Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 2023 жылдың бірінші тоқсанындағы қаржылық нәтижелері

26.05.2023

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «КМГ», «Компания»), ұлттық мұнай-газ компаниясы, тәуелсіз аудитордың аралық қаржылық ақпаратын шолып тексеру нәтижелері жөніндегі есеппен 2023 жылғы 31 наурызда аяқталған үш ай үшін 34 «Аралық қаржылық есептілік» халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (ҚЕХС) сәйкес дайындалған аралық қысқартылған шоғырландырылған қаржылық есептілігін жариялайды. 

2023 жылдың бірінші тоқсанындағы негізгі қаржылық көрсеткіштер[1] – 2022 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда: 

  • Түсім 1 887 млрд теңгемен (4 149 млн АҚШ доллары) салыстырғанда 2 182 млрд теңгені (4 770 млн АҚШ долларын) құрады;
  • EBITDA көрсеткіші 550 млрд теңгемен (1 210 млн АҚШ доллары) салыстырғанда 596 млрд теңгені (1 304 млн АҚШ долларын) құрады;
  • Бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардағы пайда үлесін ескергенде, Компанияның таза пайдасы 288 млрд теңгемен (632 млн АҚШ доллары) салыстырғанда 332 млрд теңгені (726 млн АҚШ долларын) құрады;
  • Бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардағы пайда үлесіне түзетілген таза пайда[2] 96 млрд теңгемен (211 млн АҚШ доллары) салыстырғанда 112 млрд теңгені (245 млн АҚШ долларын) құрады;
  • Бос ақша ағыны минус 53 млрд теңгемен (минус 116 млн АҚШ доллары) салыстырғанда минус 162 млрд теңгені (355 млн АҚШ долларын) құрады;
  • 2023 жылғы 31 наурыздағы жалпы қарыз 4 143 млрд теңге (8 956 млн АҚШ доллары) мөлшеріндегі 2022 жылғы 31 желтоқсандағы көрсеткішпен салыстырғанда 4 229 млрд теңгені (9 362 млн АҚШ долларын) құрады;
  • Компанияның 2023 жылғы 31 наурыздағы таза қарызы 2 117 млрд теңгені (4 688 млн АҚШ долларын) құрады, бұл 2022 жылғы 31 желтоқсандағы көрсеткішпен салыстырғанда 2 143 млрд теңге (4 632 млн АҚШ доллары) деңгейінде. 

Көрсеткіштің атауы

Өлш.бірл.

2023ж. 1-т.

 2022ж. 1-т.

%

Мұнай, Dated Brent [3]

$/барр.

81,17

102,23

-20,6%

Мұнай, Dated Urals3

$/барр.

51,32

90,20

  -43,1%

Мұнай, KEBCO3

$/барр.

77,96

-

-

Орташа бағам

теңге/ АҚШ доллары

454,82

457,41

-0,6%

Түсім

млрд теңге

1 887

2 182

-13,5%

Бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардағы пайда үлесі

млрд теңге

192

273

-29,7%

Бірлесіп бақыланатын кәсіпорындардан және қауымдасқан компаниялардан алынған дивидендтер

млрд теңге

0,25

52

-99,5%

Таза пайда

млрд теңге

288

332

-13,4%

Бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардағы үлеске түзетілген таза пайда

млрд теңге

96

112

-14,1%

EBITDA[4]

млрд теңге

550

596

-7,7%

Түзетілген EBITDA көрсеткіші[5]

млрд теңге

359

376

-4,6%

Күрделі шығындар (есептеу әдісі бойынша)

млрд теңге

151

74

+105,1%

Күрделі шығындар (кассалық әдіс бойынша)

млрд теңге

189

91

+106,7%

Бос ақша ағыны[6]

млрд теңге

-53

162

- 132,4%

Жалпы қарыз[7]

млрд теңге

4 229

4 143[8]

+2,1%

Таза қарыз[9]

млрд теңге

2 117

2 1438

-1,2%

2023 жылдың бірінші тоқсанындағы өндірістік нәтижелер[10] – 2022 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда:     

  • Мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 8,7%-ға артып, 5 961 мың тоннаны құрады;
  • Мұнай тасымалдау көлемі 18 309 мың тоннамен салыстырғанда 18 858 мың тоннаны құрады;
  • Қазақстандық және румындық МӨЗ-де көмірсутек шикізатын өңдеу көлемі жиынтығында 8,1%-ға ұлғайып, 4 936 мың тоннаны құрады. 

2023ж. 1-т.

(ҚМГ үлесіне)

2022ж. 1-т.

(ҚМГ үлесіне)

%

Мұнай өндіру, мың тонна

5 961

5 484

+8,7%

Газ өндіру, млн м³

2 410

2 145

+12,3%

Мұнай тасымалдау, мың тонна

18 858

18 309

+3,0%

Мұнай өңдеу, мың тонна

4 936

4 566

+8,1%

2023 жылдың бірінші тоқсанындағы қаржылық нәтижелерге шолу 

Түсім 

Түсім 1 887 млрд теңгені (4 149 млн АҚШ долларын) құрады, бұл 2022 жылдың бірінші тоқсанындағы көрсеткіштен 13,5%-ға төмен. 

Түсім динамикасына Brent маркалы мұнайдың орташа бағасының тоқсанына 20,6%-ға төмендеуі теріс әсер етті. 

Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардағы пайда үлесі 

Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардағы пайда үлесі 29,7%-ға азайып, негізінен пайданың «Теңізшевройл» ЖШС-дан 71 млрд теңгеге (153 млн АҚШ доллары), «Маңғыстау Инвестментс Б.В.»-дан 24 млрд теңгеге (52 млн АҚШ доллары) төмендеуі нәтижесінде 192 млрд теңгені (421 млн АҚШ долларын) құрады. 

EBITDA 

EBITDA көрсеткіші 2023 жылдың бірінші тоқсанында мұнай мен газды барлау және өндіру сегментінің 28,6%-ға төмендеуі салдарынан 550 млрд теңгені (1 210 млн АҚШ долларын) құрап, 596 млрд теңгемен (1 304 млн АҚШ доллары) салыстырғанда 7,7%-ға қысқарды. Бұл төмендеу негізінен Мұнай мен газды барлау және өндіру сегменттегі 28,6%-ға төмендеуге байланысты Brent маркалы мұнайдың орташа бағасының 20,6%-ға төмендеуімен байланысты. 

Түзетілген EBITDA көрсеткіші 

Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың кірістеріндегі үлестің орнына бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардан алынған дивидендтерді көрсететін EBITDA түзетілген көрсеткіші 359 млрд теңгені (789 млн АҚШ долларын) құрап, 4,6%-ға төмендеген. 

Таза пайда 

Компанияның таза пайдасы 2022 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 13,4%-ға азайып, 288 млрд теңгені (632 млн АҚШ долларын) құрады. 

Бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың үлесіне түзетілген таза пайда 112 млрд теңгеден (245 млн АҚШ доллары) 96 млрд теңгеге (211 млн АҚШ доллары) дейін 14,1%-ға қысқарды. 

Өзіндік құн 

Есепті кезеңде сатып алынған мұнайдың, газдың, мұнай өнімдерінің және өзге де материалдардың өзіндік құны 29,6%-ға төмендеп, 1 032 млрд теңгеге (2 268 млн АҚШ доллары) жетті. Құнның төмендеуі негізінен мұнайдың орташа бағасының төмендеуіне байланысты қайта сату үшін сатып алынған мұнай құнының төмендеуіне байланысты. 

Операциялық шығыстар 

Өндірістік шығыстар 38,9%-ға өсіп, 260 млрд теңгені (572 млн АҚШ долларын) құрады, бұл көбінесе ҚМГ қатысатын өңірлердегі жұмыскерлерге жалақы төлеуге арналған шығыстардың және қысқа мерзімді жалдау бойынша сыйақыларға арналған шығыстардың өсуімен байланысты. 

Тасымалдау және өткізу бойынша шығыстар 61 млрд теңгені (134 млн АҚШ долларын) құрады, бұл 2022 жылдың бірінші тоқсанындағы көрсеткіштен 33,6%-ға жоғары. 

Жалпы және әкімшілік шығыстар 33 млрд теңгені (73 млн АҚШ долларын) құрап, 2022 жылдың бірінші тоқсанындағы деңгейде қалды. 

Табыс салығынан басқа салықтар 12,7%-ға өсіп, 142 млрд теңгеге (312 млн АҚШ доллары) жетті, бұл негізінен акциздік салық ставкасының ұлғаюына байланысты. 

2022 жылдың бірінші тоқсанында 259 млрд теңге (604 млн. АҚШ доллары) сомасындағы «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-ның Eximbank-тен алынған қарызды мерзімінен бұрын өтеу бойынша комиссия шығыстары болғандықтан, қаржылық шығыстар 77 млрд теңгені (168 млн АҚШ долларын) құрады, бұл 2022 жылғы ұқсас кезеңнің көрсеткішінен 10,0%‑ға аз. 

Күрделі шығындар

Компанияның күрделі шығындары (есептеу әдісі бойынша, сегмент есептілігінде ашылған) 151 млрд теңгені (332 млн АҚШ долларын) құрап, негізінен «Өзен-Атырау-Самара» құбырлары учаскесін ауыстыруға және «Астрахань-Маңғышлақ» магистральдық су ағызғысын қайта жаңарту мен кеңейту, сондай-ақ, "Қаламқас теңіз, Хазар, Әуезов" және "Жеңіс" жобалары бойынша шығындарға байланысты 105,1%-ға ұлғайды. 

Бос ақша ағыны 

Бос ақша ағыны 2022 жылдың бірінші тоқсанындағы 162 млрд теңгемен (355 млн АҚШ доллары) салыстырғанда минус 53 млрд теңгені (минус 116 млн АҚШ долларын) құрады. Көрсеткіштің теріс мәні кезеңде мұнай бағасының төмендеуімен, шикі мұнай мен мұнай өнімдерін өткізу көлемінің азаюымен, сондай-ақ күрделі шығындардың ұлғаюына байланысты.                                                 

Қарызды басқару

Қарыздық жүктеме көрсеткіштері

Көрсеткіштің атауы

Өлш.бірл.

2023 жылғы 31 наурыз

2022 жылғы 31 желтоқсан

%

Облигациялар

млрд теңге

3 253

3 282

-0,9%

Қарыз

млрд теңге

976

862

+13,2%

Жалпы қарыз

млрд теңге

4 229

4 143

+2,1%

Дөңгелектеу салдарынан сандар қосылмауы мүмкін. 

2023 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша жалпы қарыз 4 229 млрд теңгені (9 362 млн АҚШ долларын) құрап, 2022 жылғы 31 желтоқсандағы көрсеткішпен салыстырғанда теңгемен 2,1%‑ға, доллармен 4,5%-ға ұлғайды. 

2023 жылдың бірінші тоқсанында ҚМГ қарызындағы өзгеріс KMG International N.V. айналым капиталын қаржыландырумен байланысты: 240 млн АҚШ доллары (109,3 млрд теңге) сомасындағы синдикатталған қарыз, BCP-ден алынған 78 млн АҚШ доллары (35,5 млрд теңге) сомасындағы қарыз, Bank of Tokyo-Mitsubishi UFJ. Ltd-дан алынған 53,6 млн АҚШ доллары (24,4 млрд теңге) сомасындағы қарыз. 

2023 жылғы сәуірде қарыздық жүктемені төмендету мақсатында ҚМГ өтеу мерзімі 2025 жылға дейінгі 500 млн АҚШ доллары сомасындағы еурооблигацияларды мерзімінен бұрын толық өтеуді жүзеге асырды (жартыжылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікте ашылатын болады). 

Таза қарыз 

2023 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша таза қарыз 2 117 млрд теңгені (4 688 млн АҚШ долларын) құрады, бұл 2022 жылғы 31 желтоқсандағы көрсеткіштен теңге мәнінде 1,2%-ға төмен. Бұл ретте Қашаған үлесін кері сатып алу бойынша опционды орындағаны үшін «Самұрық-Қазына» АҚ алдындағы қалған берешекті ескергенде, Компанияның таза қарызы 2 280 млрд теңгені (5 048 млн АҚШ долларын) құрады. 

Ақшалай қаражат

Шоғырландырылған ақша қаражаты, олардың баламалары және депозит түріндегі ақша қаражаты

Көрсеткіштің атауы

Өлш. брл.

2023 жылғы 31 наурыз

2022 жылғы 31 желтоқсан

%

Ақша қаражаты және олардың баламалары

млрд теңге

971

763

+27,2%

Қысқа мерзімді депозиттер

млрд теңге

1 081

1 178

-8,2%

Ұзақ мерзімді депозиттер

млрд теңге

59

59

0,0%

Ақша қаражаты және оның баламалары және депозит түріндегі ақша қаражаты

млрд теңге

2 111

2 000

+5,6%

Шоғырландырылған ақша қаражаты, олардың баламалары, оның ішінде депозит түріндегі ақша қаражаты 2023 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша 2022 жылғы 31 желтоқсандағы көрсеткішпен салыстырғанда 5,6%-ға ұлғайып, 2 111 млрд теңгені (4 674 млн АҚШ долларын) құрады. Доллар мәнінде бұл көрсеткіш 2022 жылғы 31 желтоқсандағы 4 323 млн АҚШ доллары деңгейіндегі көрсеткішпен салыстырғанда 8,1%-ға өсті. 

2023 жылдың басынан бергі корпоративтік негізгі оқиғалар: 

  • 2023 жылғы 9 наурызда Standard&Poor's рейтингтік агенттігі Компанияның рейтингін «теріс» деген болжамын «тұрақты» етіп қайта қарап, «ВВ+» деңгейінде растады, бұл агенттіктің Қазақстанға қатысты рейтингтік әрекетін көрсетеді (рейтинг «ВВВ-» деңгейінде расталды, «теріс» деген болжамы «тұрақты» болып қайта қаралды).
  • 2023 жылғы 26 сәуірде ҚМГ өтеу мерзімі 2025 жылға дейінгі 500 млн АҚШ доллары сомасындағы еурооблигацияларды мерзімінен бұрын толық өтеуді жүзеге асырды.
  • 2023 жылғы 3 мамырда Standard&Poor's рейтингтік агенттігі мемлекеттік қолдау ықтималдығын "жоғары" деңгейден "өте жоғары" деңгейге көтерді, Компанияның рейтингі өзгеріссіз.
  • 2023 жылдың басынан бастап ҚМГ Директорлар кеңесі мен Басқармасының құрылымында жаңа тағайындаулар болды. 2023 жылғы 26 мамырдағы жағдай бойынша ҚМГ Директорлар кеңесінің құрамы 8 адамнан тұрады (Уолтон К.Д. – Директорлар кеңесінің төрағасы, Мырзағалиев М.М., Қарабалин Ұ.С., Жанәділ Е.Б., Холланд Ф.М., Миллер Т.Г., Жұбаев А.С., Бердіғұлов Е.Қ.), ҚМГ Басқармасының құрамы 9 адамнан тұрады (Мырзағалиев М.М. – Басқарма төрағасы, Абдулғафаров Д.Е., Закиров Б.Қ., Лавренов В.С., Макеев Д.С., Арысова Д.А., Брекешев С.А., Құдайбергенов Қ.М., Хасанов Д.К.).
  • 2023 жылдың мамыр айында ҚМГ Директорлар кеңесі 2022 жылдың қорытындысы бойынша алынған таза табыстан ҚМГ акционерлеріне дивиденд төлеуге 300 млрд теңге мөлшеріндегі соманы жіберуді ұсынды. 2022 жылы бір жай акцияға дивидендтер мөлшері 491,71 теңгені құрайды. Дивиденд төлеу туралы шешімді акционерлер 2023 жылғы 30 мамырда өтетін Акционерлердің жылдық жалпы жиналысында (АЖЖЖ) бекітуге тиіс. 

Толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша қол жетімді:

https://www.kmg.kz/investors/reporting/ 

Байланыс телефондары:

ir@kmg.kz

тел: +7 (7172) 78 64 34

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ туралы

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ Қазақстанның тігінен интеграцияланған жетекші мұнай-газ компаниясы болып табылады. ҚМГ көмірсутегілерді барлау мен өндіруден бастап, тасымалдау, өңдеу және мамандандырылған қызметтерді көрсетуге дейін барлық өндірістік цикл бойынша активтерді басқарады.  Компания 2002 жылы құрылды, еліміздің мұнай-газ саласында Қазақстанның мүдделерін білдіреді. 

ҚМГ негізгі активтеріне мыналар жатады: 

Барлау және өндіру: Өзенмұнайгаз (ӨМГ) – 100%, Ембімұнайгаз (ЕМГ) – 100%, Қазақтүрікмұнай (ҚТМ) – 100%, ҚазМұнайТеңіз – 100%, Өріктау (УО) – 100%, Маңғыстаумұнайгаз (ММГ) – 50%, Қазгермұнай (ҚГМ) – 50%, Қаражанбасмұнай (КБМ) – 50%, Қазақойл Ақтөбе (ҚОА) – 50%, ПетроҚазақстан Инк (ПКИ) – 33%, Теңізшевройл (Теңіз) – 20%, Қашаған – 16,88%, Қарашығанақ – 10%. 

Тасымалдау: ҚазТрансОйл – 90%, Қазақстан-Қытай Құбыры (ҚҚҚ) – 50%, МұнайТас – 51%, Батуми мұнай терминалы – 100%, Каспий Құбыр Консорциумы (КҚК) – 20,75%, Қазақтеңізкөлікфлоты – 100%. 

Өңдеу және өзгесі: ПМХЗ – 100%, АМӨЗ – 99,53%, ПКОП – 49,72%, KMG International – 100%, Петромидия – 54,63%, Вега – 54,63%, ҚазРосГаз – 50%, «Казахстан Петрокемикал Индастриз Инк.» ЖШС – 49,5%.

[1] Қолайлы болу үшін сомалар тиісті кезеңдегі орташа айырбас бағамы бойынша АҚШ долларында көрсетілген (2023 және 2022 жылдардың 1-тоқсанындағы орташа бағамдар сәйкесінше 454,82 және 457,41 теңге/АҚШ долларын құрайды; кезең соңындағы бағамдар – 2023 жылғы 31 наурызда және 2022 жылғы 31 желтоқсанда сәйкесінше 451,71 және 462,65 теңге/АҚШ долларын құрайды).

[2] Бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардағы пайда үлесіне түзетілген таза пайда = Таза пайда плюс бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардан алынған дивидендтер минус бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардағы пайдасы үлесі. 

[3] Дереккөз: S&P Global Platts.

[4] EBITDA = түсім плюс бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың кірістеріндегі үлес, нетто, минус сатып алынған мұнайдың, газдың, мұнай өнімдерінің және басқа материалдардың өзіндік құны минус өндірістік шығыстар минус жалпы және әкімшілік шығыстар минус тасымалдау және сату жөніндегі шығыстар минус табыс салығынан басқа салықтар.

[5] Түзетілген EBITDA көрсеткіші = түсім плюс бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардан алынған дивидендтер минус сатып алынған мұнайдың, газдың, мұнай өнімдерінің және басқа материалдардың өзіндік құны минус өндірістік шығыстар минус жалпы және әкімшілік шығыстар минус тасымалдау және сату жөніндегі шығыстар минус табыс салығынан басқа салықтар.

[6] Бос ақша ағыны = операциялық қызметтен алынған ақша ағыны минус негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді, инвестициялық жылжымайтын мүлікті және барлау және бағалау активтерін сатып алу. Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардан алынған дивидендтер операциялық қызметтен алынған ақша ағынына кіреді.

[7] Есепті кезеңнің соңындағы жалпы қарыз = облигациялар плюс қарыздар (қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді). Берілген кепілдіктер есепке енгізілмеген.

[8] Жалпы қарыз және таза қарыз 2022 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша көрсетілген.

[9] Есепті кезеңнің соңындағы таза қарыз: Облигациялар плюс қарыздар минус ақша қаражаты және олардың баламалары, минус банктік салымдар (қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді). Берілген кепілдіктер есепке енгізілмеген.

[10] Өндірістік көрсеткіштер бірлескен және қауымдасқан компаниялардағы ҚМГ-ның иелену үлесіне сәйкес және шоғырландырылған еншілес ұйымдар үшін 100% көрсеткіш көрсетілген. Толығырақ ақпарат 2023 жылдың бірінші тоқсанындағы өндірістік нәтижелер туралы баспасөз хабарында мына сілтеме бойынша қол жетімді: 1Q 23 Operating press-release KAZ.pdf

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>