Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

CASPI BITUM өндіріс қарқынын үдетіп, өнімді жөнелту көлемін ұлғайтуда

22.09.2026

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес ұйымы – «CASPI BITUM» БК» ЖШС 2026 жылдың сегіз айында былтырғы осындай кезеңдегі 148 мың тонна көрсеткішпен салыстырғанда 221 мың тоннадан астам жол битумын өндірді. Өсім шамамен 50% жетті. Өнімді жөнелту көлемі де 147 мың тоннадан 220 мың тоннаға дейін өсті (+49%).

Өнім жөнелту көлемі өндіріс қарқынымен қатар жүріп келеді: зауыт қоймада қор жинамай, «өндірілді – жөнелтілді» қағидатымен жұмыс істеп тұр. Битум тек ыстық күйде ғана — тікелей битум тасымалдаушы автомобильдерге және теміржол цистерналарына құйылатындықтан, оны ұзақ уақыт сақтауға болмайды. Ал маусымдық сұраныстың күрт артуына байланысты өнімді дәл ең жоғары кезеңдегі айларда жөнелтуге үлгеру маңызды. Сондықтан мұндай жұмыс ритмі кәсіпорын үшін айрықша маңызды.

Автокөлікпен жөнелту

2026 жылдың тамыз айының қорытындысы бойынша битумды автокөлікке құю көлемі 2025 жылғы тамыздағы 15,9 мың тоннадан 20,5 мың тоннаға дейін ұлғайды, яғни өсім 4,6 мың тоннаны немесе 28,9% құрады. Жөнелтілген автокөлік саны 520-дан 677 бірлікке дейін (157 көлікке немесе 30,2%) артты. Өсімнің басты факторы – электронды кезек жүйесінің енгізілуі болды. Нәтижесінде учаскенің өткізу қабілеті 25% өсті.

«Өнім жөнелту көлемі өндіріс қарқынымен бір деңгейде: біз битумды қоймада сақтамаймыз, оны бірден тұтынушыларға жіберіп отырамыз. Ендігі мақсатымыз – маусымдық факторын жойып, зауыт пен жол құрылыс компанияларын жыл бойы жұмыс істейтіндей етіп қамтамасыз ету», – дейді кәсіпорын өкілдері.

Учаскенің жұмыс сипаты да өзгерді. Бұрын маусымдық кезеңде жөнелту көлемі тұрақсыз болып келді, ал 2026 жылғы тамыздың алғашқы 15 күнінде орташа тәуліктік жөнелту көлемі былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 396 тоннадан 574 тоннаға дейін өсті (+45%). 20 және одан да көп көлікке өнім тиеу жүргізілген күндер саны 6 тәуліктен 19 тәулікке дейін көбейді. Қазіргі таңда өндіріс тоқтамай, жүріп жатыр. Бір тәулікте жөнелтілетін ең төменгі көрсеткіші 4 көліктен 10 көлікке дейін өсті, ал орта есеппен тәулігіне 16-дан 25 көлікке дейін артты (айдың соңғы күндерінде ең көп дегенде 28 машина болды).

Бұл қалай жұмыс істейді?

Қағаз журналды толтыру үшін тізіліп кезекке тұрудың орнына енді расталған әрі төлемі жүргізілген өтінім бойынша электрондық кезек жүйесі қолданылады. Жүргізуші электрондық терминал арқылы көлік құралын тіркейді және кезек нөмірі көрсетілген талон алады. Ағымдағы және келесі кезектегі нөмірлер, сондай-ақ бос бекетке шақырту электрондық тақтада көрсетіледі.

Жүйеде қатаң тәртіп қарастырылған: егер көлік шақырылғаннан кейін 5 минут ішінде шлагбаумға келмесе, оның талон нөмірі кезектен алынып тасталып, автокөлік кезектің соңына ауыстырылады. Нәтижесінде көлікті қабылдау процесі үздіксіз болды: битум құйылып жатқан көліктен кейін бірден кезекте тұрғаны кіргізіледі. Құю операциялары арасындағы уақыттың қысқаруы учаскенің өткізу қабілетін 25% артып, кезекті ұйымдастырудағы адами фактордың әсерін азайтты. Зауыт тәулік бойы үздіксіз жұмыс тұр, өнім жөнелтілуде. Көліктерге битум құю учаскесінде екі бекет бар,сорғы жабдықтарының өнімділігі сағатына 50 м³ құраса, бір автоцистернаны толтырудың орташа уақыты – шамамен 1 сағат 26 минут.

Теміржол арқылы жөнелту

Өнімді теміржолмен жөнелту көлемі 25,4 мың тоннадан (2025 жылғы тамыз) 43,7 мың тоннаға (2026 жылғы тамыз) дейін немесе 18,2 мың тоннаға (+71,7%) ұлғайды. Тиелген вагон-цистерналардың саны 408-ден 702 бірлікке, яғни 294 цистернаға (+72,1%) өсті.

Теміржол – өнімді экспортқа шығарудың негізгі арнасы болып қала береді, сондай-ақ автокөліктерге битум құю әдісіне қарағанда қарқын алуда: бір жыл ішінде оның битумды жөнелтудегі үлесі 61,5%-дан 69,4% дейін өсті.

«Теміржол – бұл өнімді сыртқа шығарудың басты арнасы. Дәл осы бағыт жаңғырту жобасының тиімділігін айқын көрсетіп отыр: бір жылда жүктеу нормасын өзгертей-ақ, теміржол цистерналарына құйылатын битум көлемін екі есеге жуық арттырдық. Бұрынғыдай тұрақсыз емес, күн сайынғы бірқалыпты жұмыс кестесі зауыт пен вагондарды беру процесінің үйлесімді ұйымдастырылғанын көрсетеді. Соның нәтижесінде битум резервуарларда жиналып қалмайды. Ендігі міндетіміз – осы қарқынды жыл бойы сақтап қалу», – деп атап өтті кәсіпорын өкілдері.

Әлемдік сапа

Зауыт жыл сайын Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығында сертификаттаудан өтіп, өнімнің белгіленген сапа стандарттарына, техникалық регламенттер мен қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растайды.

Биыл «Bureau Veritas» тәуелсіз инспекциялық-сертификаттау компаниясы Антверпен қаласындағы (Бельгия) өз зертханасында Ақтау битумын тексеріп, оның сапасы Еуропалық Одақ талаптарына сәйкес екенін растады. Бұдан бұрын зауыт өніміне «Мұнай-химия өңдеу институты» АҚ (Уфа қ., Ресей) және «Société Générale de Surveillance» (Швейцария) осындай оң баға берген болатын. Жалпы, зауыт іске қосылған сәттен бастап бүгінгі күнге дейін битумның сапа талаптарына сай келмеуінің бірде-бір фактісі тіркелмеді.

Елімізге тигізетін пайдасы қандай?

Жалпы, зауыт ауқымды жаңғыртудан өткеннен кейін жол құрылысы саласының дамуына елеулі үлес қосып келеді. Ішкі нарықты отандық жоғары сапалы битуммен тұрақты қамтамасыз етіп, импортқа тәуелділікті төмендетуге ықпал етуде.

ҚМГ тобының жиынтық өндірістік қуаты Ақтауда жылына 750 мың тоннаны және Павлодарда шамамен 500 мың тоннаны құрайды. Бұл еліміздің жылына 1,2 млн тонна жол битумына деген сұранысын толық қамтамасыз етеді.

Анықтама: CASPI BITUM – Ақтау қаласындағы мамандандырылған битум зауыты, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен қытайлық CITIC Resources Holdings Limited компаниясының бірлескен кәсіпорны. 2025 жылғы жаңғыртудан кейін зауыттың өндірістік қуаты жылына 1,5 млн тоннаға дейін мұнай өңдеуге және 750 мың тоннаға дейін жол битумын өндіруге дейін кеңейді. Шикізат – Қаражанбас кен орнының мұнайы. Сонымен қатар зауытта еліміздегі ең ірі полимерлі-модификацияланған битум өндіру қондырғысы орнатылған. Ол жылына 200 мың тоннаға дейін модификацияланған битум өндіруге қауқарлы.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ