Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚазМұнайГаз Ақтауда қайырымдылық марафонын өткізді

01.06.2025

«Munaily Marathon-2025» жарысына 1000 адам қатысты. Олардың қатарында ҚазМұнайГаз және оның еншілес компанияларының қызметкерлері, кәсіби спортшылар мен Маңғыстау облысының тұрғындары болды.
 
Қатысушылар 5 км және 10 км қашықтықты жүгіріп өтті. Марафон Мемлекет басшысы жариялаған «Жұмысшы мамандықтар жылына» орай ұйымдастырылды.
 
ҚМГ басшысы әрбір қатысушыға алғыс білдіріп, «Munaily Marathon-2025» ауызбіршілік пен әлеуметтік жауапкершіліктің жарқын үлгісі болғанын атап өтті.
 
А.Хасенов қайырымдылық марафон барысында жиналған барлық қаражат Жаңаөзен қаласында ерекше балаларға көмек көрсететін «Балақай» оңалту орталығына жіберілетінін айтты. 

ҚазМұнайГаз бұқаралық спортқа қашанда қолдау көрсетеді. Қайырымдылық бастамаларға үнемі атсалысып, қызметін жүргізетін өңірлерде әлеуметтік жобаларды белсенді іске асырып келеді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>