Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» инвесторлар үшін климат туралы есебін жария ету көрсеткіштерін 2 есе жақсартты

28.07.2023

CDP Климат туралы есептілікті жария ету күні қарсаңында World Benchmarking Alliance әлемдегі 100 негізгі мұнай-газ компанияларының арасында көміртегіні төмендетуге көшуді (ACT) және әлеуметтік көрсеткіштер бойынша тиімділікті бағалауға негізделген Oil and Gas Benchmark 2023 рейтингін жариялады. ҚазМұнайГаз 2023 жылы былтырғы 77-ші орыннан 37-ші орынға көтерілді.

Рейтингпен толығырақ танысу үшін worldbenchmarkingalliance.org сілтемесіне өтуге болады.

25 шілдеде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ, Компания) «Көміртегі туралы есептілік жобасы» (The Carbon Disclosure Project, CDP) жаһандық климаттық бастамасы шеңберінде парник газдарының шығарындылары бойынша, сондай-ақ су ресурстарын басқару саласында 2022 жылға арналған есебін ерікті түрде жариялады.

Халықаралық климат туралы есептілікті жетілдіру – ҚМГ-нің 2022-2031 жылдарға бекітілген Көміртек ізін төмендетуді дамыту бағдарламасын іске асыру басымдықтарының бірі. ҚазМұнайГаз парник газдарының тікелей және жанама шығарындыларының көлемі туралы, барлық активтер бойынша су ресурстарын басқару туралы деректерді өз еркімен жария етеді, оларды тәуелсіз тексеруден өткізеді, сондай-ақ халықаралық қоғамдастықпен климаттың өзгеруі және суды үнемдеу мәселелері жөніндегі корпоративтік стратегия, парник газдары шығарындылары мен су ресурстарын басқарудың нәтижелілігі, негізгі тәуекелдер мен мүмкіндіктер туралы ақпаратпен бөлісіп отыр.

Сонымен қатар, ҚМГ биыл климатқа байланысты тәуекелдерді бағалауға және олардың компания қызметіне тигізетін қаржылық әсеріне назар аударып, TCFD (Task Force on Climate-related Financial Disclosures) қағидаттарына сәйкес климаттың өзгеруіне байланысты қаржылық ақпаратты жариялау бойынша есепті енгізу жұмысын бастады.

Бұл жұмыс тұрақты даму және ESG қағидаттарын енгізу бойынша есептілікті қолдау мақсатында жүргізіледі. Экологияға қатысты ақпараттың баршаға қолжетімді болуын және Компанияның табиғатты қорғау қызметі туралы қоғам, акционерлер, мүдделі мемлекеттік органдар мен басқа да тараптардың алдында ашықтығын қамтамасыз ету — ҚМГ Экология бойынша саясаты мен Тұрақты даму саласындағы саясаты белгілейтін қағидалардың бірі. Сонымен қатар биыл компания ҚМГ компаниялар тобы бойынша Су ресурстарын басқару жөніндегі ұзақ мерзімді бағдарламаны әзірлеп жатқанын хабарлаймыз.

CDP сауалнамаларымен толығырақ танысу үшін kmg.kz сілтемесіне өтуге болады.

Анықтама:

«Carbon Disclosure Project» туралы

2000 жылдан бері қолданысқа енген Көміртегі туралы есептілік жобасы (The Carbon Disclosure Project — CDP) парник газдарының шығарындылары туралы ақпаратты жария ету әдіснамасы мен процесінің үздік стандартына айналды. Ол — әлемдік нарық үшін климаттың өзгеруі саласындағы маңызды деректер көзі. CDP көміртегі туралы есептің электронды дерекқоры инвесторлар инвестициялық шешім қабылдағанда пайдаланатын корпоративтік парник газдарының шығарындылары (GHG) және климаттың өзгеруі саласындағы корпоративтік стратегиялары туралы толық ақпаратты қамтитын әлемдегі ең ауқымды тізім. CDP құрамына 130 триллион доллардан астам активі бар 700-ден астам инвестор кіреді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>