operating Ltd.» бірлескен кәсіпорнындағы 50% үлесін сату бойынша мәмілені аяқтап, нәтижесінде еншілес ұйымды шығарудан 16 млрд теңге (37 млн АҚШ доллары) мөлшерінде кіріс алды. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында Компания «СИБУР Холдинг» ЖАҚ-пен жасалған мәміле аясында «Полимер Продакшн» ЖШС-дегі 60% үлесін жүзеге асырып, еншілес ұйымды шығарудан 3 млрд теңге (6 млн АҚШ доллары) мөлшерінде кіріс көрсетті. 

Бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардағы үлеске түзетілген таза пайда 

Бірлесіп бақыланатын кәсіпорындардағы және қауымдасқан компаниялардағы үлеске түзетілген таза пайда 2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы 591 млрд теңгеден (1 316 млн АҚШ доллары) 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында 660 млрд теңгеге (1 289 млн АҚШ доллары), яғни 11,7% артты. 

Сатып алынған мұнайдың, газдың, мұнай өнімдерінің және өзге де материалдардың өзіндік құны 

Сатып алынған мұнай, газ, мұнай өнімдері және басқа да материалдардың өзіндік құны 3,7% өсіп, 2 427 млрд теңгені (4 739 млн АҚШ доллары) құрады. Бұл негізінен KMG International компаниясындағы өңдеуге арналған мұнай құнының өсуімен байланысты. 

Операциялық шығындар 

Өндірістік шығындар 18,7% өсіп, 759 млрд теңгені (1 482 млн АҚШ доллары) құрады. Бұл негізінен KMG International мен «KMG Systems & Services» ЖШС-дегі жөндеу және қызмет көрсету шығынының өсуімен, электр энергиясына жұмсалатын шығындардың ұлғаюымен, сондай-ақ Компанияның қызмет ететін өңірлеріндегі өндірістік персоналдың еңбекақысына төленетін шығындардың артуымен байланысты. 

Есепті кезеңде тасымалдау және өткізу шығындары 146 млрд теңгені (285 млн АҚШ доллары) құрап, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,7% жоғары болды. Бұл өсім негізінен «ҚМГ Қашаған Б.В.» бірлескен кәсіпорнындағы және KMG International компаниясындағы тиеу, тасымалдау және сақтау шығындарының артуына байланысты. 

Жалпы және әкімшілік шығындар 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында 14,9% төмендеп, 94 млрд теңгені (184 млн АҚШ долларын) құрады. Бұл негізінен, Корпоративтік орталық деңгейінде 2024 жылдың сәйкес кезеңіндегі сенімгерлік басқаруға байланысты шығындардың 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында болмауымен байланысты. Компания 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында «QazaqGaz» ҰК АҚ («Самұрық-Қазына» АҚ-ның еншілес ұйымы) пайдасына бірлескен кәсіпорын «ҚазРосГаз» ЖШС-індегі 50% үлесті сенімгерлік басқарғаны үшін 21 млрд теңге (47 млн АҚШ доллары) көлеміндегі жоспардан тыс шығынды өтеген еді. 

Табыс салығынан басқа салықтар 282 млрд теңгені (551 млн АҚШ доллары) құрап, 6,8%-төмендеді. Бұл, негізінен, «Өзенмұнайгаз» АҚ бойынша пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық шығындарының азаюына және «Өзенмұнайгаз» АҚ мен «Ембімұнайгаз» АҚ-дағы шикі мұнай экспортына салынатын ренталық салық шығындарының төмендеуіне байланысты. 

Негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің құнсыздануы 

2025 жылдың бірінші жартыжылдығында негізгі құралдардың құнсыздану сомасы және барлау шығындары 19 млрд теңгені (38 млн АҚШ доллары) құрады. Құнсызданудың негізгі факторы Жаңаөзен қаласында теңіз суын тұщыту зауыты мен оған тиесілі инфрақұрылымды[13] салуға жұмсалған 21 млрд теңге (40 млн АҚШ доллары) көлеміндегі шығынды құнсыздану ретінде тану болды. 

Күрделі шығындар 

Есептеу әдісі бойынша капиталдық шығындар 259 млрд теңгені (506 млн АҚШ долларын) құрап, 8,0% төмендеді. Бұл, негізінен, «Шикі мұнай мен мұнай өнімдерін қайта өңдеу және өткізу» сегментіндегі капиталдық шығындардың қысқаруымен байланысты, ол өз кезегінде 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында KMG International зауытында жүргізілген күрделі жөндеумен түсіндіріледі. Сондай-ақ төмендеу «Мұнай мен газды барлау және өндіру» сегментіндегі капиталдық шығындармен байланысты, бұл Dunga Operating GmbH, «ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК, «KMG Barlau» ЖШС сияқты компаниялардың инвестициялық жобаларын іске асырудың жекелеген кезеңдерінің аяқталуына қатысты. 

Ақша ағындары тұрғысынан капиталдық шығындар 262 млрд теңгені (512 млн АҚШ доллары) құрап, 2,7% төмендеді. Бұл негізінен KMG International, «KMG Barlau» ЖШС, Dunga Operating GmbH және Корпоративтік орталық деңгейіндегі капиталдық шығындардың азаюына байланысты. 

Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардан алынған дивидендтер 

2025 жылдың бірінші жартыжылдығында бірлескен кәсіпорындар мен қауымдастырылған компаниялардан алынған дивидендтер 53,2% өсіп, 474 млрд теңгені (926 млн АҚШ доллары) құрады. Бұл көрсеткіш 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында 310 млрд теңгені (689 млн АҚШ доллары) құраған болатын. Өсімнің негізгі драйверлері – «Теңізшевройл» ЖШС-нен алынған дивидендтердің 160 млрд теңгеден (356 млн АҚШ доллары) 328 млрд теңгеге (641 млн АҚШ доллары) дейін өсуі, Каспий Құбыр Консорциумы жобасы бойынша дивидендтердің 91,2% артып, 81 млрд теңгені (158 млн АҚШ доллары) құрауы («Каспий Құбыр Консорциумы–Р» АҚ-нан дивидендтер төлеу нәтижесінде), сондай-ақ Petrokazakhstan Inc., «Бірлескен кәсіпорын «Қазгермұнай» ЖШС және «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС-нен алынған дивидендтердің артуы. 

Бос ақша ағымы 

Бос ақша ағымы 2024 жылдың ұқсас кезеңмен салыстырғанда 12,9% артып, 682 млрд теңгеге (1 331 млн АҚШ доллары) жетті. Көрсеткіштің өсуі операциялық қызметтен түскен таза ақша ағындарының, соның ішінде бірлескен кәсіпорындар мен қауымдастырылған компаниялардан алынған дивидендтердің артуымен, сондай-ақ капиталдық шығындардың төмендеуімен байланысты. 

Қарызды басқару 

Борыштық жүктеменің көрсеткіштері

Көрсеткіштің атауы Өлшем бірлігі 2025 жылғы 30 маусым 2024 жылғы 31 желтоқсан %
Облигация млрд теңге 3 265 3 288 -0,7%
Қарыз млрд теңге 628 679 -7,6%
Жалпы қарыз млрд теңге 3 892 3 967 -1,9%
Дөңгелектеу нәтижесінде сандар қосылмауы мүмкін.

ҚМГ-нің жалпы қарызы негізінен АҚШ долларымен номинацияланған (2025 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша 71%). Жалпы қарыз 3 892 млрд теңгені (7 490 млн АҚШ доллары) құрап, 2024 жылғы 31 желтоқсандағы көрсеткішпен салыстырғанда 1,9% төмендеді. Бұл 2024 жылғы 31 желтоқсаннан 2025 жылғы 30 маусым аралығында теңгенің АҚШ доллар бағамына нығаюына және бұрын алынған қарыздардың өтелуіне байланысты. 

Таза қарыз 

2025 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша таза қарыз 803 млрд теңгені (1 546 млн АҚШ доллары) құрап, 2024 жылғы 31 желтоқсанмен салыстырғанда теңгелік мәнде 30,9%, ал долларлық мәнде 30,2% төмендеді. 

Ақша қаражаты 

Депозит түрінде шоғырландырылған ақша қаражаты мен оның баламалары 

Ақша қаражаты және олардың баламалары млрд теңге 1 801 1 216 48,0%
Ұзақ мерзімді депозиттер млрд теңге 74 74 -0,3%
Қысқа мерзімді депозиттер млрд теңге 1 214 1 514 -19,8%
Ақша қаражаты, олардың баламалары және депозит түріндегі ақша қаражаты млрд теңге 3 089 2 805 10,1%

Шоғырландырылған ақша қаражаты, олардың баламалары, соның ішінде 2025 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша депозит түріндегі ақша қаражаты 2024 жылғы 31 желтоқсандағы көрсеткішпен салыстырғанда 10,1% артып, 3 089 млрд теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2024 жылғы 31 желтоқсанмен салыстырғанда доллармен 11,3% ұлғайып, 5 945 млн АҚШ долларын құрады. 

2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы негізгі корпоративтік оқиғалар:

  • 2025 жылғы 4 қаңтарда «Теңізшевройл» ЖШС Болашақ кеңейту жобасын іске асырудағы маңызды кезеңді аяқтап, Теңіз кен орнындағы үшінші буын зауытында шикі мұнай өндіруді бастады.
  • 2025 жылы 8 қаңтарда «Ембімұнайгаз» АҚ Атырау облысындағы Тайсойған учаскесінде алғашқы іздеу ұңғымасын бұрғылауды бастады.
  • 2025 жылғы 10 ақпанда ҚМГ-ге Carbon Disclosure Project халықаралық рейтингінде 2023 жыл қорытындысы бойынша «B» рейтингі берілді. Бұған дейінгі баға деңгейі «C» болған.
  • 2025 жылғы 7 наурызда ҚМГ Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігімен Маңғыстау облысында орналасқан «Болашақ» жер қойнауы учаскесінде күрделі жобаны барлау және игеру туралы келісімшартқа қол қойды.
  • 2025 жылғы 11 наурызда «CASPI BITUM» БК» ЖШС-де мұнай өңдеу қуатын жылына 1,5 млн тоннаға дейін ұлғайтуды көздейтін жаңғырту жобасын іске асырудың соңғы кезеңі басталды. Бұл кезеңге Т-1102 вакуум колоннасын монтаждау кіреді.
  • 2025 жылғы 17 наурызда Компания мен «СИБУР Холдинг» ЖАҚ «Полимер Продакшн» ЖШС-нің жарғылық капиталындағы 60% үлесті сату-сатып алу шартына қол қойды.
  • 2025 жылғы 7 сәуірде «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС, LanzaJet, Inc. және «KazFoodProducts» ЖШС экологиялық Sustainable Aviation Fuel (SAF) авиациялық отын өндіретін зауыт құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу жөніндегі келісімге қол қойды.
  • 2025 жылғы 30 сәуірде ҚМГ және CNOOC стратегиялық серіктестігі және «Жылыой» жер қойнауын пайдалану жобасын бірлесіп іске асыру шарттарын бекітетін бірлескен қызмет туралы келісімге және қаржыландыру туралы келісімге қол қойды.
  • 2025 жылғы 29 мамырда өткен жылдық Жалпы акционерлер жиналысының қорытындысы бойынша, акционерлер Компанияның дивидендтік саясатына, Директорлар кеңесінің ұсынымына және 2024 жылғы аудиторлық қаржылық нәтижелерге сүйене отырып, қарапайым акцияға шаққандағы дивиденд мөлшерін 491,71 теңге деңгейінде бекітті. Бұл дивиденд 2024 жылғы пайда есебінен төленеді. 25 маусымдағы жағдай бойынша ҚМГ 2024 жылға дивиденд төлеуді жалпы сомасы 300 млрд теңге көлемінде аяқтады.
  • 2025 жылғы 16 маусымда ҚМГ және SINOPEC «Березовский» барлау жобасы бойынша бірлескен қызмет және қаржыландыру туралы келісімдерге қол қойды.
  • 2025 жылғы 27 маусымда халықаралық рейтингтік агенттік S&P Global Ratings ҚМГ-нің кредиттік рейтингін «BBB-» деңгейіне көтерді. Бұл Компанияның жеке кредиттік қабілеттілігінің және қаржылық тұрақтылығының жақсаруы нәтижесінде мүмкін болды. Болжам – «тұрақты». 

Көрсеткіштер мен есептеу нәтижелері жуықтап көрсетілген. Сонымен қатар кезеңдерді салыстыру кезінде жуықталмай, нақты мәндер қолданылды. Компанияның пікірінше, дөңгелектеуге қатысы бар кез келген ықтимал түзетулер қаржылық нәтижелерге материалдық әсер етпеуі керек. 

Толық ақпаратты мына сілтеме бойынша оқуға болады: https://www.kmg.kz/ru/investors/reporting/ 

Байланыс:

ir@kmg.kz, тел: +7 (7172) 78 64 34 

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ туралы

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ – Қазақстанның вертикалды интеграцияланған жетекші мұнай-газ компаниясы. ҚМГ көмірсутектерді барлау мен өндіруден бастап тасымалдауға, қайта өңдеуге және мамандандырылған қызметтерді ұсынуға дейінгі бүкіл өндірістік цикл бойынша активтерді басқарады. 2002 жылы құрылған Компания еліміздің мұнай-газ саласында Қазақстанның мүддесін қорғайды. 

ҚМГ-ның негізгі активтері: 

  • Барлау және өндіру: «Өзенмұнайгаз» АҚ (ӨМГ) – 100%, «Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ) – 100%, «Қазақтүрікмұнай» ЖШС (ҚТМ) – 100%, «Үріктау Оперейтинг» ЖШС (ҮО) – 100%, Доңға[14] – 60%, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ (ММГ) – 50%, «Бірлескен кәсіпорын «Қазгермұнай» ЖШС (ҚГМ) – 50%, PetroKazakhstan Inc. (ПКИ) – 33%, «Қаражанбасмұнай» АҚ (ҚБМ) – 50%, «Қазақойл Актөбе» ЖШС (ҚОА) – 50%, «Урал Ойл энд Газ» ЖШС (УОГ) – 50%, «Теңізшевройл» ЖШС – 20%, Қарашығанақ[15] – 10%, Қашаған[16] – 16,88%. 
  • Тасымалдау: «ҚазТрансОйл» АҚ – 90%, «Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ – 100%, Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС (ҚҚҚ) – 50%, «СЗТҚ «МұнайТас» ЖШС – 51%, Каспий Құбыр Консорциумы[17] (КҚК) – 20,75%, «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК ЖШС (ҚМТФ) – 100%. 
  • Өңдеу және маркетинг: «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС (ПМХЗ) – 100%, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС (АМӨЗ) – 99,53%, KMG International N.V. – 100%, Petromidia – 54,62%, Vega – 54,62%, «KMG PetroChem» ЖШС – 100%, «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС (ПКOП) – 49,72%, «Бірлескен кәсіпорын «CASPI BITUM» ЖШС – 50%, «KC Energy Group» ЖШС – 49%, «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» (KPI) ЖШС – 49,5%, «Силлено» ЖШС – 40%. 
  • Басқа: «KMG Drilling & Services» ЖШС – 100%, «Oil Services Company» ЖШС – 100%, «Oil Construction Company» ЖШС – 100%, «Кен-Құрылыс-Сервис» ЖШС – 100%, «KMG Systems & Services» ЖШС – 100%, «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС (ҚазҒӨЗ) – 100%, «ҚазРосГаз» ЖШС (ҚРГ) – 50%, Mangistau Power B.V. – 49%.  

[1] Сомалар ыңғайлы болу үшін тиісті кезеңдегі орташа айырбастау бағамы бойынша АҚШ долларымен көрсетілген (2025 және 2024 жылдардың бірінші жартыжылдығындағы орташа бағамдар АҚШ долларына шаққанда тиісінше 512,05 және 449,09 теңгені құрады; 2025 жылғы 30 маусымда және 2024 жылғы 31 желтоқсанда – кезең соңындағы бағамдар АҚШ долларына шаққанда тиісінше 519,64 және 525,11 теңгені құрады). 
[2] Бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлесіне түзетілген таза пайда = Таза пайда + бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардан алынған дивиденд, минус бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлесін шегергендегі таза пайда. 
[3] Қаржылық есепті ұсыну мақсатында күтілетін кредиттік шығындар жалпы және әкімшілік шығыстар құрамынан шығарылды. 
[4] Дереккөз: S&P Global Platts 
[5] EBITDA = түсім плюс бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың кірістеріндегі үлес минус сатып алынған мұнайдың, газдың, мұнай өнімдерінің және басқа материалдардың өзіндік құны минус өндірістік шығыстар минус жалпы және әкімшілік шығындар минус тасымалдау және өткізу бойынша шығыстар минус табыс салығынан басқа салықтар 
[6] EBITDA түзетілген көрсеткіші = түсім плюс бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардан алынған дивиденд минус сатып алынған мұнайдың, газдың, мұнай өнімдерінің және басқа материалдардың өзіндік құны минус өндірістік шығыстар минус жалпы және әкімшілік шығыстар минус тасымалдау және өткізу бойынша шығыстар минус табыс салығынан басқа салықтар. 
[7] Бос ақша ағымы = негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді, инвестициялық жылжымайтын мүлікті және барлау мен бағалау активтерін сатып алуды алып тастағанда, операциялық қызметтен түскен ақша ағымы. Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардан алынған дивиденд операциялық қызметтен түскен ақша ағымына енгізілген. 
[8] Есепті кезеңнің соңындағы жалпы қарыз = облигациялар плюс қарыз (қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді). Берілген кепілдіктер есепке алынбаған. 
[9] Жалпы қарыз және таза қарыз 2024 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша көрсетілген. 
[10] Таза қарыз: облигациялар плюс қарыздар минус ақша қаражаты және олардың баламалары, минус банктік салымдар (қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді). Берілген кепілдіктер есепке алынбаған. 
[11] Өндірістік көрсеткіштер бірлескен және қауымдасқан компаниялардағы ҚМГ меншік үлесіне және шоғырландырылатын еншілес ұйымдар үшін көрсеткіштердің 100% сәйкес көрсетілген. Толық ақпаратты 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы өндірістік нәтижелерге арналған баспасөз хабарламасынан мына сілтеме бойынша оқи аласыз: https://www.kmg.kz/en/investors/reporting 
[12] 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында Компанияда шетел валюталарының теңгеге қатысты бағамының тұрақсыздығына байланысты активтерді қайта бағалаудан 23 млрд теңге (44 млн АҚШ доллары) мөлшерінде теріс бағамдық айырма қалыптасты. 
[13] Маңғыстау облысының 2021–2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары аясында, Жаңаөзен қаласы халқын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында, 2023 жылы «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның еншілес ұйымы – «Ak Su KMG» ЖШС Жаңаөзен қаласында теңіз суын тұщыту зауыты мен оның инфрақұрылымының құрылысын бастады. ҚМГ бұл нысанның өтелетін құнын нөлге тең деп есептейді және тиісінше 2025 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша, 2025 жылғы 30 маусымда аяқталған алты ай ішінде аталған құрылысты жүргізуге  жұмсалған шығындарды құнсызданған деп таныды. 
[14] Dunga Operating GmbH- Доңға жобасындағы 60% үлеске ие шоғырландырылған еншілес кәсіпорын. 
[15] «ҚМГ Қарашығанақ» ЖШС - Қарашығанақ жобасында 10% үлесі бар шоғырландырылған еншілес кәсіпорын. 
[16] ҚМГ Қашаған Б.В. ЖШЖК - Қашаған жобасындағы 16,88% үлесі бар шоғырландырылған еншілес кәсіпорын. 
[17] 19% тікелей ҚМГ-ға тиесілі, 1,75% Қазақстан Пайплайн Венчурс (KPV) арқылы.
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>