Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ-ның мұнай өңдеу зауыттары кезең-кезеңімен маусымаралық дизель отынын өндіруге көше бастады

16.09.2026

Күзгі маусымға байланысты «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) мұнай өңдеу зауыттарының жұмыс кестесін түзетіп, маусымаралық дизель отынын өндіруді жеделдетуде.

Процестің ашықтығын қамтамасыз ету және ЖЖМ нарығына қатысушылардың іс-қимылын үйлестіру мақсатында ҚМГ Басқарма төрағасының орынбасары Әсет Мағауовтың төрағалығымен ірі жанармай құю станциялары желілерінің өкілдерімен кездесу өтті.

Ұлттық компанияның сарапшылары қатысушылардың сұрақтарына жан-жақты жауап беріп, технологиялық көшудің ерекшеліктері мен маусымаралық отынды жеткізу тәртібін түсіндірді. Жанармай құю станциялары желілерінің өкілдері кездесу ұйымдастырылып, қажетті ақпарат берілгені үшін алғыс білдірді.

Аталған отын түрін өндіруге көшу Қазақстанда ауа температурасының маусымдық төмендеуімен байланысты. Өндіріс көлемін сақтап, отынның қажетті төмен температуралық қасиеттерін қамтамасыз ету үшін зауыттарда заманауи депрессорлық-бытыратқыш қоспалар, оның ішінде еуропалық компоненттер негізінде Қазақстанда өндірілетін қоспалар пайдаланылады.

Атырау МӨЗ көшу процесін 10 қыркүйекте бастап, шекті сүзгілеу температурасын −5 −7 °C -қа жеткізді. 1 қазанға қарай бұл көрсеткіш −15 -17 °C -қа жетеді.  

Шымкент МӨЗ 20 қыркүйекте шекті сүзгілеу температурасы −5 −7 °C болатын маусымаралық дизель отынын өндіруге көшеді. 1 қазаннан бастап парафинсіздендіру реакторын іске қосу арқылы көрсеткішті −15 −17 °C-қа жеткізеді.  

Жергілікті климаттық жағдайларды ескере отырып, Павлодар МХЗ 1 қазаннан бастап бірден −15–17 °C көрсеткішіне көшеді.

Үш мұнай өңдеу зауыты да ДТ-Е-К4 маркалы маусымаралық дизель отынын өндіреді.

Өнім сапасы МЕМСТ 32511-2013 және КО ТР 013/2011 талаптарына сәйкес бақыланады. Барлық реагенттер көпсатылы зертханалық талдаудан өтеді, сондықтан сақтау кезінде тұрақты әрі қозғалтқыштар үшін қауіпсіз. «ҚазМұнайГаз» сарапшылары кездесуге қатысушыларға түсіндіргендей, техникалық регламент талаптарына сәйкес отын құрамында кез келген қоспаның бар екені туралы мәліметтер қоспаның қай жерде енгізілгеніне қарамастан оның әрбір партиясына берілетін сапа паспортында көрсетілуі тиіс. Егер жанармай құю бекеттерінде немесе өзге мұнай базаларында келген отынға қосымша қоспалар енгізілсе, олар сол партияға зауыттық циклде енгізілген қоспалар ғана көрсетілген бастапқы сапа паспортының орнына жаңа паспорт рәсімдеуге міндетті.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>