Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

CASPI BITUM өндіріс қарқынын үдетіп, өнімді жөнелту көлемін ұлғайтуда

22.09.2026

ҚМГ-ның еншілес кәсіпорны биылғы сегіз айда 221 мың тонна жол битумын өндірді. Бұл былтырғы осындай кезеңдегі көрсеткішпен салыстырғанда шамамен 50% артық.

Жөнелтілген өнім көлемі 147 мың тоннадан 220 мың тоннаға дейін ұлғайды. Өсім - 50% жуық.

Зауыт «өндірілді – жөнелтілді» қағидаты бойынша жұмыс істейді, яғни қоймада қор жинамайды.

Тамыз айының қорытындысы бойынша автокөліктерге битум құю көлемі былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 15,9 мың тоннадан 20,5 мың тоннаға немесе 28,9% артты. Жөнелтілген автокөлік саны 677 бірлікке жетіп, 30,2% ұлғайды. Өсімнің басты факторы – электрондық кезектің енгізілуі. Осы бастаманың нәтижесінде учаскенің өткізу қабілеті 25% өсті.

Өнім тасымалдаудың негізгі арнасы бойынша да оң динамика байқалады. Теміржол арқылы жөнелту көлемі 71,7%-ға артып, 43,7 мың тоннаға жетті. Тиелген вагон-цистерналар саны 408-ден 702 бірлікке дейін, яғни 294 цистернаға артты. Бір жылда өнім жіберу көлеміндегі теміржол үлесі 61,5%-дан 69,4% дейін өсті.

Айта кетсек, CASPI BITUM сонымен қатар қапталған битумды да өндіреді. Өнімді кез келген климаттық жағдайда сақтап, жөнелтуге болады.

Жалпы, зауыт ауқымды жаңғыртудан өткеннен кейін жол құрылысы саласының дамуына елеулі үлес қосып келеді. Ішкі нарықты отандық жоғары сапалы битуммен тұрақты қамтамасыз етіп, импортқа тәуелділікті төмендетуге ықпал етуде.

Кәсіпорын жыл сайын Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығында сертификаттаудан өтіп, өнімнің белгіленген сапа стандарттарына, техникалық регламенттер мен қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растайды.

Биыл «Bureau Veritas» тәуелсіз инспекциялық-сертификаттау компаниясы Антверпен қаласындағы (Бельгия) өз зертханасында Ақтау битумын тексеріп, оның сапасы Еуропалық Одақ талаптарына сәйкес екенін растады. Бұдан бұрын зауыт өніміне «Мұнай-химия өңдеу институты» АҚ (Уфа қ., Ресей) және «Société Générale de Surveillance» (Швейцария) осындай оң баға берген болатын. Жалпы, зауыт іске қосылған сәттен бастап бүгінгі күнге дейін битумның сапа талаптарына сай келмеуінің бірде-бір фактісі тіркелмеді. 

Толығырақ ҚМГ сайтынан оқи аласыздар.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>